A A A A A

Sins: [Cursing]


Қолостықтар 3:8
Ал мына қылықтарды енді тастаңдар: ашу-ыза, кек сақтау, қаралау, бейпіл ауыздық;

Қолостықтар 4:6
Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.

Ефес 4:29
Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін.

Ефес 5:4
Сендерге әдепсіздік жасау, ақымақ сөз бен тұрпайы қалжың айту емес, шүкірлік ету жарасымды.

Көшіп Шығу 20:7
Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма! Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды.

Джеймс 1:26
Өзін діншілмін деп санағанмен, тіліне ие бола алмайтын әркім өзін-өзі алдап жүр. Оның діншілдігі еш пайдасыз.

Джеймс 3:10
Осылайша алғыс та, қарғыс та бір ауыздан шығады. Бауырластарым менің, бұлай болмасын!

Джеймс 3:5-12
[5] Сол сияқты, тіл де дененің кішігірім мүшесі бола тұра, ғаламат нәрселермен мақтанады. От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады![6] Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш. Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді де өртеп, құрта алады.[7] Әртүрлі аңдар мен құстарды, бауырымен жорғалаушылар мен теңіз жануарларын адам өз еркіне бағындырып келді және бағындыруда.[8] Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды! Тіл — бағынуға көнбейтін жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы.[9] Біз тілімізбен Жаратқан Ие — Құдай Әкеге алғыс айтып, Оны дәріптейміз. Алайда Құдай рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратқан адамдарды сол тілімізбен қарғаймыз да![10] Осылайша алғыс та, қарғыс та бір ауыздан шығады. Бауырластарым менің, бұлай болмасын![11] Бұлақ көзінен бір мезгілде тұщы да, ащы да судың шығуы мүмкін бе?[12] Бауырластарым, ойлаңдаршы: өрік ағашы зәйтүн жемісін немесе жүзім бұтасы өрік жемісін бере ала ма? Әрине, бермейді. Дәл сол сияқты, ащы су шыққан бұлақтан тұщы су да шықпайды.

Леуіліктер 20:9
Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса, ол өлтірілсін! Сол адам әке-шешесін жамандағандықтан, оның төгілген қаны өзінің мойнында.

Лұқа 6:28
қарғайтындарға да игілік тілеп, өкпелететіндер үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер!

Матай 5:22
Ал Мен сендерге былай деймін: кімде-кім басқа адамға кәрін төксе, сол сотталмақ. Басқаны Сенен еш пайда жоқ! деп балағаттайтын әркім Жоғарғы кеңес алдында жауап бермек, ал Құдайдан безген ақымақ! деп жамандайтындар тозақ отына түседі.

1 Петір 3:10
Забурда мынадай сөздер жазылған ғой: Өмірді ұнатып, жақсы күндерді көруді қалағандар ауыздарынан жаман сөз шығармасын, өтірік айтудан да әрқашан сақтансын!

Матай 15:11
адамның аузынан енген нәрселер оны арамдай алмайды. Керісінше, аузынан шыққандары адамды арамдайды.

Нақыл Сөздер 18:21
Тілде өмір мен өлімнің билігі болар, Сөзге үйір соның жемісін татар.

Забур 109:17
Даналықтың бастауы — терең қастерлеу Жаратқан Иені әрі Оған шын бағыну, Мұны ұстанған әркім парасатты болады. Иеміз мәңгі бақи мадақталады!

Римдіктер 12:14
Өздеріңді қудалағандарға Құдайдан жақсылық тілеңдер, оларды қарғамай, ақ баталарыңды беріңдер!

2 Патшалықтар 2:23-24
[23] Сол жерден Еліше (қыратты жердегі) Бетелге көтеріліп барды. Жолшыбай оған сол қаладан шыққан бір топ жасөспірім кездесе кетті. Олар Елішені келекелеп: Әй, тақырбас, көтеріле бер! Әй, тақырбас, көтеріле бер! — деп айқайлап мазақтады.[24] Еліше кері бұрылып оларға қарап, Жаратқан Иенің атынан қарғыс айтты. Сонда лезде орманнан екі ұрғашы аю шыға келіп, жасөспірімдердің қырық екісін жарып тастады.

Матай 15:10-11
[10] Содан Иса жиналған жұртты қасына шақырып алып, оларға былай деп ескертті: Құлақ салып, жақсылап ұғып алыңдар:[11] адамның аузынан енген нәрселер оны арамдай алмайды. Керісінше, аузынан шыққандары адамды арамдайды.

Джеймс 3:8-10
[8] Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды! Тіл — бағынуға көнбейтін жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы.[9] Біз тілімізбен Жаратқан Ие — Құдай Әкеге алғыс айтып, Оны дәріптейміз. Алайда Құдай рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратқан адамдарды сол тілімізбен қарғаймыз да![10] Осылайша алғыс та, қарғыс та бір ауыздан шығады. Бауырластарым менің, бұлай болмасын!

Матай 15:18-20
[18] Бірақ адамның аузынан шыққандары оның жүрегінен, яғни ішкі дүниесінен, шығады. Адамды арамдайтын, міне, осылар![19] Себебі жүректен шығатындар мыналар: жаман ойлар, кісі өлтіру, неке адалдығын бұзу, азғындық, ұрлық, өтірік, жамандау.[20] Осылар адамды арамдайды. Ал қол жуу рәсімін орындамастан тамақ ішу ешкімді арам қылмайды.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010