A A A A A

God: [Commandments]


Белгі 10:19
Оның өсиеттерін білесің ғой: Неке адалдығын бұзба; кісі өлтірме; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ешкімнің ақысын жеме; ата-анаңды сыйла! — деді.

Лұқа 18:20
Оның өсиеттерін білесің ғой: Неке адалдығын бұзба; кісі өлтірме; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ата-анаңды сыйла! — деп жауап берді.

Матай 22:34-40
[34] Исаның саддукейлерді үндетпей қойғанын естігенде, парызшылдар бас қосып жиналды.[35] Кейін олардың біреуі, Таурат заңын үйретуші ғұлама, Исаның ұстанған ілімін сынамақшы болып Оған мына сұрақты қойды:[36] — Ұстаз, Таураттағы ең ұлы өсиет қайсысы? — Иса:[37] — Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй![38] Бұл — ең ұлы да басты өсиет.[39] Ал екіншісі де сол сияқты маңызды: Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй![40] Бүкіл Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбалары осы екі өсиетке негізделген, — деді.

Римдіктер 13:9
Неке адалдығын бұзба; кісі өлтірме; ұрлық жасама; басқаның иелігіне сұқтанба! және тағы басқа бұйрықтар Таурат заңында былай деп тұжырымдалған: Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!

Матай 19:16-19
[16] Сол кезде біреу Исаға келіп: — Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін қандай игі істер істеуім керек? — деген сұрақ қойды. Иса оған:[17] — Менен неге игілік туралы сұрайсың? Нағыз игілікті — Біреу-ақ. Мәңгілік өмірге ие болу үшін Оның өсиеттерін орындайтын бол! — деп жауап берді. Әлгі кісі:[18] — Қайсыларын? — деп сұрады. — Кісі өлтірме; неке адалдығын бұзба; ұрлық жасама; жалған куәлік берме;[19] ата-анаңды сыйла! және Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй! — деді Иса.

Матай 22:36-40
[36] — Ұстаз, Таураттағы ең ұлы өсиет қайсысы? — Иса:[37] — Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй![38] Бұл — ең ұлы да басты өсиет.[39] Ал екіншісі де сол сияқты маңызды: Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй![40] Бүкіл Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбалары осы екі өсиетке негізделген, — деді.

Матай 10:17-22
[17] Жұрттан сақтанып жүріңдер, олар сендерді соттарға ұстап беріп, өздерінің мәжілісханаларында дүре соғатын болады.[18] Менің жолыма түскендеріңе бола сендерді әміршілер мен патшалар алдына да апарады. Осылайша соларға және басқа ұлт адамдарына Мен туралы ашық айтасыңдар.[19] Адамдар сендерді ұстап бергенде, қалай және не айтатындарыңды ойлап уайымдамаңдар! Айтатын сөздерің сол сәтте ауыздарыңа салынады.[20] Осылай өздерің емес, сендер арқылы көктегі Әкелеріңнің Киелі Рухы сөйлейтін болады.[21] Сонда тіпті бауыры өз бауырын, әкесі өз баласын ажалға ұстап беріп, балалары да әке-шешелеріне қарсы көтеріліп, оларды өлімге душар етеді.[22] Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады. Ал ақырына дейін табандылық танытқан әркім құтқарылады.

Римдіктер 13:8-14
[8] Қарыздарыңды уақтылы өтеп қайтарыңдар, әсіресе, бір-біріңді сүю парызын өтеп тұрыңдар. Адамның басқаларды сүюі Құдайдың заңын да орындағаны.[9] Неке адалдығын бұзба; кісі өлтірме; ұрлық жасама; басқаның иелігіне сұқтанба! және тағы басқа бұйрықтар Таурат заңында былай деп тұжырымдалған: Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй![10] Сүйіспеншілікке кенелген адам маңайындағыларға жамандық істемейді. Сондықтан сүйіспеншілік көрсету — Құдайдың заңын орындау.[11] Осыны іске асырыңдар, себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр.[12] Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын нұрдың қаруын асынайық![13] Күндізге жарасатындай әдетпен өмір сүрейік: шектен тыс той-думанға, маскүнемдікке, неке адалдығын бұзуға, азғындыққа, дау-дамайға әрі күндестікке салынбайық![14] Одан да Иеміз Иса Мәсіхке беріле түсіп, Оны үлгі етіңдер. Ескі болмыстарыңның күнәлі құмарлықтарын қанағаттандыруды ойлаудан бас тартыңдар!

