A A A A A

Good Character: [Accountability]


Римдіктер 14:12
Демек, әрқайсымыз Құдай алдында өз іс-әрекетіміз үшін есеп береміз.

Римдіктер 1:20
Өйткені Құдайдың көзге көрінбейтін қасиеттері — Оның мәңгілік құдіреті мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан бері айқын: бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап түсінуге болады. Сондықтан адамдар Құдайды біле алмадық деп сылтаурата алмайды.

Нақыл Сөздер 27:17
Темір темірді қайрайды, Адам адамды қайрайды.

Джеймс 5:16
Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың Құдайға сиынуларының күші орасан зор.

Римдіктер 2:12
Таураттағы Құдайдың заңын білмей күнә жасағандарға сол заң қолданылмай-ақ тозаққа үкім шығарылады. Ал Таурат заңын біле тұра күнә жасағандар сол заң бойынша сотталады.

Лұқа 12:47-48
[47] Қожайынының еркін біле тұра дайын болмаған, оның қалауы бойынша істемеген қызметші қатты соққы жейтін болады.[48] Ал оның қалауын білмей, жазалауға тұратынды істеген қызметші азырақ соққы жейтін болады. Себебі Құдай кімге көп берсе, одан көп талап етеді, кімге көп сеніп тапсырса, одан есепті де көбірек сұрайды.

1 Салониқалықтарға 5:11
Сондықтан бір-біріңді жігерлендіріп, сенімдеріңді бұрынғыша өзара нығайта беріңдер!

Джеймс 4:17
Кім жасауға тиісті жақсылықты біле тұра жасамаса, сол күнәлі.

Римдіктер 4:15
Заң (оны мүлтіксіз орындамаған кісіні) Тәңірдің қаһарына ұшыратады, ал заң жоқ жерде оны бұзу да мүмкін емес.

1 Тімоте 1:10
бұзылғандар мен жыныстық азғындыққа түскендерге, кісі ұрлаушыларға, өтірікшілер мен жалған ант беретіндерге, яки дұрыс ілімге қайшы әрекет ететіндердің бәріне тыйым салатынын түсінеміз.

Матай 12:36
Сендерге шын айтамын: адамдар өздері айтқан әрбір жағымсыз сөздері үшін қиямет сотында жауап береді.

Лұқа 12:48
Ал оның қалауын білмей, жазалауға тұратынды істеген қызметші азырақ соққы жейтін болады. Себебі Құдай кімге көп берсе, одан көп талап етеді, кімге көп сеніп тапсырса, одан есепті де көбірек сұрайды.

Езекиел 18:20
Күнә жасаған жанның өзі соның жазасын тартып өлуге тиіс. Баласы әкесінің кінәсі үшін, әкесі де баласының кінәсі үшін жазаланбайды. Әділдің ізгі іс-әрекеті өзіне жақсылыққа саналады, әрі зұлымның арам іс-әрекеті өз мойнына артылады.

Ефес 5:21
Сендер Мәсіхті қастерлейтіндіктен, бір-біріңе мойынсұныңдар!

Еврейлерге 10:25
Кейбіреулер сенушілердің жиналыстарына бармай қалуды дағдыға айналдырып алған сияқты. Ал біздер солай істемей, бір-бірімізді одан бетер жігерлендірейік. Иеміздің қайтып келетін күнінің таяп қалғанын білесіңдер ғой.

Езекиел 33:8
Егер Мен зұлым жанға: Ей, зұлым адам, сен жазаңды тартып сөзсіз өлесің! деген хабарымды өзің арқылы жіберсем, ал сен оны жаман істері жайлы ескертпесең, онда сол зұлым адам өз күнәсінің жазасын тартып өледі. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың. Оның төгілген қаны үшін Мен сені жауапқа тартамын.

Матай 12:36-37
[36] Сендерге шын айтамын: адамдар өздері айтқан әрбір жағымсыз сөздері үшін қиямет сотында жауап береді.[37] Сол кезде сендер айтқан сөздеріңе сай не ақталатын, не айыпталатын боласыңдар.

Ғалаттықтар 6:1-2
[1] Бауырластар, араларыңдағы біреу күнә жасап қойса, сендер оны Киелі Рухтың жетелеуімен ілтипаттылық танытып түзу жолға қайтаруға ұмтылыңдар. Ал өздерің де азғырылудан сақ болыңдар![2] Біріңнің ауыр жүгіңді екіншің көтерісіңдер! Сөйтіп Мәсіхтің өсиетін орындайсыңдар.

Еврейлерге 10:24
Өзара сүйіспеншілік көрсетіп, игілік істеуге қозғау салудың қамын ойлайық.

Забур 51:5
Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан, Алдауды да ақиқатты айтудан. //

1 Жохан 2:2
Ол өз жанын құрбан етіп, күнәларымыздың құнын өтеді. Өзіміздің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың да күнәларының құнын өтеді.

2 Қорынттықтарға 5:10
Барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, әшкереленуге тиіспіз ғой. Сонда әрқайсымыз тәндік өміріміздегі іс-әрекетіміздің жақсы-жамандығына қарай лайықты бағамызды алатын боламыз.

