A A A A A

Life: [Aging]


1 Тімоте 5:8
Туысқандарының, әсіресе үй ішінің, қамын ойламайтын адам сенімінен бас тартқан, ол тіпті Құдайға сенбейтіннен де жаман.

2 Қорынттықтарға 4:16
Сондықтан да еш мойымаймыз. Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде.

Қайталау 32:7
Ежелгі заманды есіңе алшы, Өткен ұрпақтар туралы толғаншы, Атаңнан сұрашы, ол саған айтып берер, Қарттарыңнан сұрашы, олар түсіндірер.

Қайталау 34:7
Мұса қайтыс болғанда жүз жиырма жаста еді. Ол көзінің нұры таймаған, тың да қайратты кісі болатын.

Уағыздаушы 7:10
Неліктен өткен заман қазіргіден артық? деп шағымданба! Өйткені осындай сауал қойғаның даналық емес.

Көшіп Шығу 20:12
Ата-анаңды сыйла! Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.

Жаратылыс 6:3
Сонда Жаратқан Ие: Енді Менің Рухым әрдайым адам үшін арпалысқа түспейді, себебі адам әбден бүлінген. Сондықтан ол бұдан былай жүз жиырма жыл ғана өмір сүрсін, — деді.

Жаратылыс 25:8
Ол мағыналы өмір сүріп, жасы ұлғайған шағында о дүниеге, ата-бабаларының қасына аттанды.

Ишая 40:29
Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды.

Ишая 46:4
Сендер қартайған шақта да Мен өзгермеймін, шаштарың ағарған кезде де қолдай беремін. Сендерді жаратқан едім, бұдан былай да көтеріп жүремін. Мен ауыртпалықтарыңа төзіп, құтқарып қорғай беремін.

Әйүп 5:26
Егіннің дер кезінде бауланып, қырманға әкелінетініндей, өзің де көп жасап, о дүниеге армансыз аттанасың.

Әйүп 12:12-20
[12] Даналық қарияларда, парасат көп жасағандарда дейді.[13] Ал нағыз даналық пен құдірет тек Құдайда, дана ақыл-кеңес пен парасат та Оның Өзінде.[14] Құдай құлатса, ешкім қайта тұрғыза алмайды. Ол тұтқындаса, ешкім босата алмайды.[15] Егер Тәңір жаңбыр жібермей қойса, жер беті құрғап, қуаңшылық жайлайды, ал егер еркіне қоя берсе, бүкіл жерді су басады.[16] Күш-қуат пен жеңіс те Оның қолында, алданған да, алдаушы да Оның көз алдында.[17] Құдай кеңесшілерді ақылынан айырады, билерді де ақымаққа айналдырады.[18] Ол патшалардың сәнді белдігін босатады, белдеріне құл іспетті мата байлатады.[19] Тәңір жауға діни қызметкерлерді жалаң аяқ айдатып әкеткізеді, билік иелерінің астан-кестенін шығарады.[20] Ол сенімге ие болған ақылшыларды тілден айырады, ақсақалдарды парасаттан ада қылады.

Әйүп 32:7
Іштей: Көп жасағандар сөйлесін, көп жылғы даналық тәлімдерін берсінші! деп отырдым.

Джоэл 2:28
Осылардан кейін Мен өз Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне құямын. Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, қарттарың түс, жас жігіттерің аян көреді.

Леуіліктер 19:32
Жасы үлкен адамды сыйлап орныңнан тұрып Құдайыңды терең қастерле. Мен Жаратқан Иемін.

Филемон 1:9
сүйіспеншілігіңе бола өтініп сұраймын. Иә, басқа біреу емес, мен — Пауыл қария, Мәсіх Исаға қызмет еткенім үшін қазір түрмеде отырған менің өзім,

Забур 71:9
Құла түздің тұрғындары оған бас ұрады, Ал жаулары топырақты жалайтын болады.

Забур 71:18
Лайым мадақталсын Исраил сиынатын Құдай, Тек Жаратқан Ие — керемет жасайтын Құдай!

Забур 73:26
Сен былай дедің: Кезін Мен белгілеймін, Әділетті сотты Өзім жүргіземін.

Забур 90:10-12
[10] Басыңа енді жамандық түспейді, Үйіңе ешбір апат та төнбейді.[11] Періштелеріне Ол сен жайлы бұйрық береді: Қай жолмен жүрсең де, олар сені қорғап күзетеді,[12] Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін Қолдарына көтеріп сені алып жүреді.

Забур 91:16
Жаратқан мінсіз, Ол — қорғанар жартасым дейді, Осылай Оның әділдігін паш етеді.

Нақыл Сөздер 17:6
Қарттардың тәжі — немере-шөберелері, Балалардың мақтанышы — әке-шешелері.

Нақыл Сөздер 20:29
Жастардың мақтанары — күш-қуаты, Қарттардың қадірі — ағарған шашы.

