A A A A A

Church: [Church Persecution]


Актілер 8:1
Саул да Степанды өлтіруді қоштаған еді. Сол күннен бастап Иерусалимдегі сенушілер қауымын қатты қудалау басталды. Елшілерден басқалардың бәрі Яһудея мен Самария аймақтарына бытырап кетті.

Матай 5:44
Ал Мен сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді қудалағандар үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер!

2 Тімоте 3:12
Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады.

Джон 15:20
Мына айтқан сөзім естеріңде болсын: қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес. Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды. Олар Менің сөзімді ұстанды ма, жоқ, ендеше сендердің сөздеріңді де ұстанбайтын болады.

Аян 2:10
Болашақта басыңнан кешетіндеріңнен қорықпа! Рас, шайтан кейбіреулеріңді түрмеге салып, сынамақ, ал көретін азаптарың он күнге ғана созылады. Өлімге дейін Маған адал бол, сонда саған мәңгілік өмір тәжін сыйлаймын.

Римдіктер 8:35
Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме?

Матай 5:11
Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап, Әртүрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар!

Римдіктер 12:14
Өздеріңді қудалағандарға Құдайдан жақсылық тілеңдер, оларды қарғамай, ақ баталарыңды беріңдер!

Джон 5:16
Иса мұны діни демалыс күні жасағандықтан, бұлар Оған қысым көрсете бастады.

Матай 5:10-12
[10] Әділдік үшін қудаланғандар бақытты: Құдай Патшалығы сондайларға арналған![11] Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап, Әртүрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар![12] Қуана шаттаныңдар, Себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр! Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған.

2 Қорынттықтарға 12:10
Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін.

Актілер 13:50
Бірақ яһудилер басқа ұлттардың Құдайды қастерлейтін беделді әйелдері мен қала басшыларын Пауыл мен Барнабаға қарсы арандатып қойды. Олар екі елшіні қудалап, сол өңірден қуды.

Актілер 7:52
Ата-бабаларыңыз пайғамбарлардың қайсысын қудаламап еді! Олар Құдайдың әділ Қызметшісінің келуін алдын ала жариялаған хабаршыларын өлтірді. Сіздер енді Соның Өзін ұстап берген сатқын, өлтірген қанішер болдыңыздар!

Белгі 4:17
бірақ тамыр жаймағандықтан берік болмайды. Кейін Ізгі хабарға бола бастарына азап не қуғын түскенде, олар дереу сенімдерінен безіп кетеді.

Ғалаттықтар 4:29
Ал әдеттегідей жолмен дүниеге келген бала сол заманда Құдай Рухы дарытқан қабілетпен туған баланы қудалады. Сол сияқты, қазір де құлдықта жүрген яһудилер Киелі Рухтан қайта туылған біздерді қудалауда.

Белгі 10:30
сол үшін осы заманда қуғын-сүргін көргеннің өзінде де үй-жай, аға-іні, апа-қарындас (не әпке-сіңлі), әке-шеше, бала-шаға, жер-су жүз есе артығымен қайтарылады, әрі келер заманда ол мәңгілік өмірге ие болады.

Матай 13:21
бірақ тамыр жаймағандықтан берік болмайды. Ізгі хабарға бола басына азап не қуғын түскенде, дереу сенімінен безіп кетеді.

Актілер 22:4
Сол жолға түскендерді өлгендерінше қудаладым, оларды еркек болсын, әйел болсын шынжырмен бұғаулап, түрмеге жапқыздым.

Матай 5:10
Әділдік үшін қудаланғандар бақытты: Құдай Патшалығы сондайларға арналған!

Ғалаттықтар 6:12
Адамдарға ұнағысы келетіндер сендерді сүндетке отыруға мәжбүр етпек. Олардың мақсаты — яһуди діндарлардың өздерін Мәсіхтің айқыштағы құрбандығы арқылы ақталамыз деген Ізгі хабар үшін қудаламаулары ғана.

Лұқа 21:12
Ал осының бәрі іске аспастан бұрын жұрт сендерге Менің жолыма түскендеріңе бола зорлық көрсетеді. Олар сендерді қудалайды, мәжілісхана соттарына ұстап беріп, түрмеге салады және патшалар мен әміршілердің алдына апарады.

Белгі 10:29-30
[29] Иса былай деп жауап қатты: — Сендерге шындығын айтайын: үй-жайын, бауырларын, әке-шешесін, әйелін, бала-шағасын не жер-суын Маған және Ізгі хабарға бола қалдырған әркімге[30] сол үшін осы заманда қуғын-сүргін көргеннің өзінде де үй-жай, аға-іні, апа-қарындас (не әпке-сіңлі), әке-шеше, бала-шаға, жер-су жүз есе артығымен қайтарылады, әрі келер заманда ол мәңгілік өмірге ие болады.