Белгі 12:28-34
[28] Бір дін мұғалімі жақындап келіп, олардың айтысып жатқандарын тыңдап тұрған еді. Исаның жақсы жауап бергеніне көзі жетіп, Оған: — (Таураттағы) өсиеттердің ең бастысы қайсысы? — деген сұрақ қойды.[29] Иса оған былай деп жауап берді: — Бәрінің ең бастысы мынау: Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Иеміз![30] Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен, бар күш-қуатыңмен сүй! Бұл — басты өсиет.[31] Ал екіншісі (де сол сияқты): Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй! Бұлардан жоғары өсиет жоқ. —[32] Сонда дін мұғалімі Исаға былай деді: — Сіздікі дұрыс, Ұстаз! Құдай жалғыз, Одан басқа құдай жоқ деп шындығын айттыңыз.[33] Оны шын жүректен, барлық ақыл-оймен, бүкіл жан дүниесімен, бар күш-қуатпен сүю әрі маңайындағы адамды өзіндей сүю Құдайға арналған құрбандықтар мен басқа да сый-тартулардың бәрінен де жоғары. —[34] Иса сол дін мұғалімінің парасатты жауап бергенін көргенде оған: — Құдайдың Патшалығынан алыс емес екенсің, — деді. Бұдан кейін Исаға сұрақ қоюға ешкімнің батылы бармады.

Көшіп Шығу 34:28
Қырық күн, қырық түн бойы Мұса сол жерде Жаратқан Иенің қасында болып, нан да жемеді, су да ішпеді. Ол тас тақташаларға Келісімнің сөздерін — Он өсиетті жазды.

Қайталау 4:13
Жаратқан Ие сендерге Өзінің Келісімін жариялап, орындауға бұйырған Он өсиетін айтты да, оларды екі тас тақташаға жазып берді.

Қайталау 10:4
Жаратқан Ие бұрын жазған Он өсиетті осы тақташаларға қайталап жазды. Сендер тау етегінде жиналған күні Жаратқан Ие сол Он өсиетті тау басындағы от ішінен сендерге жариялап айтқан болатын. Жаратқан Ие тас тақташаларды маған табыстаған соң,

Қайталау 5:7-22
[7] Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын![8] Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама![9] Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,[10] ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін.[11] Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма! Өз атын орынсыз қолданғандарды Жаратқан Ие жазасыз қалдырмайды.[12] Құдай Иең саған өсиеттегендей, демалыс күнін Оған бағыштауды сақтайтын бол![13] Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер,[14] ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не өгізің, не есегің, не басқа да малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Осылайша өзің сияқты қызметшілерің де демалсын.[15] Сенің де Мысырда құл болғаныңды, Құдайың Жаратқан Иенің сені Өзінің алға созылған құдіретті қолымен сол елден алып шыққанын есіңнен шығарма! Сондықтан да Құдай Иең саған демалыс күнін сақтауды бұйырды.[16] Құдай Иең саған өсиеттегендей, ата-анаңды сыйла! Сонда Құдай Иең өзіңе табыстайтын елде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың.[17] Кісі өлтірме![18] Неке адалдығын бұзба![19] Ұрлық жасама![20] Ешкімді бекерге айыптама![21] Басқаның әйеліне, оның үйіне не жеріне, құл-күңіне, өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба![22] Осы сөздерді Жаратқан Ие оттың және бұлт пен қою қараңғылықтың ішінен таудың етегінде жиналып тұрған сендерге зор дауыспен айтып берді. Оларға басқа еш нәрсе қосқан жоқ. Сол өсиеттерін Ол екі тас тақташаға жазып, маған тапсырды.

Қайталау 6:21
онда оларға былай деп жауап беріңдер: Біз Мысырда перғауынның құлдары болып жүрген едік. Бірақ Жаратқан Ие бізді сол елден Өзінің құдіретті қолымен құтқарып алып шықты.

Қайталау 10:1-5
[1] Сол кезде Жаратқан Ие маған былай деп тапсырды: Бұрынғы екеуіндей етіп тағы екі тас тақташа қашап жасап ал. Содан кейін таудың басына Менің алдыма көтеріліп кел. Бір ағаш сандық та жасап дайындауың керек.[2] Мен жаңа тақташаларға өзің сындырып тастаған алғашқы тақташалардағы сөздерді жазып қоймақпын. Содан кейін тақташаларды сандыққа салып қой.[3] Сонда мен аққараған ағашынан сандық жасап дайындадым, әрі тастан бұрынғылардай екі тақташа қашап жасап алдым. Тақташаларды қолыма ұстап, тау басына көтерілдім.[4] Жаратқан Ие бұрын жазған Он өсиетті осы тақташаларға қайталап жазды. Сендер тау етегінде жиналған күні Жаратқан Ие сол Он өсиетті тау басындағы от ішінен сендерге жариялап айтқан болатын. Жаратқан Ие тас тақташаларды маған табыстаған соң,[5] мен тау басынан төмен түстім. Бұдан кейін сол екі тақташаны Жаратқан Иенің берген нұсқауы бойынша өзім жасаған Келісім сандығының ішіне салып қойдым. Қазір де олар сонда жатыр.

