A A A A A

Mysteries: [Dragons]


Езекиел 29:3
Оларға тіл қатып былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен саған қарсы шығамын, ей, Мысыр патшасы перғауын! Сен дәу айдаһардай Ніл — менікі, мен оны өзім үшін жараттым! деп бөсіп мақтанасың.

Езекиел 32:2
Пендем, Мысыр патшасы перғауынды жоқтап былай де: Өзіңді ұлттардың арасындағы жас арыстандай көресің, ал шынында теңіздегі айдаһарға ұқсайсың. Еліңдегі өзен тармақтарында әрлі-берлі шапқылап жүресің, аяқтарыңмен суды сабалап, лайлайсың.

Ишая 27:1
Сол кезде Жаратқан Ие ирелеңдеп, бұралаңдаған алып жылан және теңіздегі айдаһарға ұқсаған жауларға назарын аудармақ. Оларды Өзінің қатты, үлкен әрі күшті семсерімен қырып-жоймақ.

Ишая 51:9
— Уа, Жаратқан Ие, орныңнан тұрып, Баяғыдай құдіретті қолыңды созып, Ежелдегі істегенің іспетті Қазір де көрсете гөр ерен күшіңді! Сол заманда Мысыр елін талқандап, Осы айдаһардай жауды жарақаттап, Жойып жіберген Өзің емес пе едің?!

Әйүп 7:12
Сен маған сақшы қоятындай мен буырқанған теңіз не алып айдаһар ма едім?

Әйүп 41:18-21
[18] Оған семсер тисе де, зиян келтіре алмайды. Найза, сүңгі, алдаспан да дарымайды.[19] Ол темірді сабандай, қоланы шіріген ағаш іспетті көреді.[20] Садақтың жебесі оны қашуға мәжбүрлей алмайды, сақпанмен атылған тастар ол үшін қабықпен бірдей.[21] Сол хайуанды сойылмен соғу сабанмен ұрған іспетті, алдаспанның тарсылына ол тек күліп қана қояды.

Забур 18:8
Кемелді — Жаратқанның тағылымдары, Жан дүниені олар жаңартады. Ақиқат — Иеміздің жарлықтары, Олар наданды да дана қылады.

Забур 44:19
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған. Сопрано дауыспен айтылатын Қорах ұрпақтарының жыры.)

Забур 74:13
Құдай танымал Яһуда елінде, Оның аты қастерлі Исраилде,

Аян 1:7
Біліп алыңдар, Мәсіх бұлттармен қайтып келеді! Әркім де, Оны түйрегендер де Мәсіхті көзімен көреді, Жер бетіндегі барлық рулар үрейленеді, Ол туралы қайғырып, жылап еңірейді. Иә, ол солай болады да! Аумин.

Аян 11:7
Екі хабаршы Мәсіхтің хабарын түгелдей жариялап болғаннан кейін, тұңғиықтан шыққан бір хайуан олармен соғысып, жеңіп шығып, өлтіреді.

Қайталау 32:33
Шараптары — сұр жыланның заһарындай, Зәрлі жыланның кісі өлтірер уындай.

Аян 13:8
Құлағы барлар жақсылап тыңдасын:

Аян 16:13
Мұнан соң құрбақаға ұқсаған үш жынды көрдім. Олар айдаһардың, айуанның және жалған пайғамбардың ауыздарынан шықты.

Көшіп Шығу 7:10-12
[10] Содан Мұса мен Һарон перғауынның алдына барып, Жаратқан Иенің бұйырғанындай істеді. Һарон таяғын перғауын мен оның нөкерлерінің алдына қарай жерге лақтырып жібергенде, ол жыланға айналды.[11] Бірақ перғауын өзінің білімпаздары мен сиқыршыларын алдыртты. Сонда Мысырдың абыздары да сиқыршылықтарымен дәл солай істеді.[12] Әрқайсысы таяғын жерге лақтырып, жыланға айналдырды. Бірақ Һаронның жыланға айналған таяғы олардың жылан таяқтарын жұтып қойды!

