A A A A A

Life: [Animals]


Жаратылыс 1:21
Оларға оң батасын беріп: Өсіп-өніп көбейіңдер, теңіздерді толтырыңдар, құстар да жер бетінде көбейсін! — деп бұйырды.

Жаратылыс 1:30
Құдай Өзінің жаратқандарының бәріне қарап, өте жақсы екенін көрді. Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл алтыншы күн еді.

Джеймс 3:7
Әртүрлі аңдар мен құстарды, бауырымен жорғалаушылар мен теңіз жануарларын адам өз еркіне бағындырып келді және бағындыруда.

Еремия 8:7
Тіпті аспандағы ләйлек белгілі мерзімдерін біледі, көгершін, қарлығаш, тырна да көшіп келетін мезгілдерін ұстанады. Бірақ Менің халқым Жаратқан Иенің бұйрықтарын білмейді.

Әйүп 35:11
Ол бізге жердегі хайуандарға қарағанда көбірек нәрсені үйреткен, бізді әуедегі құстардан ақылдырақ етіп жаратқан.

Лұқа 3:6
Сонда бар адамзат көре алады Құдай Ие жіберген құтқаруды!

Лұқа 12:24
Қарғаларға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, оны ормайды да, ешқандай қоймалары мен қамбалары да жоқ, бірақ Құдай оларды асырайды. Ал сендер құстардан қаншама артықсыңдар!

Матай 6:26
Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, ормайды да, өнімін қамбаға жинамайды да, бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!

Нақыл Сөздер 12:10
Ізгі жан малының да қамын ойлар, Арамзаның жүрегі қатыгез болар.

Забур 104:21
Төрелерінің үстінен оның бұйрығын жүргізді, Жүсіпке басшыларын даналыққа үйреткізді.

Жаратылыс 2:19-20
[19] Құдай Ие даладағы барлық жануарларды және аспандағы күллі құстарды топырақтан қалыптастырып жасаған еді. Енді адамның оларды қалай атайтынын білу үшін бәрін оған алып келді. Адам қандай ат қойса, олар солай аталатын болды.[20] Сонымен адам малдар мен аңдардың және аспандағы құстардың барлық түрлеріне де өз аттарын берді. Ал адамға өзіне сай көмекші табылмады.

Жаратылыс 9:2-3
[2] Сендерді көргенде, барлық жер бетіндегі аңдар мен аспандағы құстарды, жер үстінде қыбырлап жүргендер мен теңіздегі балықтарды үрей мен қорқыныш билесін. Себебі олар сендердің биліктеріңе берілді.[3] Қимылдап жүргендер мен кеудесінде жаны барлардың бәрі сендерге қорек болады. Өсімдіктерді бергенім сияқты, қазірден бастап сендерге бәрін де беремін.

Жаратылыс 1:24-28
[24] Құдай әр қилы аңдар мен малдарды және бауырымен жорғалаушыларды түр-түрімен жаратты. Ол жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.[25] Құдай енді: Біз (рухани жағынан) Өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Адамдар теңіздегі балықтар мен аспандағы құстарға, малдар мен аңдарға, бүкіл жер бетіне және онда жорғалап жүрген барлық жануарларға билік жүргізсін, — деді.[26] Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.[27] Құдай оларға оң батасын беріп: Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер! — деді.[28] Құдай оларға тағы тіл қатып: Мен сендерге жер бетіндегі тұқым шашатын өсімдіктерді және дәнегі бар жеміс беретін ағаштарды түр-түрімен бердім, бұлар сендерге тамақ болсын.

Нақыл Сөздер 6:6-8
[6] Жалқау неме, құмырсқадан үлгі ал, Ісіне қарап оның, парасатқа ие бол![7] Бастық, бақылаушы, билеушісі болмайды,[8] Бірақ жазда ол қысқы азығын дайындайды, Орақ кезінде тамағын жинап сақтайды.

Забур 8:6-9
[6] Оны көктегілерден сәл төмен қойдың, Құрмет, салтанатты оған тәждей сыйладың.[7] Сен адам баласын билеуші еттің Қолыңнан шыққан бар жаратылысқа. Бәрін де оған бағындырып бердің:[8] Бүкіл ірілі-ұсақты малдарды да, Даладағы жабайы аңдарды да,[9] Самсаған құс пен судағы балықты, Теңіз ағыстарымен жүзгендерді Табыстадың Сен оның қол астына.

Әйүп 12:7-10
[7] Тек хайуандардан сұрап көр, олар саған үйретеді. Әуедегі құстардан сұра, олар саған айтып береді.[8] Немесе жерден сұра, ол да саған көрсетеді. Теңіздегі балықтар да саған білдіреді.[9] Осылардың қайсысы Жаратқан Иенің бәрін Өзінің құдіретті қолымен жаратқанын білмейді екен?[10] Әрбір тірі мақұлықтың жаны да, әр адам баласының тіршілік лебі де Жаратқан Иенің қолында.

Ишая 11:6-9
[6] Сол заманда қасқыр қозымен тату-тәтті тұрып, қабылан лақпен бірге тынығады. Бұзау, мықты жас арыстан және бордақы өгіз де қатарласып бірге жататын болады. Бәрін бір жас бала айдап, баға алады.[7] Сиыр мен аю қатар жайылып, бұзаулары мен қонжықтары бірге тынығып, арыстан өгіз сияқты сабан, шөп жейді.[8] Сәбилер сұр жыланның інінің қасында ойнап, балдырғандар зәрлі жыланның ұясына қолын емін-еркін тығатын болады.[9] Бүкіл қасиетті тауымда ешқандай зұлымдық пен қиянат жасалмайтын болады, — дейді Жаратқан Ие. Себебі теңіздің суға толы болатынындай, жер де Жаратқан Иені жақыннан танып, қастерлеген адамдарға солай толы болады!

Уағыздаушы 3:18-21
[18] Мен тағы адам баласы туралы былай деп те ойладым: Құдай оның тәндік жағынан хайуан секілді екенін көрсету үшін оны сынақтан өткізеді.[19] Өйткені адам баласының да, хайуанның да ұшырайтын тағдыры бірдей: адамның өлетініндей, хайуан да өледі. Екеуінің де кеудесінде тіршілік лебі бар, осы жағынан адамның хайуаннан артықшылығы жоқ. Себебі олардың бәрі де өткінші.[20] Барлығының да барар жері біреу: бәрі де топырақтан жаратылған және қайтадан топыраққа айналады.[21] Адам баласының жанының көкке көтерілетінін, ал хайуанның жанының төменге, жер қойнына кететінін біледі?

Забур 148:7-12
[7] Мадақтаңдар Жаратқанды, жердегілер, Алып балықтар мен түпсіз теңіздер,[8] Найзағай мен бұршақ, қар және тұман, Дауыл да Оның бұйрығына бағынған,[9] Мақтаңдар Оны, бар төбелер мен таулар, Жеміс ағаштары мен күллі самырсындар,[10] Алуан түрлі аңдар және малдар, Құстар әрі бауырымен жорғалаушылар![11] Әлемнің патшалары мен бүкіл халықтар, Жердегі әміршілер және барлық соттар,[12] Мадақтаңдар Оны, жігіттер мен қыздар, Қарттармен қатар сендер де, балалар!

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010