A A A A A

Life: [Adoption]


1 Самуел 1:27
Сол кезде мына баланы сыйлай көрсін деп жалбарынған едім. Жаратқан Ие өтінішімді жүзеге асырды.

2 Қорынттықтарға 6:18
Мен сендерге Әке боламын, ал сендер рухани ұл-қыздарым боласыңдар дейді Әлемнің Билеушісі — Жаратқан Ие.

Қайталау 10:18
Жаратқан Ие жетім-жесірлердің мүддесін қорғап, жат жұрттықтарға мейірім көрсетіп, оларды нанмен, киіммен қамтамасыз етеді.

Ошия 14:3
Кінәларыңды мойындайтын сөздер айтып, Жаратқан Иеге қайтып келіңдер! Оған былай деңдер: — Барлық күнәларымызды кешіріп, бізді рақыммен қабылдай гөр! Саған аузымызбен мадақтау айтып, соны сый-тарту ретінде ұсынбақпыз.

Ишая 40:31
Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге Жаңа күш-қуатты иемденеді де, Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке Самғай жөнеледі, алайда талмайды, Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.

Джеймс 1:27
Құдай Әкеміздің алдындағы таза да мінсіз діншілдік мынау: мұқтаждық көрген жетім-жесірлердің қамын ойлау және өзін осы дүниелік арамдықтардан кіршіксіз пәк ұстау.

Еремия 29:11
Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. —

Матай 25:40
Патша оларға былай деп жауап береді: — Сендерге шындығын айтамын: Менің мына бауырларымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың!

Нақыл Сөздер 13:12
Ұзаққа созылған үміт жүрек қажытар, Орындалған тілек өмірді құлпыртар.

Забур 82:3
Себебі жауларың у-шу көтеруде, Сені жек көретіндер өркөкіректенуде.

Забур 146:9
Осылай азық өсіреді мал мен аңдарға, Қарғаның шақырған балапандарына да.

Забур 68:5-6
[5] Басымдағы шашымнан көп дұшпандарым, Себепсіз мені жек көреді жауларым, Сұмдықпен мені қудалап келеді, Алмаған нәрсемді талап етеді.[6] Уа, Құдай, Саған аян ақымақ қылығым, Сенен таса емес жасаған күнәларым.

Нақыл Сөздер 31:8-9
[8] Ал сен, өзі үшін үндей алмайтындардың Сөзін сөйлеп, ісін қорға байғұстардың.[9] Анық сөйлеп, әділ үкім шығаршы, Жарлы мен мұқтаждың мүддесін қорғашы!

Джон 1:12-13
[12] Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті.[13] Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды.

Ғалаттықтар 4:4-5
[4] Ал Құдай белгілеген уақыты жеткенде, Өзінің рухани Ұлын жіберді. Ол бір әйел арқылы дүниеге келіп, Таурат заңы үстемдік етіп тұрған халықтың арасында[5] сол заңға бағынғандарды босатып, Өзінің рухани балалары ету үшін келді.

Римдіктер 8:14-17
[14] Өйткені Құдай Рухының жетелеуімен жүретіндер — Құдайдың рухани балалары.[15] Сендер өздеріңді құл етіп, қайтадан қорқытып жүретін рухты емес, Құдайдың рухани баласы еткен Киелі Рухты қабылдадыңдар. Ол арқылы біз Тәңір Иеге сиынғанда Әке, Әке! деп шақырамыз.[16] Киелі Рух Құдайдың рухани баласы екенімізді өз рухымызға растайды.[17] Рухани баласы болғандықтан, Оның бізге дайындап қойған мәңгілік игіліктеріне де ие боламыз: Құдай Мәсіхке сыйлағандары іспетті игіліктерді бізге де сыйламақ. Егер Мәсіхтің жолында жүріп, азабына ортақ болсақ, Оның салтанатты ұлылығына да ортақ болып, сол игіліктерді қабылдаймыз.

Забур 10:14-18
[14] Жаратқанның сөздері таза да сенімді, Жеті рет балқытылып тазарған күміс секілді.[15] Жаратқан Ие, қаналғандарды Сен қорғайсың, Сол арсыз ұрпақтан оларды мәңгі сақтайсың.[16] Ал зұлымдар әлі де емін-еркін жүреді, Адамдар арасында арсыздық дәріптеледі.[17] (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)[18] Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың? Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың?

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010