A A A A A

Math Signs: [Number 3]


1 Тімоте 2:5
Құдай — біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх.

2 Тімоте 3:16
Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді.

Актілер 17:28
себебі Оның арқасында біз өмір сүріп, әрекет жасап, тіршілік етіп жүрміз. Сол сияқты кейбір ақындарыңыз да: Біз Оның ұрпағымыз деген.

Қолостықтар 2:9
Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады!

Көшіп Шығу 3:14
Құдай оған былай деп жауап қатты: — Мен (Мәңгі) Бар Болушымын. Исраилдіктерге: (Мәңгі) Бар Болушымын деген мені сендерге жіберді деп айт. —

Жаратылыс 1:26
Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.

Еврейлерге 4:12
Себебі Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір! Құдайдың сөзі бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткен іспетті, жүрегіміздің түкпіріндегі ой-ниетімізді де әшкерелеп, бағалайды.

Джон 4:24
Сонда әйел: — Мәсіх деген Құтқарушы Патшамыздың келетінін білемін. Ол келгенде бізге бәрін ашық айтып береді, — деді.

Леуіліктер 19:28
әрі денелеріңнің терісін тілгілеп жарақаттап, инемен таңба да салмаңдар! Мен Жаратқан Иемін.

Матай 12:40
Жүністің үш күн, үш түн дәу балықтың ішінде жатқаны сияқты, көктен келген Билеуші де жер қойнында үш күн, үш түн жататын болады.

Аян 1:4
Жоханнан Азия аймағындағы жеті қауымға дұғай сәлем: әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін (Құдай Ие), Оның тағының алдындағы жеті Рухы

Титус 1:12
Криттіктердің біреуі, өздерінің пайғамбары: Криттіктер — әрдайым өтірікшілер, зиянды хайуандар, еріншек мешкейлер, — деген.

1 Қорынттықтарға 15:33
Мұндайды айтқандарға алданып қалмаңдар! Араммен араласып жүрген жан Айырылар адал салтынан делінген.

1 Жохан 5:7-9
[7] Сонымен куә болатындар үшеу:[8] Киелі Рух, су және қан; бұл Үшеуінің айғақтығы бірдей.[9] Адамдардың куәлігін қабылдап жүрміз. Ал Құдайдың куәлігі адамдікінен гөрі салмақтырақ. Сондықтан Құдайдың Өзінің рухани Ұлы жайында берген куәлігіне сенуге тиіспіз.

Джон 3:16-18
[16] Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.[17] Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді.[18] Оған сенушілер қияметте сотталмайды. Ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010