Римдіктер 8:35-37
[35] Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме?[36] Забурда мына сөздер жазылған: Сен үшін олар бізді күнде жоюда, сойылатын қой деп бізге қарауда.[37] Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.

Актілер 11:19-21
[19] Степан өлгеннен кейін қуғынға ұшырап, бытырап кеткен сенушілер сол екі арада Финикия өлкесіне, Кипр аралына және Сирияның астанасы Антақияға дейін барған еді. Олар Ізгі хабарды тек яһудилерге ғана уағыздап жүрді.[20] Бірақ кейбір кипрлік және күренелік сенушілер Антақияға келіп, Иеміз Иса туралы Ізгі хабарды грекше сөйлейтін басқа ұлттық адамдарға да айтып жүрді.[21] Иеміз құдіретті қолын созып мейірімді шапағатымен жарылқағандықтан, көп кісілер теріс жолдарынан қайтып, Иеміздің жолына түсті.

Актілер 9:4-5
[4] Саул жерге құлап түсіп, Саул, Саул! Неге Мені қудалайсың? — деген дауысты естіді.[5] Саул: — Сен кімсің, Ием? — деп сұрады. Ол: — Мен сен қудалап жүрген Исамын!

Ғалаттықтар 5:11
Ал маған келсек, бауырластар: егер мен (біреулер айтқандай) әлі де сүндеттелудің қажеттігін уағыздап жүрген болсам, неге күні бүгінге дейін қудаланудамын? Сонда Мәсіхтің айқышта жанын құрбан еткені туралы уағыздарым яһуди діндарларының ашуын қоздырмас еді ғой.

Матай 10:23
Бір қалада қудаласа, басқасына қашыңдар. Шын айтамын: сендер Исраилдің барлық қалаларын аралап шықпай жатып-ақ, Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін.

Матай 5:12
Қуана шаттаныңдар, Себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр! Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған.

1 Тімоте 1:13
Бұдан бұрын Оған тіл тигізіп, қауымдарын қудалап, зорлық-зомбылық көрсеткеніммен, Иеміз маған қайырымды болды. Себебі менде әлі де шынайы сенім болмағандықтан, не істеп жүргенімді білмедім.

Матай 5:11-12
[11] Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап, Әртүрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар![12] Қуана шаттаныңдар, Себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр! Жұрт сендерден бұрынғы пайғамбарларды да солай қудалаған.

Лұқа 11:49
Сондықтан Құдай Өзінің даналығымен былай деген: Мен оларға пайғамбарлар мен елшілерді жіберемін. Бірақ олар солардың кейбіреулерін өлтіріп, басқаларын қудалайды.

1 Салониқалықтарға 3:3-4
[3] Азап шегу маңдайымызға жазылғандығы өздеріңе мәлім.[4] Қастарыңда жүрген кезімізде Қуғынға ұшырайтын боламыз деп алдын ала айттық қой. Міне, сол айтқанымыз келді, оны өздерің білесіңдер.

Еврейлерге 11:36-38
[36] Біреулері таспен атқыланып, арамен кесіліп, семсермен шабылып өлтірілді. Басқалары қой-ешкінің терісін жамылып, жоқшылық көріп, азапталып жәбірленді.[37] Күнәкар дүние сондай ержүрек адамдарға лайықсыз еді! Олар айдалада таулы-тасты жерлерде қаңғып жүріп, үңгірлер мен апандарда жасырынып өмір сүрді.[38] Бұлардың барлығы сенімдерінің арқасында Тәңір Иенің ризашылығына ие болды. Дегенмен Оның уәде еткенін иемдене алмады.

Джон 15:20-21
[20] Мына айтқан сөзім естеріңде болсын: қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес. Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды. Олар Менің сөзімді ұстанды ма, жоқ, ендеше сендердің сөздеріңді де ұстанбайтын болады.[21] Осының бәрін Менің атымды мойындағандарың үшін сендерге істейді. Себебі олар Мені Жібергенді танымайды.

Матай 10:21-23
[21] Сонда тіпті бауыры өз бауырын, әкесі өз баласын ажалға ұстап беріп, балалары да әке-шешелеріне қарсы көтеріліп, оларды өлімге душар етеді.[22] Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады. Ал ақырына дейін табандылық танытқан әркім құтқарылады.[23] Бір қалада қудаласа, басқасына қашыңдар. Шын айтамын: сендер Исраилдің барлық қалаларын аралап шықпай жатып-ақ, Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін.