Әйүп 40:15-20
[15] Қыраттар оған азық ұсынады, даланың аңдары да сол жерде ойнақтайды.[16] Сусиыр лотос бұталарының астында, мибатпақтағы қамыстың арасында тасаланып жатады.[17] Лотос жапырақтары оны көлеңкесімен жауып, өзен бойындағы талдар оны қоршап тұрады.[18] Өзен астан-кестен болса да, сусиыр абыржымайды. Иорданның тасыған толқындары аузына соғылса да, ол тыныш болады.[19] Оны байқатпай ұстап алып, танауын тесіп, оған мұрындық сала алатын біреу бар ма?[20] Әлде қолтырауынды қармақпен ұстап, тілін жіппен байлап-матауды оңай деп ойлайсың ба?

Аян 12:1-17
[1] Мұнан кейін аспанда бір керемет зор көрініс пайда болды: күнді жамылған, аяғының астында айы бар, басына он екі жұлдыздан тәж киген бір әйел көрінді.[2] Ол босанбақ болып, толғақтың ауруы мен азабынан айғай салды.[3] Аспанда тағы басқа бір ғажап көрініс пайда болды: бұл жеті басты, он мүйізді, әр басында тәжі бар оттай қызыл алып айдаһар екен.[4] Ол құйрығымен аспандағы жұлдыздардың үштен бірін тартып алып, жерге қарай лақтырып жіберді. Айдаһар толғатып жатқан әйелдің алдында тосып тұрып, оның Баласын туысымен-ақ жалмап қоймақшы болды.[5] Осылай әйел Ұлын дүниеге келтірді; Ол болашақта күллі халықтарға қатаңдықпен билік жүргізетін болады. Нәресте тезірек Құдайға, Оның тағының алдына әкелінді.[6] Ал әйел Құдай алдын ала дайындап қойған айдаладағы бір жерге қашып құтылды. Сол жерде әйелге бір мың екі жүз алпыс күн бойы қамқорлық жасалатын болады.[7] Сонда көкте соғыс бұрқ ете түсті. Михайл мен оның қол астындағы періштелері айдаһарға қарсы аттанды. Айдаһар өз нөкерлерімен бірге оларға қарсы шайқасты,[8] бірақ төтеп бере алмады. Бұдан былай соларға көктен орын берілмеді.[9] Осылайша алып айдаһар — бүкіл әлемді алдап келген әзәзіл әрі шайтан есімді, ежелден бері келе жатқан жылан көктен қуылып, бүкіл хабаршыларымен қоса жер бетіне лақтырылды.[10] Содан кейін мен көктен шыққан қатты дауысты естідім. Ол былай деді: Енді Құдай (Өзінің халқын) құтқарды! Ол құдіретін көрсетіп, патшалық етіп, билік жүргізеді. Оның тағайындаған Патшасы Мәсіх өктемдік етеді! Ал Құдай алдында күні-түні бауырластарымызға жала жауып келген шайтан көктен лақтырылып тасталды.[11] Бауырластарымыз Тоқтының өз жанын құрбан етіп Қанын төгуінің арқасында және өздерінің Ізгі хабарды қабылдап, ашық мойындауларымен жеңіске қол жеткізді. Олар өз жандарын тым қатты сүймей өлімге қиды.[12] Қуаныңдар, көк және оны мекендегендердің бәрі де! Алайда жер мен теңізде тұратындарға қасірет! Себебі әзәзіл шайтан төменге, сендердің қастарыңа түсті. Ол өз уақытының аз қалғанын білгендіктен қатты ашулы.[13] Айдаһар өзінің жерге лақтырылғанын білгенде, Ұлды туған әйелдің соңына түсіп, оны қудалай бастады.[14] Сонда әйелге айдалада өзіне дайындалған арнайы орынға ұшып бару үшін алып бүркіттің қос қанаты берілді. Айдалада әйел үш жарым кезең бойы сол улы жыланнан қауіпсіз тұрып, Құдайдың қамқорлығында болады.[15] Әйелді сумен ағызып әкетіп, құрту үшін алып жылан аузынан үлкен өзен іспетті су тасқынын лақ еткізіп төгіп жіберді.[16] Алайда жер әйелге көмектесіп, аузын кеңінен ашып, сол айдаһардың аранынан шыққан өзенді жұтып қойды.[17] Айдаһар әйелге долданып, оның өзге де ұрпақтарымен, яғни Құдайдың бұйрықтарына бағынып, Исаның шынайы хабарына адал болып жүргендерімен, шайқасуға аттанды.

