A A A A A

Sins: [Abortion]


1 Қорынттықтарға 1:27
Бірақ осы дүние кімдерді ақымақ деп санаса, Құдай данышпан-ақылгөй делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. Және осы дүние күшсіз деп тапқандарды Құдай күштілерді ұялту үшін Өзіне таңдады.

Қайталау 24:16
Не балаларының істері үшін әкелерін, не әкелерінің істері үшін балаларын өлімге кесуге болмайды. Әркім тек өз қылмысы үшін ғана өлімге кесіледі.

Қайталау 30:19
Мен бүгін сендерге қарсы көк пен жерді айғақ болуға шақырып отырмын: таңдап алуларың үшін өмір не өлім, жарылқау не қарғыс әкелетін жолдарды алдарыңа жайып салдым. Ендеше өмірді таңдап алсаңдар ғой! Осылай өздерің де, ұрпақтарың да аман-есен өмір сүріп,

Ғалаттықтар 1:15
Исаның Өзінің рухани Ұлы екендігін ашып білдіріп, Ол туралы Ізгі хабарды яһудилерден басқа халықтардың арасына таратуға бұйырды. Сонда мен осы жайлы ешбір адамнан ақыл сұраған жоқпын,

Ишая 43:25
Енді даулы мәселені талқыға салайық: жасаған жақсылықтарыңды есіме түсіріңдер, ақталуларың үшін істеріңді ашық көрсетіңдер!

Ишая 44:24
Сені ана құрсағында қалыптастырған, әрі туысқан қамқоршыңдай құтқарып алған Жаратқан Ие мынаны айтады: — Мен, Жасаған Ие, бүкіл әлемді жараттым. Жалғыз Өзім аспан кеңістігін жайып жіберіп, өз құдіретіммен жер бетін де жайып тастадым.

Ефес 1:7
Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Осылайша Құдай Өзінің шексіз зор рақымын

Көшіп Шығу 4:11
Ал Жаратқан Ие: — Адамға тілді бітірген кім? Оны мылқау не саңырау, көретін не соқыр ете алатын кім? Соны істей алатын Жаратқан Ие, Өзім, емеспін бе?

Ишая 64:8
Алайда, о, Жаратқан Ие, Сен рухани Әкемізсің. Сен құмырашыға, біз саз балшыққа ұқсаймыз. Бәріміз Сенің қолыңнан шыққан жаратылысыңбыз.

Еремия 1:5
— Мен сені шешеңнің құрсағында жаратпастан бұрын-ақ білген болатынмын. Анаңның құрсағынан шықпай тұрып-ақ сені өз қызметіме бағыштап, халықтарға пайғамбар болуға тағайындап белгіледім. —

Забур 100:3
Арам нәрселерге еш көз салмаймын, Опасыздардың істерін мүлдем ұнатпаймын, Өзіме жабысуларына мүмкіндік бермеймін.

Забур 127:3
Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі Жемісті жүзім бұтасы секілді, Ал ұл балаларың дастарқан басындағы Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.

Лұқа 2:6-7
[6] Олар Бетлехемде болғанда Мәриямның босанатын уақыты жетіп,[7] тұңғыш Ұлын тапты. Оны құндақтап, қорадағы шөп салатын ақырға жатқызды. Себебі қонақүйде оларға орын болмады.

Ефес 1:3-4
[3] Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдай мадақталсын! Ол бізді Мәсіх арқылы жарылқап, көктегі әр қилы рухани игіліктерді сыйлады.[4] Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді.

1 Қорынттықтарға 6:19-20
[19] Әлде денелеріңнің Киелі Рух мекендейтін киелі үй екенін білмейсіңдер ме? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңнан орын алды. Енді өз меншіктерің емессіңдер,[20] Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!

Ишая 45:9-11
[9] Өзін жаратқан Құдайды сынап, шағым айтқан пенде қасіретке қалады! Ол саздан жасалған ыдыстың сынығына ұқсайды. Әлде саз балшықтың құмырашыны: Не істеп отырсың? — деп сынауына бола ма? Немесе өзің жасап жатқан бұйымыңның сен туралы: Қолынан түк келмейді, — деп наразылық білдіруіне қақысы бар ма?![10] Әкесіне: Мені неге дүниеге келтірдіңіз? — шешесіне: Неге мені тудыңыз? — деген әркім де қасіретке ұшырайды![11] Исраил халқы сиынған Киелі Құдай, оны жаратқан Тәңір Ие, тағы мынаны айтады: Сендер Маған болашақтағы жайттар туралы сұрақ қоясыңдар ма?! Рухани балаларым және қолымнан шыққан істерім жөнінде бұйрық бересіңдер ме?!

Көшіп Шығу 21:22-25
[22] Біреулер төбелесіп, аяғы ауыр әйелді ұрып, ол түсік тастап, бірақ өзіне содан басқа зақым келмесе, онда кінәлі кісі әйелдің күйеуіне оның талабы мен төрешілердің шешіміне сай айып төлеуге тиіс.[23] Ал әйелдің өзіне де зақым келтірілсе, онда мына аралықта ғана кек алынсын: жанға жан,[24] көзге көз, тіске тіс, қолға қол, аяққа аяқ беріліп,[25] күйік үшін күйдірілсін, жарақат үшін жарақатталсын, көгерген үшін көгертілсін.

Забур 139:13-16
[13] Жаратқан жайлы білемін мына жайтты: Бейшараның хұқығын Ол сақтайды, Мұқтаждың мүддесін қолдап-қорғайды,[14] Иә, әділдер атыңды мадақтайды, Адал жандар көз алдыңда жасайды.[15] (Дәуіттің жыры.) Уа, Ием, Сені шақырамын, асыға гөр, Жалбарынған даусыма құлақ сала гөр,[16] Дұғам алдыңа жетсін жұпар тартудай, Саған қол жайғаным кешкі құрбандықтай.

Лұқа 1:41-44
[41] Елізабет Мәриямның берген сәлемін естігенде, ішіндегі нәрестесі тыпырлап кетті. Елізабет Киелі Рухқа кенеліп,[42] қатты дауыстап былай деді: — Құдай әйелдердің арасында сені жарылқаған, құрсағыңдағы Нәрестені де жарылқаған![43] Иемнің шешесі маған келетіндей мен соншама кім едім?[44] Көрдің бе, сәлем берген даусың құлағыма жеткенде, ішімдегі балам қуанып, тыпырлап қоя берді!

Көшіп Шығу 20:1-13
[1] Сол кезде Құдай (халыққа арнап) мына сөздердің бәрін айтты:[2] Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін.[3] Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын![4] Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама![5] Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,[6] ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін.[7] Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма! Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды.[8] Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол![9] Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер,[10] ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер![11] Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі.[12] Ата-анаңды сыйла! Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.[13] Кісі өлтірме!

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010