A A A A A

Church: [Deacons]


1 Тімоте 3:1-13
[1] Егер біреу қауым басқарушысы болуға ынталанса, оның игілікті істі қалағаны. Бұл — дәл айтылған шынайы сөз.[2] Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал, салауатты, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы,[3] не арақ-шарапқа құмар, не ұрыншақ та емес, шыдамды, айтыс-тартыстан аулақ жүретін, ақшаға да құнықпайтын жан болуға тиіс.[4] Ол отбасына жақсы басшылық жасап, балаларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт.[5] Өйткені өз отбасына басшылық ете алмаған адам қалайша Құдайдың қауымын қамқорлай алады?[6] Басқарушы сенім жолына жуықта ғана түскен біреу болмауға тиіс. Әйтпесе ол әзәзіл шайтан іспетті мақтаныштан кеудесін көтеріп, Құдайдың үкіміне ұшырауы мүмкін.[7] Сондай-ақ, масқараланып, шайтанның торына түсіп кетпеуі үшін қауымнан тыс жұрттың да оған жақсы куәлік берулері керек.[8] Сол сияқты, қауым қызметшілері де байыпты, өтірік айтпайтын жандар болып, маскүнемдік пен пайдақұмарлықтан аулақ жүрулері қажет.[9] Олар бізге сенім туралы ашылған шынайы ілімдерді ұстанып, таза ар-ұжданмен өмір сүруге ұстануға тиіс.[10] Бұлар да алдымен сыналсын. Содан кейін, егер айыпсыз болса, міндеттеріне кіріссін.[11] Сондай-ақ (қауым қызметшілерінің) әйелдері де байыпты, өсек айтпайтын, салауатты, қай нәрседе де адал болуға тиіс.[12] Қауым қызметшілері әйелдеріне адал болып, балалары мен отбасыларына жақсы басшылық етулері керек.[13] Міндеттерін жақсы атқаратындар зор беделге және Мәсіх Исаға деген сенімде үлкен батылдыққа ие болады.

Філіпіліктер 1:1
Філіпі қаласында тұратын, Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы қауым басқарушылары мен қызметшілеріне қоса Құдайдың барлық адамдарына Иса Мәсіхтің қызметшілері Пауыл мен Тімотеден дұғай сәлем:

Актілер 6:1-7
[1] Мәсіхтің жолын қуушы шәкірттерінің саны өсіп келе жатқан осы күндері грекше сөйлейтін шетелдік яһудилер еврейше сөйлейтін жергіліктілермен ренжісіп қалды. Себебі күнделікті тамақпен қамтамасыз еткен кезде шетелдіктердің жесірлері ескерілмей қалып жүрген еді.[2] Сонда он екі елші шәкірттердің бәрін жинап алып, оларға былай деді: Егер біз Құдайдың сөзін уағыздау қызметіне салғырт қарап, дастарқан қамын ойласақ, бұл дұрыс болмас.[3] Бауырластар, сондықтан орталарыңнан абыройлы әрі Киелі Рух пен даналыққа бөленген жеті ер адамды таңдап алыңдар! Оларға осы міндетті жүктемекпіз.[4] Ал біз Құдайға сиынып, Оның сөзін уағыздап, тәлім беру қызметімізді жалғастыра берейік.[5] Бұл ұсыныс бүкіл қауымнан қолдау тапты. Олар Құдайға жан-тәнімен сенетін, Оның Киелі Рухына бөленген Степан есімді кісіні, сонымен қатар Філіп, Прохор, Нықанор, Тимон, Пәрмен және Нықоланы таңдап алды; Нықола Антақиядан келген, яһуди дініне кірген жат ұлттық болатын.[6] Оларды елшілердің алдына алып келді де, Құдайға сиынып, үстеріне қолдарын қойып баталарын берді.[7] Осылай Құдайдың сөзі кеңінен тарап, Иерусалимде Мәсіхтің жолын қуушы шәкірттерінің саны көбейе берді. Діни қызметкерлердің үлкен бір тобы да Мәсіхке мойынсұнып, сене бастады.

Римдіктер 16:1
Сендерге бауырласымыз Фөбе апайды ұсынамын, ол — Кеніхреядағы қауымның қызметшісі.

Титус 1:7
Себебі қауым басқарушысына Құдайдың жұмысына жетекшілік ету сеніп тапсырылады, сондықтан ол мінсіз болып, менмен, ашушаң, арақ-шарапқа салынған, ұрыншақ, пайдакүнем болмауы керек.

Актілер 6:3
Бауырластар, сондықтан орталарыңнан абыройлы әрі Киелі Рух пен даналыққа бөленген жеті ер адамды таңдап алыңдар! Оларға осы міндетті жүктемекпіз.

Джон 8:32
Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді. —

Ефес 4:11
Ол рухани дарындар сыйлап, сенушілердің біреулерін елші, біреулерін пайғамбар, тағы басқаларын Ізгі хабарды таратушы, енді біреулерін қауымның рухани бағушысы немесе тәлімгері етіп тағайындады.

Актілер 20:28
Енді өздеріңе де, Киелі Рух басқарушы етіп қойған барлық қауымға да қараңдар! Шопан қойын қалай бақса, сендер де Құдай Иеміздің өз қанын төгіп, иемденген қауымына солай қамқор болыңдар!

Джон 6:54
Кімде-кім Менің денемнен жеп, қанымнан ішсе, ол мәңгілік өмірге ие болады, Мен оны ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.