Аян 13:1-18
[1] Бұдан кейін айдаһар теңіз жағасында тұрды. Сонда мен теңізден шығып келе жатқан бір айуанды көрдім. Оның он мүйізі мен жеті басы бар еді. Әрбір мүйізінде бір тәжден болды. Ал бастарында Құдайды қорлайтын атаулары жазылыпты.[2] Осы айуан қабыланға ұқсас, аяқтары аюдікіндей, ал аузы арыстанның аранындай болатын. Айдаһар оған өз күшін, тағын және зор бедел мен билікті тапсырды.[3] Айуанның бір басының өлімге шалынып жарақаттанғандай болғанын көрдім. Алайда ол ажалды жарақатынан сауығыпты! Бүкіл әлем осы ғажапқа қайран қалып, айуанның соңынан ілесті. Олар айуанға бедел мен билік берген айдаһарға бас ұрып табынды; сондай-ақ: Айуанға тең келер кім бар? Онымен кім шайқаса алады? — деп айуанға да құлшылық етті.[4] Айуанға өз ұлылығын марапаттап, Құдайды қорлайтын ауыз, әрі қырық екі ай бойы өз бетімен әрекет ету билігі берілді.[5] Ол аранын ашып, Құдайды, Оның есімін, киелі үйін және көкте мекендейтіндерді балағаттап қорлай бастады.[6] Оған Құдайға бағышталған халқымен күресіп, жеңіп шығатын күш, сондай-ақ әрбір ру, халық, тіл және ұлттың үстінен билік берілді.[7] Жер бетінде тұратын (күнәкар) адамзат түгелдей, яғни құрбандыққа шалынған Тоқтының Мәңгілік өмір кітабына әлем жаратылмас бұрын есімдері жазылғандардан басқасының бәрі де, оған құлшылық ететін болады.[8] Құлағы барлар жақсылап тыңдасын:[9] кімге тұтқындалу бұйырылса, сол тұтқындалады; кімге семсерден өлу бұйырылса, сол семсерден өлім табады. Мұнда Құдай халқының төзімділігі мен сенімділігі қажет болады.[10] Содан кейін мен жерден шығып жатқан басқа бір айуанды көрдім. Оның Тоқтынікі сияқты қос мүйізі бар екен, бірақ ол айдаһарша сөйледі,[11] әрі алғашқы айуанға қызмет етіп, оның бүкіл билігін жүргізді. Екінші айуан күнәкар дүниені және онда өмір сүрушілердің бәрін ажалды жарақаты жазылған алғашқы айуанға құлшылық еткізіп,[12] зор кереметтер көрсетуге билікті болды: ол тіпті адамдардың көз алдында көктен жерге от түсірді. Алғашқы айуанның алдында жасаған осы кереметтері арқылы ол күнәкар адамзатты түгел алдап, азғырып теріс жолға салды. Оларға семсерден жарақаттанғанмен аман қалған алғашқы айуанның құрметіне мүсін жасауды тапсырды.[13] Екінші айуанға осы мүсінге өз рухын енгізетін күш-қуат берілді. Осылайша мүсін тіпті сөйлеп, өзіне табынбайтындардың бәрін өлтірте алатын болды.[14] Айуан барлық адамдарды: үлкенді-кішілі, бай-кедей, құл-еріктіні не оң қолын, не маңдайын таңбалауға мәжбүр етті.[15] Осы таңбасы жоқтар еш нәрсені сатып ала да алмайды, сата да алмайды. Ол таңба — алғашқы айуанның есімі яки есімінің саны.[16] Бұл парасаттылықты талап етеді. Зерек адамдар айуан есімінің санын есептеп шығарсын. Себебі осы сан бір адамның атын білдіреді: ол сан — алты жүз алпыс алты.[17] Мұнан кейін қарасам, (Иерусалимдегі) Сион төбесінде тұрған Тоқтыны және Оның қасында маңдайларында Тоқтының және Оның Әкесінің аттары жазылған жүз қырық төрт мың адамды көрдім.[18] Сонда мен сарылдап аққан көп судың даусындай, күннің қатты күркіріндей, көктен шыққан бір дыбысты естідім. Ол жетігенде ойнаған күйшілердің әсем сазындай еді.