Көшіп Шығу 20:1-17
[1] Сол кезде Құдай (халыққа арнап) мына сөздердің бәрін айтты:[2] Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін.[3] Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын![4] Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама![5] Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,[6] ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін.[7] Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма! Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды.[8] Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол![9] Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер,[10] ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер![11] Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі.[12] Ата-анаңды сыйла! Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.[13] Кісі өлтірме![14] Неке адалдығын бұзба![15] Ұрлық жасама![16] Ешкімді бекерге айыптама![17] Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба! Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!

Көшіп Шығу 24:12
Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: Таудың басына көтеріліп, осы жерде бол. Мен саған халыққа үйрету үшін Өзім ережелерім мен өсиеттерімді жазған тас тақташаларды беремін.

Көшіп Шығу 34:10-29
[10] Бұған Жаратқан Ие былай деді: — Міне, Мен сендермен Келісім жасамақпын: халқыңның көз алдында бұған дейін жер бетінде ешбір ұлттың арасында болып көрмеген кереметтерді жүзеге асырмақпын. Өзің бірге тұрып жатқан бүкіл халқың Мен — Жаратқан Ие сендер үшін жасайтын, үрей туғызатын ғажап істерді көретін боласыңдар.[11] Ал сендер Менің өздеріңе бүгін беріп тұрған бұйрықтарымды орындайтын болыңдар! Біліп алыңдар: Мен алдарыңнан жүріп отырып, аморлықтар, қанахандықтар, хеттіктер, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді елден қуып шығамын.[12] Сол елге кіргенде оның тұрғындарымен қандай да бір келісім жасаудан сақтаныңдар! Олай етпесеңдер, олар сендерді күнәға батыратын тұзақ болады.[13] Қайта, солардың құрбандық ұсынатын орындарын бұзып, қиратып, табынатын тас мүсіндерін талқандап, әйел тәңірлері Ашераға бағышталған ағаш бағаналарын шауып тастаңдар![14] Менен, Жаратқан Иеден, басқа ешбір тәңірге құлшылық етпеңдер! Себебі бір атағым Қызғаныш. Өзімді шын көңілмен сүйіп, түгелдей бағышталуларыңды талап еткен Құдаймын.[15] Сонымен сендер сол елде тұратындармен келісім жасаудан сақтаныңдар! Әйтпесе олар Маған сенімсіздік танытып, өз тәңірсымақтарына арнап құрбандық шалып құлшылық еткенде сендерді де шақырады. Осылай сендер сол құрбандықтарынан жеп, өздерің де жалған тәңірлерге табынатын боласыңдар.[16] Ұлдарыңа олардың қыздарын алып бермеңдер! Әйтпесе сол келіндерің шынайы Құдайға опасыздық жасап өздерінің жалған тәңірлеріне құлшылық еткенде, сендердің ұлдарыңа да солай істетпек.[17] Тәңір мүсіндерін жасамаңдар![18] Жыл сайын Ашымаған нан мейрамын тойлаңдар! Өзім бұйырғандай, жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Мұны (көктемнің) абиб айының белгіленген мезгілінде өткізіңдер, себебі Мысырдан сол айда көшіп шыққан едіңдер.[19] Құрсақ атаулыдан шыққан әрбір тұңғыш Менікі! Ірі қара мен ұсақ малдардың тұңғыш еркек жыныстыларының бәрі де Маған бағышталсын.[20] Есектің алғаш туған қодығының орнына бір тоқты құрбандыққа шалынсын. Егер олай етпесең, қодықтың желкесін үз. Ал әрбір тұңғыш ұлдарыңның төлемі ретінде арнайы құрбандық шалыңдар. Ешкім Менің алдыма құр қол келмесін![21] Алты күн жұмыс істеп, жетінші күні демалыңдар! Жер жыртып, егін салып, оны орған кезде де сол күні демалуға тиіссіңдер.[22] Бидайдың алғашқы өнімін жинарда Жеті апта мейрамын, ал жылдың аяғында Сабантой мейрамын мерекелеңдер![23] Күллі ер адамдарың жылына үш рет Исраилдің сиынған Құдайы — Жаратушы Тәңір Иенің алдына келуге тиіс.[24] Мен сендердің көз алдарыңнан басқа халықтарды қуып шығарып, шекараларыңды кеңейтемін. Сондықтан сендер жылына үш рет Құдайларың Жаратқан Иенің алдына келген кездеріңде ешкім де елдеріңе қызғанышпен шабуыл жасамайтын болады.[25] Маған арналған құрбандықтың қанын ашытқымен дайындалған тамаққа құйып ұсынбаңдар! Құтқарылу мейрамына шалынған малдың еті таң атқанша қалып қоймасын![26] Егістік жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсысын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер! Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер![27] Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға: — Осы сөздерді жазып қой. Мен сенімен және бүкіл Исраил халқымен Келісімімді солардың негізінде жасаймын, — деп бұйырды.[28] Қырық күн, қырық түн бойы Мұса сол жерде Жаратқан Иенің қасында болып, нан да жемеді, су да ішпеді. Ол тас тақташаларға Келісімнің сөздерін — Он өсиетті жазды.[29] Бұдан кейін Мұса Келісімнің ережелері жазылған екі тас тақташаны қолына ұстап, Синай тауынан төмен түсті. Ол Жаратқан Иемен тілдескендіктен бет-жүзі нұр шашып жарқырап тұрды. Ал өзі мұны білген де жоқ.

