A A A A A

Mysteries: [Dinosaurs]


Ишая 27:1
Сол кезде Жаратқан Ие ирелеңдеп, бұралаңдаған алып жылан және теңіздегі айдаһарға ұқсаған жауларға назарын аудармақ. Оларды Өзінің қатты, үлкен әрі күшті семсерімен қырып-жоймақ.

Жаратылыс 1:21
Оларға оң батасын беріп: Өсіп-өніп көбейіңдер, теңіздерді толтырыңдар, құстар да жер бетінде көбейсін! — деп бұйырды.

Забур 104:26
Бұлар Жаратқан Иенің ғажап істерін — Хам елі Мысырда Оның мына кереметтерін Халық арасында іске асырып көрсетті:

Римдіктер 1:18
Құдай көктен адамдардың барлық азғындығы мен әділетсіздігіне қарсы өз қаһарын білдіреді. Себебі олар әділетсіз істері арқылы шындықты аяққа басады.

Жаратылыс 1:24-31
[24] Құдай әр қилы аңдар мен малдарды және бауырымен жорғалаушыларды түр-түрімен жаратты. Ол жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.[25] Құдай енді: Біз (рухани жағынан) Өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Адамдар теңіздегі балықтар мен аспандағы құстарға, малдар мен аңдарға, бүкіл жер бетіне және онда жорғалап жүрген барлық жануарларға билік жүргізсін, — деді.[26] Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.[27] Құдай оларға оң батасын беріп: Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер! — деді.[28] Құдай оларға тағы тіл қатып: Мен сендерге жер бетіндегі тұқым шашатын өсімдіктерді және дәнегі бар жеміс беретін ағаштарды түр-түрімен бердім, бұлар сендерге тамақ болсын.[29] Жер бетіндегі барлық аңдарға, аспандағы күллі құстарға және бауырымен жорғалаушыларға — бойында тіршіліктің лебі бар жануарлардың бәріне Мен көк шөп атаулыны қорек етуге беремін, — деді. Солай болды да.[30] Құдай Өзінің жаратқандарының бәріне қарап, өте жақсы екенін көрді. Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл алтыншы күн еді.[31] Осылайша аспан мен жер және олардың рет-ретімен орналасқан барлық бөлшектері толықтай жаратылды.

Әйүп 40:15-24
[15] Қыраттар оған азық ұсынады, даланың аңдары да сол жерде ойнақтайды.[16] Сусиыр лотос бұталарының астында, мибатпақтағы қамыстың арасында тасаланып жатады.[17] Лотос жапырақтары оны көлеңкесімен жауып, өзен бойындағы талдар оны қоршап тұрады.[18] Өзен астан-кестен болса да, сусиыр абыржымайды. Иорданның тасыған толқындары аузына соғылса да, ол тыныш болады.[19] Оны байқатпай ұстап алып, танауын тесіп, оған мұрындық сала алатын біреу бар ма?[20] Әлде қолтырауынды қармақпен ұстап, тілін жіппен байлап-матауды оңай деп ойлайсың ба?[21] Сол зор аңның танауынан жіп өткізіп, жағына қармақ таға аласың ба?[22] Ол сенен рақым етуіңді жалына өтініп, саған жылы сөйлейтін бола ма?[23] Әлде саған жалдануға келісіп, сен оны өмірлік құлың ете аласың ба?[24] Қолтырауынды кішкене құс іспетті үй жануарың етіп, қыздарыңның онымен ойнауы үшін жіппен байлай аласың ба?

Әйүп 41:1-10
[1] Сол алып аңды жеңемін деген үміттің өзі құр бекершілік. Оны көргеннен-ақ зәрең ұшып қалшылдарсың.[2] Оның мазасын алуға ешкімнің дәті бармайды. Олай болса, Маған қарсы тұра алатын біреу бар ма?[3] Құнын Менен қайтарып аламын деп кім бір нәрсесін Маған беріп қойған? Аспан астындағылардың барлығы да Менікі![4] Қолтырауынның аяқтары, оның зор қуаты мен керемет дене тұрқы туралы да айтып өтейін.[5] Оның денесінің сыртқы қабатын кім шешіп тастай алады? Оның қос қабат сауытын кім тесіп зақымдай алады?[6] Сондай қорқынышты тістермен көмкерілген оның арандай аузын кім аша алады?[7] Арқасында қатар-қатар тізіліп, бір-бірімен тығыз бекітілген қалқан іспетті қабыршықтары бар.[8] Біреуінің екіншісіне жақындығы сонша, арасынан тіпті ауа да өтпейді.[9] Бірі екіншісіне бекітілген, олар бірін-бірі жауып, еш ажырамайды.[10] Алып хайуан пысқырынғанда жалын шашып, көздері таң шапағындай жайнай бастайды.

Ешуа 10:1-10
[1] Иерусалим патшасы Адони-Седек те Ешуаның Айды жаулап алып, тас-талқан етіп қиратқанын естіген еді. Ол, сондай-ақ, Ешуаның Иерихон қаласы мен оның патшасына әрі Ай мен оның патшасына да істегені туралы да хабардар болды. Енді ол Гибеон тұрғындарының исраилдіктермен бейбітшілік келісімін жасап, олардың арасында тұрып жатқандарын да біліп алды.[2] Сонда Иерусалим патшасы және оның халқы қатты қорқып кетті. Себебі Гибеонның өзі патшасы бар қалалардың біріндей үлкен және тұрғындары Ай қаласынан да көп болатын. Гибеонның ер азаматтарының бәрі мықты да батыл жауынгерлер еді.[3] Сондықтан Иерусалим патшасы Адони-Седек Хеброн патшасы Хоғамға, Ярмут патшасы Пирамға, Лахыш патшасы Япияхқа және Еглон патшасы Дебірге мынадай сәлем жіберді:[4] Өрлеп келіп, Гибеонға шабуыл жасауға қол ұшын берсеңіздер екен! Өйткені олар Ешуамен және Исраил халқымен бейбітшілік келісімін жасапты.[5] Сонымен аморлықтардың Иерусалим, Хеброн, Ярмут, Лахыш, Еглон қалаларының бес патшасы барлық жасақтарын жинап, Гибеонға аттандырды. Олар Гибеонның маңында қостарын тігіп, қалаға қарсы шабуыл жасады.[6] Гибеондықтар Ғылғалдағы қонысында тұрған Ешуаға хабар жіберіп: Тақсыр, бізге, сіздің құлдарыңызға, қолғабыс беруден бас тартпасаңыз екен! Тезірек бізге жетіп, көмектесе көріңіз! Таулы аймақта тұратын аморлықтардың барлық патшалары бірігіп, бізге қарсы аттанып келді! — деп өтінді.[7] Ешуа күллі жасақшыларын, барлық мықты да батыл жауынгерлерін ертіп алып, Ғылғалдан Гибеонға өрлеп барды.[8] Жаратқан Ие Ешуаны: Бұлардан қорқушы болма! Мен оларды сенің қолыңа тапсырып қойдым. Ешқайсысы да саған қарсы тұра алмайды! — деп жігерлендірген болатын.[9] Ешуа жасағымен түні бойы жедел жүріп отырып, жауларына тұтқиылдан бас салды.[10] Жаратқан Ие аморлықтарда Исраилден зор үрей туғызып, исраилдіктер Гибеонның маңында жауға қатты соққы берді. Оларды Бет-Хорон асуына апаратын жолдың бойымен қуа отырып, Әзека, Макед деген жерлерге жеткенге дейін көбін қырып тастады.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010