A A A A A

God: [Curse]


Леуіліктер 20:9
Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса, ол өлтірілсін! Сол адам әке-шешесін жамандағандықтан, оның төгілген қаны өзінің мойнында.

Қайталау 28:15
Алайда егер сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспай, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған Оның өсиеттері мен ережелерін сақтап орындамасаңдар, онда төмендегі барлық қарғыстарға ұшырайсыңдар:

Көшіп Шығу 21:17
Ата-анасын қарғайтын өлтірілсін.

Еремия 15:10
— Қайран шешем-ай, неге маған жарық көрсеттің? Бүкіл елмен айтысып-таласып жүрген адаммын ғой! Ешкімнен аласым, ешкімге бересім жоқ, әйтсе де бәрі мені жек көріп қарғайды, — дедім.

Ғалаттықтар 3:13
Алайда айқыш ағашқа шегеленіп ілінген кезде Мәсіх бізге тиісті қарғысты Өз мойнына алып, бізді Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарды! Себебі Тауратта ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады деп жазылған.

Көшіп Шығу 34:7
Ол берік мейірімін мыңдағандарға танытады, Өзіне қарсы шығып теріс қылықтарды Жасаған күнәкарды да кешіруге дайын тұрады, Ал (қасарысқанды) жазасыз қалдырмайды, Аталарының теріс қылықтары үшін Жазалайды балалары мен немерелерін, Тіпті шөберелері мен шөпшектерін.

Лұқа 6:28
қарғайтындарға да игілік тілеп, өкпелететіндер үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер!

Санау 14:18
Жаратқан Ие тез қаһарланбайды, Ол сондай сенімді де қайырымды, Көтеріліс пен теріс қылықтарды Тіпті кешіруге дайын тұрады! Ал қасарысқанды жазасыз қалдырмайды, Ол аталарының кінәлары үшін Жазалайды балалары мен немерелерін, Тіпті шөберелері мен шөпшектерін.

Жаратылыс 3:17
Адамға Құдай Ие былай деді: Әйеліңнің тілін алып, Мен тыйым салған ағаштың жемісінен жеген сенің кесіріңнен жердің топырағын қарғыс атты! Бұдан былай тамағыңды өмір бақи бейнет шегіп топырақтан өсіріп жейтін боласың.

Нақыл Сөздер 26:2
Пыр еткен торғайдай, Ұшып кеткен қарлығаштай, Жөнсіз қарғыс адамға қонбас.

Қайталау 5:9
Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,

Ғалаттықтар 5:1
Мәсіх бізді еркін өмір сүрсін деп азат етті. Енді табанды болып, құлдықтың қамытын қайта кимеңдер!

Көшіп Шығу 20:5
Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,

2 Қорынттықтарға 5:17
Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!

1 Жохан 4:4
Ал, балаларым менің, сендер Құдайдансыңдар, жалған пайғамбарларды жеңіп шықтыңдар. Өйткені сендердегі Киелі Рух күнәкар дүниені билеп тұрған шайтаннан құдіретті.

2 Самуел 16:5-8
[5] Дәуіт патша Бахуримге таяп қалғанда, сол елді мекеннен Саулдың әулетіне жататын біреу шықты. Гера ұлы Шимей есімді сол адам патшаны қарғап-сілеп келе жатты.[6] Шимей Дәуіт пен оның нөкерлеріне, екі жағынан да еріп келе жатқан адамдарына және мықты жауынгерлеріне тас лақтыра берді.[7] Шимей қарғыс жаудырып былай деді: — Кет, шық елден! Әй, қанішер, жексұрын![8] Сен Саулдың орнына патша болып алғаннан кейін оның әулетінің қанын төктің. Сол үшін Жаратқан Ие сені жазалап отыр! Патшалықты ұлың Абессаломның қолына Жаратқан Ие алып берді. Сен кісі өлтірген қанішерсің, сондықтан да осы пәле басыңа түсіп отыр!