Қайталау 6:4-9
[4] Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Құдай![5] Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен сүй![6] Бүгін Мен өздеріңе тапсырып отырған осы сөздер жүректеріңнен тұрақты орын алсын![7] Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар![8] Бұл сөздер қолдарыңа байланған белгі, көз алдарыңдағы ескертпе жазба іспетті болсын.[9] Оларды үйлеріңнің есік жақтауларына әрі қақпаларыңа да жазып қойыңдар.

Көшіп Шығу 20:2-17
[2] Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін.[3] Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын![4] Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама![5] Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,[6] ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін.[7] Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма! Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды.[8] Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол![9] Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер,[10] ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер![11] Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі.[12] Ата-анаңды сыйла! Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.[13] Кісі өлтірме![14] Неке адалдығын бұзба![15] Ұрлық жасама![16] Ешкімді бекерге айыптама![17] Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба! Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!

Көшіп Шығу 31:18
Жаратқан Ие Синай тауының басында Мұсаға арнаған сөзін бітіргеннен кейін оған өз қолымен Келісімнің ережелерін жазған екі тас тақташаны табыс етті.

Джон 14:15
Сендер Мені сүйсеңдер, өсиеттерімді орындаңдар!

Матай 19:18
— Қайсыларын? — деп сұрады. — Кісі өлтірме; неке адалдығын бұзба; ұрлық жасама; жалған куәлік берме;

Джон 15:10
Менің Әкемнің өсиеттерін орындап, сүйіспеншілігін қабылдап жүргенімдей, сендер де Менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімді қабылдап жүресіңдер.

Матай 5:17
Мені Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбаларының күшін жою үшін келді деп ойламаңдар: Мен оларды жою үшін емес, қайта, толық мағынасында жүзеге асыру үшін келдім.

Көшіп Шығу 32:15
Мұса екі тас тақташаны қолына ұстап, кері бұрылып, таудың басынан төмен түсіп кетті. Тақташалардың екі бетінде: алдыңғы және артқы жақтарында Келісімнің ережелері жазылған еді.

Джон 15:12-17
[12] Сендерге айтатын өсиетім мынау: бір-біріңді Менің өздеріңді сүйгенімдей сүйіңдер![13] Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі.[14] Егер Менің тапсырғандарымды орындасаңдар, Маған доссыңдар.[15] Сендерді бұдан былай құл демеймін, құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Қайта, сендерді достарым деп атадым, өйткені Әкемнен естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім.[16] Сендер Мені таңдап алған жоқсыңдар, қайта, Мен сендерді таңдап алдым: өздерің барып, рухани жеміс берсін, сол жемістерің тұрақты болсын деп тағайындадым. Сонда Менің атымнан не сұрасаңдар, Әкем соның бәрін де береді.[17] Сендерге айтатын өсиетім мынау: бір-біріңді сүйіңдер!

Көшіп Шығу 32:16
Тас тақташаларды жасау да, беттеріндегі сөздерді ойып жазу да Құдайдың ісі болатын.

Көшіп Шығу 34:27
Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға: — Осы сөздерді жазып қой. Мен сенімен және бүкіл Исраил халқымен Келісімімді солардың негізінде жасаймын, — деп бұйырды.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010