Аян 20:1-15
[1] Бұдан кейін мен көктен түсіп келе жатқан, қолында түпсіз тұңғиықтың кілті мен ауыр шынжыр ұстаған бір періштені көрдім.[2] Ол айдаһарды ұстап алып, оны мың жылға шынжырлап тастады. Айдаһар — сол ежелгі жылан; ол ібіліс және әзәзіл шайтан деп те аталады.[3] Әзәзілдің бұдан былай, мың жыл өткенше, халықтарды алдай алмауы үшін, періште оны түпсіз тұңғиыққа лақтырып жіберіп, есігін кілттеп, мөрмен бекітті. Ал осы кезең өткеннен кейін әзәзіл шайтан біраз уақытқа босатылуға тиіс.[4] Енді мен бірнеше тақтарды көрдім. Олардың үстінде отырғандарға адамзатты соттап, үкім кесу билігі берілген еді. Сонда мен Исаға адал болып, Құдайдың Ізгі хабарын жариялағандары үшін шейіт болғандардың жандарын да көрдім. Бұлар не айуан мен оның мүсініне табынған да жоқ, не айуанның таңбасын маңдайлары мен қолдарына қабылдаған да жоқ. Олар қайта тіріліп, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрды.[5] Бұл — алғашқы қайта тірілу. Ал өлгендердің қалғандары мың жыл өтіп кеткенше тірілген жоқ.[6] Алғашқы қайта тірілуге қатысқан әркім бақытты да қасиетті! Мұндайларға екінші өлім билігін жүргізбейді. Керісінше, олар Құдайдың және Мәсіхтің діни қызметкерлері болып, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрмақ.[7] Ал мың жыл өткеннен кейін әзәзіл шайтан зынданынан босатылады. Ол дүниенің төрт бұрышындағы халықтарға — Гог пен Магогқа барып, оларды алдап, шайқасқа жинауға ұмтылады. Олар теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай сансыз көп болады. Сонда дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген осы тобыр Құдай халқының ордасы — Оның сүйікті қаласын қоршап алады. Алайда көктен от-жалын түсіп, жауды жалмап қояды.[8] Бұларды еліктіріп алдаған әзәзіл шайтан күкіртпен жанып тұрған отты көлге (яғни тозақ отына) тасталады; бұрын сол жерге айуан мен жалған пайғамбар да лақтырылған еді. Олар сонда күні-түні мәңгілік азап шегетін болады.[9] Бұдан кейін мен бір үлкен ақ түсті тақты және оның үстінде Отырғанды көрдім. Оның қасынан жер мен көк қашып, оларға орын табылмады.[10] Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — Мәңгілік өмірдің кітабы да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді.[11] Теңізде қаза тапқандар да, жалпы, ажалға ұшырап, о дүниеге аттанғандардың бәрі де қайта тірілді. Олар өздерінің іс-әрекеттері бойынша сотталды.[12] Бұдан кейін ажал мен о дүние тозақ отына лақтырылды. Тозақ оты екінші өлім деп те аталады.[13] Кімнің есімі Мәңгілік өмір кітабында жазылмаған болса, сол да тозақ отына лақтырылды.[14] Содан соң жаңа көк пен жаңа жерді көрдім. Себебі бұрынғы көк пен жер құрып кетіп, бұдан былай теңіз де болмады.[15] Сонда мен көктен, Құдайдың қасынан түскен қасиетті қаланы: жаңа Иерусалимді байқадым. Ол күйеуінің алдынан шығуға безеніп киінген қалыңдықтай дайындалған еді.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010