Қайталау 21:23
оны түні бойы ағашта қалдырмай, сол күні жерлеңдер. Себебі ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады. Осылайша Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе иемденуге табыстап отырған елді арамданып кетуден сақтаңдар!

Көшіп Шығу 20:5-6
[5] Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,[6] ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін.

1 Самуел 17:43
— Маған таяқпен шығатындай ит пе едім, сонша?! — деп айқайлады. Өзінің табынатын тәңірлерінің аттарымен қарғап-сілеп:

Езекиел 18:20
Күнә жасаған жанның өзі соның жазасын тартып өлуге тиіс. Баласы әкесінің кінәсі үшін, әкесі де баласының кінәсі үшін жазаланбайды. Әділдің ізгі іс-әрекеті өзіне жақсылыққа саналады, әрі зұлымның арам іс-әрекеті өз мойнына артылады.

Еремия 31:29-30
[29] Сол заманда Қышқыл жүзімді көп жеген — аталары, ал тістері қамалған — балалары деген нақыл сөз келтірілмейді.[30] Қайта, әр қылмыскер өзі жасаған зұлымдығы үшін өлім құшпақ. Бұл: Қышқыл жүзім көп жегеннің өз тістері қамалар дегендей болады.

Көшіп Шығу 20:6
ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін.

Қайталау 18:10-12
[10] Араларыңдағы ешқайсың ұл-қызын оттан өткізіп (жалған тәңірге құрбандыққа ұсынбасын)! Бал ашып, жауырынға қарап, не құмалақ салып сәуегейлікпен де айналыспаңдар! Сиқырлау,[11] дуалап үшкіру және теріс бата берумен де шұғылданбаңдар! Аруақтарды шақырып, олармен тілдесуші, ақыл-кеңестерін сұраушы да болмаңдар! Араларыңда осылай істейтіндер болмасын![12] Бұндай істермен айналысатын әркім Жаратқан Иеге жек көрінішті. Осындай қылықтарына бола Құдай Иеміз сол азғын халықтарды алдарыңнан қуып шығады.

Римдіктер 8:37-39
[37] Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.[38] Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды![39] Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!

1 Петір 5:8-9
[8] Салауатты да сергек болыңдар! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр.[9] Сенімдеріңе берік болып, оған төтеп беріңдер! Дүниенің төрт бұрышындағы құрбы қауымдастарыңның да дәл сондай азаптарды шегуге мәжбүр екенін білесіңдер ғой.

Жаратылыс 3:17-19
[17] Адамға Құдай Ие былай деді: Әйеліңнің тілін алып, Мен тыйым салған ағаштың жемісінен жеген сенің кесіріңнен жердің топырағын қарғыс атты! Бұдан былай тамағыңды өмір бақи бейнет шегіп топырақтан өсіріп жейтін боласың.[18] Жердің топырағы саған тікенектер мен ошағандарды қаулатып, сен далада өсетін дәнді дақылдармен қоректенетін боласың.[19] Өзің жаратылған жердің қойнына қайтып кіргенше, жейтін наныңды маңдай теріңді төгіп жүріп табатын боласың. Сен топырақтан жаратылдың, қайтадан топыраққа айналасың!

Жаратылыс 4:10-12
[10] Жаратқан Ие: — Сен не істедің? Ініңнің төгілген қаны Маған жерден үн қатып, кегін алуды сұрап тұр![11] Сені қарғыс атқан! Енді өз қолыңмен өлтірген ініңнің қаны сіңген жердің топырағынан аулақ жүресің.[12] Сен оны өңдегенде, түк өнім ала алмайсың. Сондықтан жер бетінде тұрағы жоқ кезбеге айналасың, — деді.