Матай 24:8-10
[8] Бұлардың бәрі тек жаңа дәуір туар алдындағы толғақтың бастапқы азабы іспетті ғана.[9] Сол кезде жұрт сендерді азаптап, өлтіру үшін ұстап береді. Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық ұлттар сендерді жек көретін болады.[10] Сонда көбі сенімдерінен танып, өзара опасыздық жасап, бір-бірін жек көреді.

Лұқа 21:12-19
[12] Ал осының бәрі іске аспастан бұрын жұрт сендерге Менің жолыма түскендеріңе бола зорлық көрсетеді. Олар сендерді қудалайды, мәжілісхана соттарына ұстап беріп, түрмеге салады және патшалар мен әміршілердің алдына апарады.[13] Осылайша сендер Мен туралы ашық айтуға мүмкіндік аласыңдар.[14] Ал енді, қалай жауап береміз деп алдын ала ойламаймыз деген берік шешім қабылдаңдар![15] Себебі Мен сендерге жауларың қарсы сөйлеп, дәлел келтіре алмайтындай шешендік пен даналық дарытатын боламын.[16] Сендерді тіпті әке-шешелерің мен бауырларың, туыстарың мен дос-жарандарың да ұстап беріп, кейбіреулеріңді өлімге душар етеді.[17] Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады.[18] Алайда Құдайдың еркінсіз сендер қылдай да қиянат шекпейсіңдер.[19] Табанды болыңдар, сонда шынайы өмірге жетесіңдер!

1 Қорынттықтарға 4:8-13
[8] Сендер тойынып, рухани байыпсыңдар, біздің қолдауымызсыз-ақ патшадай билік құра бастапсыңдар! Шынымен рухани билік құрғандарыңды сондай қалар едім. Егер солай болса, біз де сендермен бірге билік жүргізген болар едік қой![9] Құдай біздерге, яғни елшілерге, өлімге кесілген тұтқындар іспетті салтанатты жүрістің ең соңында жүруді бұйырды деп ойлаймын. Себебі біз бүкіл әлемге — періштелер мен адамдарға масқара көрініс болдық.[10] Мәсіхке қызмет еткеніміз үшін біздер ақымақ, ал сендер Мәсіхпен жүрген данышпан екенсіңдер, біз күшсіз, сендер күшті, біз қадірсіз, сендер қадірлі екенсіңдер![11] Күні бүгінге дейін аштық көріп, шөлдеп келеміз, кигеніміз алба-жұлба, жегеніміз таяқ, үйсіз-күйсіз қаңғып,[12] қолмен ауыр жұмыс істеп өз күнімізді көрудеміз. Бізді жамандағандарға ақ бата тілейміз, қудаласа, оған да төземіз;[13] қаралағандарға жылы сөйлеп ескертеміз. Бүгінге дейін дүниенің қоқысы, адамзаттың сыпырындысы болып келдік.

Еврейлерге 10:32-34
[32] Бұрынғы уақытты еске алыңдаршы: Құдайдың нұры жүректеріңді ағартқаннан кейін, сендер азапқа толы күреске тап болып, соған төтеп бердіңдер.[33] Кейбіреулерің масқараға, зорлық-зомбылыққа ұшырап, жұрт қызықтап қарайтын тамашаға айналдыңдар. Ал өзгелерің осылай күйзеліп жүрген бауырластарыңның қасіретін бөлісіп,[34] тұтқынға түскендерге жандарың ашып, жәрдем бердіңдер. Мал-мүліктеріңді талан-таражға салғанда, бұны тіпті қуана қабылдадыңдар! Себебі көкте өздеріңе арналған, одан әлдеқайда құнды, мәңгілік дәулеттің бар екенін білдіңдер.

Еврейлерге 11:33-38
[33] жалын шашқан өртті сөндіріп, семсер жүзінен аман қалды. Олар әлсірегенде Құдайдан күш алып, ұрыс-шайқаста нығайып, жау жасақтарын қуып шықты.[34] Кейбір әйелдер өлгендері қайта тіріліп, олармен қайтадан қауышты. Ал қиналып өлтірілген басқалар да болды. Олар сатқындықпен бостандық алудан бас тартып, өздерінің әлдеқайда жақсы өмірге қайта тірілулерін көздеді.[35] Өзге кейбіреулері мазаққа ұшырап, соққыға жығылып, шынжырмен құрсауланып, түрмеге жабылды.[36] Біреулері таспен атқыланып, арамен кесіліп, семсермен шабылып өлтірілді. Басқалары қой-ешкінің терісін жамылып, жоқшылық көріп, азапталып жәбірленді.[37] Күнәкар дүние сондай ержүрек адамдарға лайықсыз еді! Олар айдалада таулы-тасты жерлерде қаңғып жүріп, үңгірлер мен апандарда жасырынып өмір сүрді.[38] Бұлардың барлығы сенімдерінің арқасында Тәңір Иенің ризашылығына ие болды. Дегенмен Оның уәде еткенін иемдене алмады.