Нақыл Сөздер 23:22
Тыңда өзіңді дүниеге келтірген әкеңді, Менсінбей жүрме қартайды деп шешеңді.

Забур 37:35
Күнәсі үшін жазаласаң пендені, Күйе жеп қойғандай таусылар көрігі, Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі! //

1 Шежірелер 29:28
Дәуіт көп жасап, өмір, байлық және құрмет-даңқтың қызығын көрген соң, дүние салды. Оның ұлы Сүлеймен орнын басып патша болды.

1 Патшалықтар 3:14
Егер әкең Дәуіт сияқты өзің де Менің ізгі жолдарыммен жүріп, ережелерім мен өсиеттерімді орындайтын болсаң, ғұмыр жасыңды ұзақ қыламын!

Забур ۱۰۳:۵
Сен жерді берік негізге орнаттың, Ол ешқашан қозғалмайды орнынан.

Титус 2:3
Сол сияқты, егде әйелдердің жүріс-тұрыстары Құдайға бағышталған әйелдерге лайықты болуы қажет: олар ешкімге жала жаппай, арақ-шарапқа салынбай, қайта, басқаларды жақсылыққа үйрететін болсын.

1 Тімоте 5:1-2
[1] Жасы үлкен адамды сөкпе, қайта, өз әкеңе айтқандай ілтипатпен ескерт. Жас жігіттерге — туған бауырыңа,[2] егде әйелдерге — анаңа, ал қыз-келіншектерге — әпке-қарындасыңа қарағандай қарап, пәк таза болып жүр.

Забур 71:8-9
[8] Ол билік құрады теңізден теңізге дейін, Евфрат өзенінен жердің шетіне дейін,[9] Құла түздің тұрғындары оған бас ұрады, Ал жаулары топырақты жалайтын болады.

Філіпіліктер 3:20-21
[20] Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз.[21] Ол әлемдегі күллі нәрселерді де жеңіп бағындыру үшін қолданатын құдіретті күшімен біздің өткінші тәнімізді Өзінікі сияқты салтанатты денеге айналдырады.

Ишая 46:3-4
[3] Тыңдаңдар Мені, ей, Жақыптың ұрпақтары, сөзіме құлақ салыңдар, ей, Исраил халқының тірі қалғандары! Сендерді туғаннан-ақ қолдап келіп, өмір бойы көтеріп те жүремін.[4] Сендер қартайған шақта да Мен өзгермеймін, шаштарың ағарған кезде де қолдай беремін. Сендерді жаратқан едім, бұдан былай да көтеріп жүремін. Мен ауыртпалықтарыңа төзіп, құтқарып қорғай беремін.

Забур 92:12-15
[12] Олар былай дейді: Жаратқан мұны көрмейді, Жақып сиынған Құдай бұған мән бермейді.[13] Елдегі ақымақтар, ақылға келіңдер, Сендер парасатқа қашан кенелесіңдер?[14] Құлақты жаратқан Тәңір әлде естімей ме, Көзді жаратқан Оның Өзі әлде көрмей ме?[15] Халықтарға ескерткен Ол саған ескертпей ме? Адамға тағылым беретін Ол —

Уағыздаушы 12:1-7
[1] Жастық шағыңда Жаратушыңды есіңде берік ұста! Азапты күндерің жетіп, олардан рақат таппаймын дейтін жылдарың жақындамай тұрып, Жаратушыңды қастерлейтін бол![2] Сол кезде күн мен нұр, ай мен жұлдыздар көмескіленіп, жауыннан кейін де қою бұлттар сейілмей адамның көзі нашар көрер.[3] Сонда адамның үйді қорғайтын екі аяғы дірілдеп, мықты иықтары бүгілер. Оның тамақты диірмендей шайнайтын тістері аз болғандықтан жұмыстарын доғарар. Терезеден сыртқа қарайтын жанарлары буалдыр тартар.[4] Екі құлағы үйдің көшеге қараған есіктеріндей тас жабылып, астық тартып отырған қол диірменнің үнін құлағы әрең шалар. Адам таң сәріде шымшық шырылдағанда оянар, ал оның әндерін әзер естір.[5] Сол жаста адамдар құлап қалудан қорқып, жолдағы қауіп-қатерден жүрексінер. Шаштары гүлдеген бадам ағашындай әппақ болар. Салқын күндегі шегірткедей адам сүйретіліп зорға жүрер, әрі құштарлығы да қоздырылмас. Ақыр аяғында адам о дүниедегі мәңгілік мекеніне аттанар, ал көше оны жоқтаушыларға толар.[6] Сондықтан өмірдің күміс жібі әлі де үзілмей, алтын тостағаны сынбай, су құятын құмыра талқандалмай, құдықтағы су тартқыш қирап құлап түспей тұрғанда Жаратушыңды есіңде ұста![7] Себебі сол уақыт келгенде топырақтан жаратылған денеміз топыраққа қайта айналып, жанымыз өзін сыйлаған Құдайға кері қайтады.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010