A A A A A

Good Character: [Caring]


1 Тімоте 5:4
Егер жесірдің балалары не немерелері болса, онда бұлар алдымен өз отбасын қадірлеп, әке-шешелері мен ата-әжелерінің алдындағы борыштарын өтеп, өз сенімдерін іс жүзінде көрсетуді үйренсін. Өйткені бұл Құдайға ұнайды.

1 Тімоте 3:15
Сөйтіп, егер кешіксем, сенушілердің Құдайдың отбасының мүшелері ретінде қалай әрекет етуге тиіс екенін сен білетін боласың. Ал Оның отбасы — мәңгі тірі Құдайдың қауымы; ол шындықты бағана мен тіреу іспетті көтеріп ұстайды.

Джон 8:32
Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді. —

Аян 17:5
Ал маңдайында Құпия: ұлы Бабыл, әлемдегі барлық опасыздық пен жексұрындық жасайтындардың анасы деген атағы жазулы тұрды.

Джеймс 1:27
Құдай Әкеміздің алдындағы таза да мінсіз діншілдік мынау: мұқтаждық көрген жетім-жесірлердің қамын ойлау және өзін осы дүниелік арамдықтардан кіршіксіз пәк ұстау.

Джон 6:54
Кімде-кім Менің денемнен жеп, қанымнан ішсе, ол мәңгілік өмірге ие болады, Мен оны ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.

Белгі 6:3
Өзі — ағаш ұстасы, Мәриямның ұлы, Жақып, Жүсіп, Яһуда, Шимондардың ағасы емес пе? Қарындастары осында арамызда тұрады ғой. — Олар қызғаныштан Исаны көре алмай, ашуланды.

Джон 14:6
Иса оған: — Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды.

Жаратылыс 1:1-7
[1] Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты.[2] Жер ретсіз, тіршіліксіз бос жатты; суға толы тұңғиықтың үстін қара түнек жауып тұрды. Ал Құдайдың Рухы су бетінде қалықтап ұшып жүрді.[3] Сонда Құдай: Жарық пайда болсын! — деп бұйырды. Осылай жарық пайда болды.[4] Құдай жарыққа қарап, оның жақсы екенін көрді. Ол жарықты қара түнектен бөліп,[5] жарықты күн, ал қара түнекті түн деп атады. Кеш түсіп, таң атты; бұл бірінші күн еді.[6] Содан кейін Құдай: (Айнала тұманданып тұрған) суды ортасынан бөліп тұратын әуе кеңістігі пайда болсын! — деп бұйырды.[7] Осылай Ол әуе кеңістігін жасап, соның астындағы суды үстіндегі судан бөлді. Солай болды да.

1 Тімоте 5:8
Туысқандарының, әсіресе үй ішінің, қамын ойламайтын адам сенімінен бас тартқан, ол тіпті Құдайға сенбейтіннен де жаман.

Ғалаттықтар 1:19
Құдай куә, бұл жазып отырғандарым өтірік емес.

Малахи 1:11
Күннің шығысынан батысына дейін халықтар арасында Менің есімім зор даңққа бөленеді. Барлық жерлерде де Маған арналып хош иісті заттар түтетіліп, адал сый-тартулар ұсынылады. Себебі халықтар арасында Менің есімім даңқталады, — деп нық айтады Әлемнің Иесі.

Жаратылыс 2:7
Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды қалыптастырып жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді.

Джон 3:3-5
[3] Иса: — Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды, — деді.[4] Нікөдем: — Есейген адам қалайша қайта туылады? Шешесінің құрсағына еніп, екінші рет дүниеге келуі мүмкін бе? — деп сұрады.[5] Иса: — Саған өте маңызды шындықты айтайын: кімде-кім судан және Киелі Рухтан туылмаса Құдайдың Патшалығын көре алмайды.

Еврейлерге 12:14
Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүруге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды.

Аян 17:18
Сен көрген әйел күнәкар дүниедегі патшаларға үстемдік жүргізетін ұлы Бабыл қаласын бейнелейді.

Матай 16:18
Бұдан былай сенің атың Петір (Тас) болады. Осы іргетастың үстіне Мен Өзіме сенушілердің қауымын саламын. Оны өлімнің күштері де жеңе алмайтын болады.

Жаратылыс 1:1
Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты.

Көшіп Шығу 15:3
Ием — батыр жауынгер, есімі — Жаратқан Ие,

Аян 17:9
Бұл дана ой-сананы қажет етеді. Жеті бас әйел отырған жеті төбені бейнелейді. Олар, сондай-ақ, жеті патшаны да астарлап білдіреді.