Актілер 12:1-19
[1] Шамамен осы кезде Ирод (Агриппа) патша қауымның кейбір мүшелерін тұтқындатып, зорлық-зомбылық көрсетіп,[2] Жоханның туған ағасы Жақыпты семсермен шауып өлтіртті.[3] Осы қылығы яһудилерге ұнағанын көрген ол Петірді де қолға түсірді. Бұл Ашымаған нан мейрамының кезінде болды.[4] Осылай Ирод Петірді тұтқындатқан соң, оны түрмеге жаптырып, төрт топқа бөлінген он алты жасақшыға күзеттіріп қойды да, Құтқарылу мейрамынан кейін оны халықтың алдына шығарып, соттамақ болып ниеттенді.[5] Сонымен Петір абақтыда күзетілді, ал қауым ол үшін Құдайға қызу жалбарынып сиынумен болды.[6] Ирод оны халық алдында соттайтын күнгі түнде Петір екі жасақшының ортасында екі шынжырмен байлаулы ұйықтап жатты. Есіктің алдында да қарауыл абақтыны күзетіп тұрды.[7] Кенеттен Жаратқан Иенің бір періштесі пайда болып, қапас жарқырап кетті. Періште Петірді бүйірінен түртіп оятып: Тезірек тұр! — дегенде, оның қолдарын байлаған шынжырлар сыпырылып түсті.[8] Періште: Беліңді буынып, аяғыңа да ки! — деді. Петір мұны орындағаннан кейін, періште: Шапаныңды жамылып, маған ер! — деп бұйырды.[9] Сонда Петір оған ілесіп, қапастан шықты. Ол періштенің істегені өңінде болып жатқанын ұқпай, аян көріп тұрмын деп ойлады.[10] Олар бірінші және екінші қарауылдан өтіп, қалаға шығатын темір қақпаға келгенде, қақпа бұларға өзінен-өзі ашыла кетті де, екеуі сыртқа шықты. Бір көшемен жүріп бара жатқанда кенеттен періште Петірдің қасынан ғайып болды.[11] Петір өзіне-өзі келгеннен кейін: Иеміздің періштесін жіберіп, мені Иродтың қолынан және яһуди халқы күткеннің бәрінен құтқарғанын енді шынымен біліп тұрмын, — деді.[12] Осыны аңғарған ол Марқа деп те аталған Жоханның шешесі Мәриямның үйіне барды. Сол жерде көп бауырластар Құдайға сиынып мінажат етуге жиналған еді.[13] Петір сыртқы есікті қаққанда, Рода есімді қызметші қыз кім екенін білу үшін құлағын тосты.[14] Ол Петірді даусынан танып, қуанғанынан қақпаны ашпастан үйге жүгіріп барып: — Қақпаның алдында Петір тұр! — деп хабарлады.[15] Ал үйдегілер: — Есің дұрыс па өзі? — деп, оған сенбеді. Бірақ ол: — Рас, рас! — деп тұрып алды. — Бұл оның періштесі шығар, — десті олар.[16] Петір үздіксіз қағып тұрды. Ақырында олар ашып, оны көргенде, қатты таңғалды.[17] Петір сабыр етіңдер деп қолын сілтеп, Иеміздің оны түрмеден қалай шығарғанын әңгімелеп берді. Осыны Жақыпқа және басқа бауырластарға айтыңдар! — деп, үйден шығып, басқа жаққа кетіп қалды.[18] Таң атқанда қарауылдағылар Петірге не болғанын түсінбей, қатты састы.[19] Ирод оны іздеуге бұйырып, таппаған соң күзетшілерді тергеп, өлімге кесті. Бұдан кейін Ирод Яһудеядан астанасы Кесарияға ылдилап барып, сонда біраз уақытқа тоқтамақ болды.