2 Қорынттықтарға 4:17-18
[17] Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді![18] Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз. Себебі қазір көрініп тұрғандар өткінші, ал көрінбейтіндер мәңгі.

Ефес 4:25
Сондықтан өтірікті тастап, әрқайсың басқаларға шындықты айтыңдар! Бәріміз біріккен бір рухани дененің мүшелеріміз ғой.

Ғалаттықтар 6:2
Біріңнің ауыр жүгіңді екіншің көтерісіңдер! Сөйтіп Мәсіхтің өсиетін орындайсыңдар.

Актілер 14:17
Өзінің бар екендігіне істеген игі істерімен анық дәлел келтіруін тоқтатпады: Өзі аспаннан жаңбыр жаудырып, дер кезінде өнім беріп, мол азық сыйлауымен жүрегімізді қуанышқа кенелтеді.

2 Қорынттықтарға 2:6
Мұндайға көпшіліктен алған жазасы жеткілікті.

1 Самуел 16:7
Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой. Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады, Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады.

1 Қорынттықтарға 1:10
Бауырластарым, сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің атынан ескертемін: ауызбірлікті сақтап, жікке бөлінбеңдер! Қайта, бірдей мақсат пен пікірде болып, бірлікте тұрыңдар!

2 Патшалықтар 12:4-5
[4] Бірде Жоғас діни қызметкерлерге былай деп тапсырды: Адамдар Жаратқан Иенің киелі үйіне сый-тарту ретінде алып келген барлық күмісті жинаңдар! Ол санақта берілетін жан басы салығы әрі жеке адамдардың уәде еткен не ерікті түрде берген сый-тартулары бола алады.[5] Әрбір діни қызметкер адамдардың өзіне алып келген күмісін қабылдасын; соны ғибадатхананың жөнделуге қажетті жерлерін нығайтып қалпына келтіруге жұмсаңдар!

Забур 82:1
(Асаф сөзін жазған ән әрі жыр.)

Забур 82:6
Бірауыздан олар сөз байласып Жатыр, Саған қарсы одақ құрып:

Әйүп 1:6-12
[6] Құдайдың нөкерлері бір күні (көкте) Жаратқан Иенің алдында тұруға келгенде әзәзіл шайтан да олармен бірге келді.[7] Жаратқан Ие әзәзілге: — Қайдан келдің? — деген сұрақ қойды. Ол: — Жер бетін аралап кезіп келдім, — деп жауап берді.[8] Жаратқан Ие: — Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ, — дегенде,[9] әзәзіл: — Әйүп Құдайын бекерге қастерлейді дейсің бе?[10] Оның өзін, үй ішін және бар иелігін айналдыра шарбақпен қоршағандай қорғап жүрген Өзің емессің бе? Оның істегендерін Өзің жарылқап келесің. Содан оның табын-отарлары ел ішінде кеңінен таралуда.[11] Бірақ, кәне, барлық иелігіне қолыңды тигізе көрші. Сонда ол Сені қалайша мадақтар екен, көрейік, — деп жала жапты.[12] Жаратқан Ие: — Мейлі, оның барлық иелігін қолыңа берейін. Тек оның өзіне тиіспе! — деп шешті. Сонда әзәзіл Жаратқан Иенің алдынан шығып кетті.

Әйүп 2:1-7
[1] Құдайдың нөкерлері тағы бір күні Жаратқан Иенің алдында тұруға келгенде әзәзіл шайтан да олармен бірге Оның алдында тұруға келді.[2] Жаратқан Ие әзәзілге: — Қайдан келдің? — деген сұрақ қойды. Ол: — Жер бетін аралап кезіп келдім, — деп жауап берді.[3] Жаратқан Ие: — Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ. Оны еш себепсіз құрту үшін Мені қанша түрткілесең де, ол өзінің кінәратсыздығын сақтап келеді, — дегенде,[4] әзәзіл: — Теріні терімен айырбастар деген. Адам өз басын аман сақтау үшін қолындағының бәрін де сарп етер! — деп қарсылық білдірді. —[5] Оның еті мен сүйегіне қолыңды созып, тигізе көрші. Сонда ол Сені қалай мадақтар екен, көрейік, — деп жала да жапты.[6] Жаратқан Ие: — Мейлі, ол енді сенің қолыңда. Тек оның өмірін сақта! — деп шешті.[7] Сонда әзәзіл Жаратқан Иенің алдынан шығып кетті. Біраздан кейін әзәзіл шайтан Әйүптің денесін басынан аяғына дейін түгелдей жаралы шиқандармен қаптатты.

1 Шежірелер 28:8
Сондықтан бүкіл Исраил халқының алдында, Жаратқан Иенің жиналып тұрған осы жамағатының алдында және Құдайдың Өзінің алдында сендерге мынаны мықтап ескертемін: өздеріңнің Құдайларың Жаратқан Иенің барлық өсиеттерін сақтап орындайтын болыңдар! Сонда ғана сендер осы шұрайлы елді иеленіп, оны өздеріңнен кейін келетін ұрпақтарыңа мұра етіп қалдыра алатын боласыңдар.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010