A A A A A

God: [Blessing]


Лұқа 6:38
Беріңдер, сонда сендерге де беріледі: шайқап, нығыздап толтырып, тасып-төгілген мөлшерде салып беріледі. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ.

Матай 5:4
Күнәларына өкініп қайғырғандар бақытты: Құдай оларды жұбататын болады!

Філіпіліктер 4:19
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.

Забур 67:7
Жалғыз жандарға жанұя сыйлайды, Тұтқынды босатып, шаттыққа бөлейді, Ал қыңырды қапырық шөлге тастайды.

Санау 6:24-25
[24] Жаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін,[25] Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін,

Філіпіліктер 4:6-7
[6] Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер![7] Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.

Джеймс 1:17
көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.

Еремия 17:7-8
[7] Ал Жаратқан Иеге сенімін артатын, бар үмітін Оған жүктейтін адам бақытты![8] Ол судың жағасында өсіп тұрған, тамырларын өзенге қарай созған ағашқа ұқсайды. Аптап ыстық келсе де, еш қауіптенбей, жапырақтары да әрдайым жасыл болады. Қуаңшылық жылы да алаңдамайды, ешқашан жеміс бермей қалмайды.

Ишая 41:10
Қорықпа, Мен саған жар боламын, Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін, Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.

Джон 1:16
Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.

Жаратылыс 22:16-17
[16] Жаратқан Ие мынаны айтады: сен осылайша істеп, жалғыз ұлыңды Менен аямағаның үшін өз атыммен ант етемін:[17] саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағалауындағы құм қиыршықтары қаншалықты көп болса, Мен сенің ұрпақтарыңды да соншалықты сансыз етіп көбейтемін. Олар жауларын жеңіп, қалаларын басып алатын болады.

Жаратылыс 27:28-29
[28] Айырмасын Құдай сені аспан шығынан, Әрі топырақтың құнарлылығынан, Ағыл-тегіл астық пен жүзім шырынынан![29] Саған ұлттар қызмет жасай берсін, Һәм халықтар бас иетін болсын! Сен билейтін бол бауырларыңды, Саған бағынсын анаңның ұлдары! Сені қарғайтындарды қарғыс атсын, Ал батасын беретіндер жарылқансын!

Забур 1:1-3
[1] Мынадай адам шынымен бақытты: Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды, Күнәкарлар жолымен де жүрмейді, Мазақтаушылармен бірге отырмайды.[2] Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады, Күні-түні сол туралы ойланады.[3] Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды: Сол мерзімінде жемісін береді, Жапырақтары кеуіп те сембейді, Не істесе де, ол табысқа жетеді.

Забур 23:1-4
[1] (Дәуіттің жыры.) Жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі, Бұл дүние мен онда тұрғандар түгел Онікі,[2] Жердің негізін Ол теңіздің түбіне орнатты, Ағындардың үстінен берік етіп нығайтты.[3] Жаратқанның тауына кімнің шығуына болады, Оның киелі орнында кімнің тұруына болады?[4] Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады, Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.

2 Самуел 22:3-4
[3] Құдайым — сенім артқан шың құзым, Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым, Әрі биік таудағыдай баспанам, Мені құтқарады зорлық-зомбылықтан![4] Мадаққа лайық Жаратқанға сиынам, Ол мені арашалайды жауларымнан.

1 Жохан 5:18
Мынаны білеміз: кім Құдайдың рухани баласы болса, сол күнә жасай бермейді. Құдайдың рухани Ұлы оны сақтағандықтан, шайтан оған тиісе алмайды.

Забур 138:7
Сенің Рухыңнан мен қайда қашпақпын? Көз алдыңнан қайда жасырынбақпын?

2 Қорынттықтарға 9:8
Ал сендерді бүкіл игілікке молынан кенелтуге Құдайдың құдіреті жетеді! Сонда әрдайым, қандай жағдайда да қажеттеріңнің бәрімен қамтамасыз етіліп, әр қилы игі істерді молынан жасай аласыңдар.

Філіпіліктер 4:7
Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010