Жаратылыс 9:18-27
[18] Кемеден шыққан Нұхтың ұлдарының есімдері: Шам, Хам, Япші. Хам Қанаханның әкесі еді.[19] Бұлар Нұхтың үш ұлы болатын, осылардан жер бетіндегі барлық халықтар тарады.[20] Нұх жер өңдеп, жер бетінде бірінші болып жүзім екті.[21] Бірде ол шарап ішіп, мас болып, шатырдың ішінде жалаңаш жатты.[22] Қанаханның әкесі Хам өз әкесінің жалаңаш денесін көріп, сыртқа шығып, оны екі бауырына хабарлады.[23] Ал Шам мен Япші бір жамылғыны иықтарына іле салып, теріс қарап ішке кіріп, әкелерінің денесін жапты. Жүздерін басқа жаққа бұрғандықтан, олар оның жалаңаш денесін көрген жоқ.[24] Нұх мастығынан айығып, оянғаннан кейін, кіші ұлының өзін келеке еткені туралы естіп,[25] былай деді: Қанаханды қарғыс атсын! Ол ағайындарының ең бейшара құлына айналсын![26] Содан соң ол: Шамның Құдай Иесі мадақталсын! Ал Қанахан Шамның құлы болсын![27] Құдай Япшінің өрісін кеңейтсін, Ол Шамның шатырларында тұрсын! Ал Қанахан оның құлы болсын! — деді.

1 Патшалықтар 2:32-46
[32] Енді Жаратқан Ие жазықсыз төккен қанын Жоғабтың мойнына салады. Себебі ол әкем Дәуіт марқұмға білдірмей, өзінен әділ де ізгі екі адамды: Исраилдің қолбасшысы Нер ұлы Әбенирді және Яһуданың қолбасшысы Етер ұлы Амасаны семсерімен шауып өлтірді.[33] Олардың төгілген қаны мәңгі бақи Жоғабтың және оның үрім-бұтағының мойындарында болсын! Ал Дәуіттің өзіне, оның үрім-бұтағына, әулетіне және патшалық тағына Жаратқан Ие мәңгілік амандық пен тыныштық сыйласын![34] Еходай ұлы Бенаях киелі шатырға қайтып барып, Жоғабты шауып өлтірді. Оның мәйіті айдаладағы үйінің маңындағы қабірге қойылды.[35] Патша Жоғабтың орнына Еходай ұлы Бенаяхты әскердің қолбасшысы, ал Абиятардың орнына Садықты бас діни қызметкер етіп тағайындады.[36] Мұнан кейін патша буняминдік Шимейді шақырып алып, оған былай деп бұйрық берді: — Өзіңе Иерусалимде үй салып ал. Соған қоныстан да, қаладан ешқайда шығушы болма![37] Біліп қой, қаладан шығып, Қидрон сайын кесіп өтетін болсаң, сен міндетті түрде өлесің. Сонда төгілген қаның өз мойныңда болады. —[38] Шимей патшаға: — Айтқаныңыз дұрыс. Патша ием не десе, алдыңыздағы құлыңыз соны орындайды! — деп жауап берді. — Сөйтіп Шимей Иерусалимде тұрып жатты.[39] Алайда үшінші жылдың соңына қарай Шимейдің құлдарының екеуі Ғат патшасы Маха ұлы Анхұсқа қашып кетті. Құлдарының Ғатта екендігі туралы Шимей де естіді.[40] Сонда ол есегін ерттеп, Ғаттағы Анхұс патшаға барып, құлдарын іздеп тауып, қайтарып алып келді.[41] Шимейдің Ғатқа барып-қайтқандығы туралы Сүлеймен біліп қойды.[42] Содан патша Шимейді шақырып алды да, оған былай деді: Мен саған Жаратқан Иенің атынан ант еткізіп, Қаладан шығып, басқа жаққа барған күні міндетті түрде өлесің деп ескертпеп пе едім!? Сонда сен: Айтқаныңыз дұрыс, құлдық! деп келіскен едің.[43] Ал енді, Жаратқан Иеге берген сол сертіңді және менің өзіңе тапсырған бұйрығымды неге бұздың? —[44] Содан патша Шимейге тағы мынаны айтты: — Әкем Дәуіт марқұмға жасаған барлық зұлымдықтарыңды өзің де білесің. Жаратқан Ие енді соларды өз басыңа үйіріп отыр.[45] Ал Сүлеймен патша жарылқанып, Дәуіттің патшалық тағы Жаратқан Иенің алдында мәңгілікке орнығатын болады![46] Содан патша Еходай ұлы Бенаяхқа бұйрық беріп, ол Шимейді сыртқа шығарып, шауып өлтірді. Сонымен Сүлейменнің патшалық билігі берік орнады.