Актілер 9:1-14
[1] Ал Саул Иеміздің жолын қуушыларды өлтірем деген қоқан-лоқысы мен қаскөйлігін әлі де жалғастырып, бас діни қызметкерге барып, жолықты.[2] Одан (Сирияның) Дамаск қаласындағы мәжілісханаларға арнап хат жазып беруін сұрады. Саул сол жерден тапқан еркек болсын, әйел болсын Исаның жолына түскендерді бұғаулап, Иерусалимге алып келмекші еді.[3] Осы ниетпен кетіп бара жатып, Дамаскіге жақындап қалғанда, оған көктен түскен жарық нұр кенеттен сәулесін төгіп жіберді.[4] Саул жерге құлап түсіп, Саул, Саул! Неге Мені қудалайсың? — деген дауысты естіді.[5] Саул: — Сен кімсің, Ием? — деп сұрады. Ол: — Мен сен қудалап жүрген Исамын![6] Орныңнан тұр да, қалаға бар! Не істеуге тиіс екенің саған сол жерде айтылады! — деді.[7] Саулдың сапарлас жігіттері үндемей тұрып қалды. Себебі олар бір дауысты естігендей болғанмен, ешкімді көрмеді.[8] Саул түрегеліп, көзін ашқанда, еш нәрсе көре алмады. Сондықтан серіктері оны Дамаскіге дейін қолынан ұстап жетектеп барды.[9] Содан ол үш күн бойы көзі көрмей, еш нәр татпады.[10] Сол кезде Дамаскіде Исаның жолын қуушы Анани есімді бір шәкірті тұратын. Иеміз соған аян беріп: — Анани! — деді. Ол: — Тыңдап тұрмын, Ием! — деді.[11] — Орныңнан тұр да, Түзу даңғыл деп аталатын көшеге бар. Сол жерде Яһуданың үйінен тарстық Саул деген кісіні сұра! Қазір ол мінажат етіп жатыр.[12] Ол аянда Анани есімді біреудің кіріп келіп, көзін ашу үшін үстіне қолын қойғанын көрді, — деді Иеміз.[13] Бірақ Анани: — Уа, Ием, мен талайлардан осы кісінің Иерусалимде Саған бағышталған адамдарыңа соншама көп жамандық істегені туралы хабар алдым.[14] Ол басты діни қызметкерлерден Сенің атыңа сиынғандардың бәрін осы жерде де тұтқындауға өкілеттік алыпты, — деп жауап берді.

Ғалаттықтар 1:13
Мен яһуди дінін ұстануда ұлтымның ішіндегі көптеген құрдастарымнан озып, ата-бабаларымыздан мирас қалған салт-дәстүрлерді қызу жақтап, қатаң ұстанушы болдым.

Аян 2:8-10
[8] Ізмірдегі қауымның періштесіне былай деп жаз: Бұл — бір кезде өлген, ал қазір тірі Алғашқы және Соңғыдан хабар.[9] Мен сенің (істерің мен) шеккен азаптарыңды әрі жұтаң күйіңді білемін — шынында рухани байсың! Яһудиміз (яғни Құдайдың халқымыз) дейтіндердің сен туралы айтқан ғайбат сөздерін де білемін. Шын мәнісінде олар — шайтанның мәжілісханасы.[10] Болашақта басыңнан кешетіндеріңнен қорықпа! Рас, шайтан кейбіреулеріңді түрмеге салып, сынамақ, ал көретін азаптарың он күнге ғана созылады. Өлімге дейін Маған адал бол, сонда саған мәңгілік өмір тәжін сыйлаймын.

Актілер 26:9-11
[9] Рас, баяғыда мен де назареттік Исаға қарсы күресуді міндетім деп ойладым.[10] Иерусалимде осымен айналысып, бас діни қызметкерден арнайы өкілеттік алып, Құдайдың қасиетті адамдарының көбін түрмеге жаптырдым. Олар өлім жазасына кесілгенде, бұған да келісіп, дауыс беріп отырдым.[11] Барлық мәжілісханаларды аралап жүріп, сондайларды талай рет азапқа салып, оларға Иеміздің атын қорлатуға тырыстым. Ашу-ызаға кернелгенім сонша, оларды шетелдік қалаларға барып та қудаладым.

1 Қорынттықтарға 4:12
қолмен ауыр жұмыс істеп өз күнімізді көрудеміз. Бізді жамандағандарға ақ бата тілейміз, қудаласа, оған да төземіз;

Актілер 12:1
Шамамен осы кезде Ирод (Агриппа) патша қауымның кейбір мүшелерін тұтқындатып, зорлық-зомбылық көрсетіп,

Філіпіліктер 3:6
Мәсіхке сенушілердің қауымын бар ынтаммен қудалайтынмын. Осылайша Таурат заңына сай әділеттілігім мінсіз еді.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010