Белгі 6:3
Өзі — ағаш ұстасы, Мәриямның ұлы, Жақып, Жүсіп, Яһуда, Шимондардың ағасы емес пе? Қарындастары осында арамызда тұрады ғой. — Олар қызғаныштан Исаны көре алмай, ашуланды.

1 Қорынттықтарға 12:28
Құдай қауымда кейбіреулерді, біріншіден, елшілер, екіншіден, Өзінің хабарын жеткізушілер, үшіншіден, тәлім берушілер етіп қойды; Ол, сондай-ақ, кейбіреулерге кереметтер жасайтын құдірет, әрі ауруларды сауықтыратын, көмек көрсететін, ұйымдастырып басқаратын және түрлі бөтен тілдерде сөйлейтін дарындар да сыйлады.

Ғалаттықтар 1:19
Құдай куә, бұл жазып отырғандарым өтірік емес.

Малахи 1:11
Күннің шығысынан батысына дейін халықтар арасында Менің есімім зор даңққа бөленеді. Барлық жерлерде де Маған арналып хош иісті заттар түтетіліп, адал сый-тартулар ұсынылады. Себебі халықтар арасында Менің есімім даңқталады, — деп нық айтады Әлемнің Иесі.

Еврейлерге 13:17
Жетекшілеріңе мойынсұнып, айтқандарын тыңдаңдар. Олар ұдайы рухани өмірлеріңнің қамын жеп, сол қызметтері туралы Мәсіх алдында есеп беруге тиісті. Мұны қинала емес, қуана атқарулары үшін оларға мойынсұныңдар. Олай етпесеңдер, өздерің зиян көресіңдер.

Джон 3:3-5
[3] Иса: — Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды, — деді.[4] Нікөдем: — Есейген адам қалайша қайта туылады? Шешесінің құрсағына еніп, екінші рет дүниеге келуі мүмкін бе? — деп сұрады.[5] Иса: — Саған өте маңызды шындықты айтайын: кімде-кім судан және Киелі Рухтан туылмаса Құдайдың Патшалығын көре алмайды.

Еврейлерге 12:14
Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүруге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды.

Актілер 6:4
Ал біз Құдайға сиынып, Оның сөзін уағыздап, тәлім беру қызметімізді жалғастыра берейік.

1 Тімоте 3:1-7
[1] Егер біреу қауым басқарушысы болуға ынталанса, оның игілікті істі қалағаны. Бұл — дәл айтылған шынайы сөз.[2] Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал, салауатты, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы,[3] не арақ-шарапқа құмар, не ұрыншақ та емес, шыдамды, айтыс-тартыстан аулақ жүретін, ақшаға да құнықпайтын жан болуға тиіс.[4] Ол отбасына жақсы басшылық жасап, балаларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт.[5] Өйткені өз отбасына басшылық ете алмаған адам қалайша Құдайдың қауымын қамқорлай алады?[6] Басқарушы сенім жолына жуықта ғана түскен біреу болмауға тиіс. Әйтпесе ол әзәзіл шайтан іспетті мақтаныштан кеудесін көтеріп, Құдайдың үкіміне ұшырауы мүмкін.[7] Сондай-ақ, масқараланып, шайтанның торына түсіп кетпеуі үшін қауымнан тыс жұрттың да оған жақсы куәлік берулері керек.

1 Тімоте 2:12
Олардың (Құдайдың ілімі жайлы) тәлім беріп, ер адамдарға билік жүргізулеріне жол бермеймін; олар тыныш болсын.

Актілер 14:23
Елшілер әр қауымда сенушілер үшін жетекшілер таңдады. Екі елші ораза тұтып (үстеріне қолдарын қойып) мінажат етті; осылай оларды өздері сенген Иеміздің қамқорлығына тапсырды.

1 Тімоте 5:17
Қауымды жақсы басқаратын жетекшілер, әсіресе Құдай сөзін уағыздап, үйретуге еңбегі сіңгендер, ерекше құрмет пен қамқорлыққа лайық.

Еврейлерге 13:7
Өздеріңе Құдайдың хабарын айтқан жетекшілеріңді ұмытпаңдар. Олардың қалай өмір сүріп, қалай бұ дүниеден кеткендерін естеріңде ұстап, сенімдерін үлгі-өнеге етіңдер!

Титус 1:8
Керісінше, ол қонақжай, ізгілік атаулыны сүйетін, байсалды, әділ, пәк таза әрі ұстамды болуға міндетті.

1 Петір 5:2
hãy chăn bầy của Ðức Chúa Trời đã giao phó cho anh em; làm việc đó chẳng phải bởi ép tình, bèn là bởi vui lòng, chẳng phải vì lợi dơ bẩn, bèn là hết lòng mà làm,

Титус 1:6
Mỗi người trong vòng trưởng lão đó phải cho không chỗ trách được, chỉ chồng của một vợ; con cái phải tin Chúa, không được bị cáo là buông tuồng hoặc ngỗ nghịch.

1 Тімоте 5:22
Ðừng vội vàng đặt tay trên ai, chớ hề nhúng vào tội lỗi kẻ khác; hãy giữ mình cho thanh sạch.

Титус 1:5
Ta đã để con ở lại Cơ-rết, đặng sắp đặt mọi việc chưa thu xếp, và theo như ta đã răn bảo cho con mà lập những trưởng lão trong mỗi thành.

Ғалаттықтар 4:19
Hỡi các con, vì các con mà ta lại chịu đau đớn của sự sanh nở, cho đến chừng nào Ðấng Christ thành hình trong các con,

Vietnamese Bible 1926
Public Domain: 1926