Әйүп 2:9
Әйелі оған: — Әлі де кінәратсыздығыңды ұстанып отырсың ба? Одан да Құдайды балағаттап, (азабыңнан құтылып) өле қал, — деп ақыл айтты.

Әйүп 19:17
Әйелім демімнің иісінен жеркенеді, туған бауырларыма да жексұрынмын.

Әйүп 1:10
Оның өзін, үй ішін және бар иелігін айналдыра шарбақпен қоршағандай қорғап жүрген Өзің емессің бе? Оның істегендерін Өзің жарылқап келесің. Содан оның табын-отарлары ел ішінде кеңінен таралуда.

Ефес 6:10-17
[10] Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер![11] Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген рухани қару-жарақпен түгел жабдықталыңдар![12] Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз.[13] Сондықтан Құдай берген рухани қару-жарақтың бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар.[14] Сонымен, шындықпен белді бекем буып, әділдікті сауыт қылып киіп, табанды тұрыңдар![15] Аяқкиімдеріңді де киіп, татуласу туралы Ізгі хабарды таратуға дайын болыңдар![16] Бұларға қоса сенімдеріңді қалқан қылыңдар, онымен шайтанның барлық отты жебелерін өшіріп тастай аласыңдар;[17] құтқарылғандықтарыңды дулыға етіп киіп қорғаныңдар; Құдай сөзін рухани семсер қылып ұстаңдар!

Матай 5:22
Ал Мен сендерге былай деймін: кімде-кім басқа адамға кәрін төксе, сол сотталмақ. Басқаны Сенен еш пайда жоқ! деп балағаттайтын әркім Жоғарғы кеңес алдында жауап бермек, ал Құдайдан безген ақымақ! деп жамандайтындар тозақ отына түседі.

Римдіктер 3:23
бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.

Римдіктер 6:23
Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір.

Жаратылыс 9:25
былай деді: Қанаханды қарғыс атсын! Ол ағайындарының ең бейшара құлына айналсын!

Забур 104:9
Ыбырайыммен жасаған Келісімін, Ысқаққа да антпен берген сол уәдесін,

Жаратылыс 6:12
Дүниенің әбден бұзылғанына Құдай көзін жеткізді, себебі жер бетіндегі барлық адамдар азғын өмір сүрді.

Жаратылыс 7:20
Осылай топан су таулардың шыңдарынан он бес шынтақ биіктікке көтерілді.

Жаратылыс 8:5-9
[5] Су оныншы айға дейін үздіксіз азайып, оныншы айдың бірінші күні тау шыңдары көріне бастады.[6] Қырық күн өткенде Нұх кемедегі өзі жасаған терезені ашып,[7] бір қара қарғаны сыртқа ұшырып жіберді. Қарға жер бетіндегі су кепкенше келіп-кетіп ұшып жүрді.[8] Содан кейін Нұх жер бетіндегі судың азайғанын тексеру үшін бір көгершінді сыртқа ұшырып жіберді.[9] Бірақ көгершін қонақтауға орын таппай, кемеге қайта оралды, себебі жер бетін әлі де су басып тұрған еді. Нұх қолын сыртқа созып, көгершінді қайтадан кемеге кіргізіп алды.

Жаратылыс 9:11
Бұдан былай еш уақытта тіршілік атаулы топан судан құрымайды және жерді бүлдіретін топан су ешқашан қайтып болмайды деп, сендермен Келісім жасаймын, — деді.

Римдіктер 12:14
Өздеріңді қудалағандарға Құдайдан жақсылық тілеңдер, оларды қарғамай, ақ баталарыңды беріңдер!

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010