Філіпіліктер 4:6-7
[6] Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер![7] Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.

Ғалаттықтар 4:19
Балаларым менің! Баласын туғанда толғақ азабын басынан кешкен анадай мен тағы да сендерді уайымдап қиналып жүрмін. Бұл, мінез-құлықтарыңнан Мәсіхтің болмысы толығырақ көрінгенше, жалғаса бермек.

1 Петір 3:15
Қайта, жүректеріңнен Мәсіхке қасиетті Иеміз деп ерекше орын беріңдер! Сендер ұстанған үмітті түсіндіруді сұраған кез келген адамға жауап беруге әрдайым даяр болыңдар. Тек ілтипат, құрмет танытып сөйлеңдер.

Аян 17:1
Жеті тостағаны бар жеті періштенің бірі қасыма келіп, маған былай деді: — Жүр, мен саған көптеген сулардың үстінде отырған аты шулы опасыз әйелдің сотталып, жазалануын көрсетейін.

Матай 18:15-18
[15] Егер бауырласың саған қарсы күнә жасаса, оған барып, істегені туралы оңаша сөйлесіп, әшкереле. Егерде айтқаныңа құлақ асса, бауырласыңды қайтадан тапқаның.[16] Ал егер тыңдамаса, қасыңа бір-екі кісі ертіп алып, оған тағы бар. Осылай әрбір сөз екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденсін.[17] Егерде оларға да құлақ аспаса, бұл туралы сенушілер қауымына айтып бер. Ал егер қауымды да тыңдамаса, онда оған Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамына не күнәкар салықшыларға қарағандай қара.[18] Сендерге шындығын айтамын: жер бетінде тыйым салғандарыңды да, рұқсат еткендеріңді де көктегі Әкем бекітпек.

Ефес 1:22-23
[22] Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті.[23] Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.

Ефес 5:23
өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек — әйелдің басы. Мәсіх сенушілерді құтқарып алды, енді қауым — Оның рухани денесі.

Актілер 4:32
Сенушілердің қауымы ой-ниеттері бірдей шын жүректен ынтымақтас болды. Ешкім қолындағы мал-мүлкін өз меншігім демей, олар барлығымен бөлісті.

1 Қорынттықтарға 1:10
Бауырластарым, сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің атынан ескертемін: ауызбірлікті сақтап, жікке бөлінбеңдер! Қайта, бірдей мақсат пен пікірде болып, бірлікте тұрыңдар!

Джон 12:48
Бірақ Мені елемей, хабарымды қабылдамағандардың соты дайын тұр: Мен білдірген хабар оларды қиямет күні айыптайтын болады.

Джон 14:28
Менің өздеріңе былай дегенімді естігенсіңдер: Мен кетемін, кейін сендерге қайтып келемін. Егер Мені шын көңілмен сүйсеңдер, Әкеме барып, құрметке бөленетініме қуанар едіңдер; себебі Әкем Менен ұлы.

Еврейлерге 1:14
Періште атаулы — қызмет көрсететін рухтар ғана, солай емес пе? Жаратқан Ие оларды мәңгілік құтқарылуға ие болатын адамдарға қызмет етуге жібереді.

Матай 18:10
Сақ болыңдар, осы кішкенелердің бірде-біреуін менсінбей жүрмеңдер! Сендерге айтамын: олардың періштелері көктегі Әкемнің келбетін әрдайым көріп тұрады.

Ефес 6:12
Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз.

Джон 3:16
Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.

Джон 17:17
Оларды шындығың арқылы Өзіңе бағыштап, таза жүргізе гөр. Сенің сөзің — шындық.

Аян 2:9
Мен сенің (істерің мен) шеккен азаптарыңды әрі жұтаң күйіңді білемін — шынында рухани байсың! Яһудиміз (яғни Құдайдың халқымыз) дейтіндердің сен туралы айтқан ғайбат сөздерін де білемін. Шын мәнісінде олар — шайтанның мәжілісханасы.

Забур 68:5
Басымдағы шашымнан көп дұшпандарым, Себепсіз мені жек көреді жауларым, Сұмдықпен мені қудалап келеді, Алмаған нәрсемді талап етеді.

Забур 146:9
Осылай азық өсіреді мал мен аңдарға, Қарғаның шақырған балапандарына да.

Ғалаттықтар 2:10
Олар бізден тек қана мұқтаж сенушілерге көмектесуді ұмытпауымызды өтінді. Ал мен дәл осыны істеуге зор ынтамен ұмтылып келемін.

Римдіктер 3:23
бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010