A A A A A

Sins: [Addiction]


1 Қорынттықтарға 10:13-14
[13] Сендер әлі күнге дейін қатты сыналған жоқсыңдар, еліктірген жағдайлар әдетте адамдардың бастарына түсіп жүргендегідей ғана болып келді. Ал Құдай Өзінің уәдесіне берік: Ол төзімдеріңнен артық сыналуларыңа жол бермейді. Еліктірілген кездеріңде соған шыдауға күш-қуат беріп, құтылып шығудың лайықты жолымен қамтамасыз етеді.[14] Сондықтан, сүйікті бауырластарым, жалған тәңірлерге құлшылық етуден аулақ жүріңдер!

1 Жохан 2:16
Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған.

1 Қорынттықтарға 15:33
Мұндайды айтқандарға алданып қалмаңдар! Араммен араласып жүрген жан Айырылар адал салтынан делінген.

Джеймс 4:7
Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар! Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.

1 Қорынттықтарға 6:12
Кейбіреулерің: Не істесем де еріктімін, — дейсіңдер. Алайда бәрі бірдей тиімді емес. Не істесем де еріктімін. Дегенмен өзімді құл ететін еш нәрсенің билігінде болмауым керек.

1 Петір 5:10
Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды.

Забур 50:15
Қылмыскерлерге ақ жолыңды үйретейін, Күнәкарлар сонда Саған бұрмақ беттерін.

Римдіктер 5:3-5
[3] Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз.[4] Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді.[5] Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.

1 Қорынттықтарға 6:9-11
[9] Әділетсіздердің Құдайдың Патшалығынан орын алмайтынын білмейсіңдер ме? Алданбаңдар: азғындар, жалған тәңірлерге құлшылық етушілер, неке адалдығын бұзушылар, нәпсіқұмарлар, еркекжанды еркектер,[10] ұрылар, дүниеқоңыздар, маскүнемдер, өсекшілер және тонаушылар үшін Құдайдың Патшалығында орын жоқ![11] Бұрын кейбіреулерің сондай болдыңдар. Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар.

Титус 2:12
Ол бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ және Құдайға ұнамды өмір сүруге бағыттайды.

Джеймс 1:2-3
[2] Бауырластарым менің, сендер алуан түрлі қиын сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар.[3] Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер.

Еврейлерге 4:15-16
[15] Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.[16] Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз.

Джон 3:16-17
[16] Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.[17] Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді.

Філіпіліктер 4:13
Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.

Забур 95:8
Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер, Оның аулаларына сый-тарту әкеліңдер,

Матай 6:13
Азғырылуымызға жол бермей, Бізді жамандықтан сақтай гөр. (Патшалық, құдірет және ұлылық Мәңгі бақи Сенікі! Аумин.)

Матай 26:41
Азғырылмау үшін сергек болып, сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал, — деді.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010