A A A A A

Angels and Demons: [Demons]


1 Жохан 4:4
Ал, балаларым менің, сендер Құдайдансыңдар, жалған пайғамбарларды жеңіп шықтыңдар. Өйткені сендердегі Киелі Рух күнәкар дүниені билеп тұрған шайтаннан құдіретті.

1 Тімоте 4:1
Құдай Рухы: Соңғы дәуірде кейбіреулер сенімдерінен бас тартып, жалған рухтарға құлақ салып, жындар үйреткен ілімдерге еретін болады, — деп анық айтады.

2 Қорынттықтарға 2:11
Әзәзіл шайтан бізден амалын асырмау үшін осылай істедім, оның зымиян ниетін жақсы білеміз.

2 Қорынттықтарға 4:4
Бұлар оған сенбейді, себебі осы күнәкар дүниенің тәңірі (әзәзіл шайтан) олардың ой-саналарын соқыр қылып қойған. Содан олар Мәсіхтің салтанатты ұлылығы туралы Ізгі хабардың нұрын көре алмайды. Ал Мәсіх Құдайдың қандай екенін айқын көрсетеді.

Джеймс 2:19
Сен жалғыз Құдай бар деп сенесің. Мұның дұрыс, алайда жындар да соған сеніп, Оның қаһарынан қорқып дірілдейді.

Әйүп 4:15
Бет-жүзімді бір елес сипап өткенде, төбе шашым тік тұрды.

Матай 8:31
Жындар: Егер бізді қумақ болсаң, ана шошқаларға жібере гөр, — деп өтінді.

Матай 12:45
Содан жын барып, өзінен бетер жауыз тағы жеті жынды ертіп келіп, үйге кіріп, сонда тұрып қалады. Осылайша әлгі адамның кейінгі жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болады. Біліп қойыңдар, осы күнәлі ұрпақтың жағдайы да сол секілді болады!

Лұқа 8:30
Иса одан: — Атың кім? — деп сұрағанда, ол: — Үлкен топ, — деді. Себебі сол адамға көптеген жындар кіріп алған болатын.

Аян 20:10
Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — Мәңгілік өмірдің кітабы да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді.

1 Қорынттықтарға 10:20-21
[20] Жоқ, олай емес. Алайда басқа ұлт адамдары сол құрбандықтарын Құдайға емес, жындарға бағыштайды. Ал сендердің жындармен байланыста болғандарыңды қаламаймын.[21] Иеміздің де, жындардың да тостағандарынан бірдей іше алмайсыңдар! Сол сияқты, Иеміздің және жындардың да дастарқандарына бірдей қатысуларыңа болмайды!

Забур 106:37-38
[37] Егін егіп, жүзімдік отырғызады, Солардан ағыл-тегіл өнім алады.[38] Жаратқан Ие сол жандарды жарылқайды, Олар өсіп-өніп ғаламат молаяды, Мал басын да Иеміз азайтпайды.

Әйүп 1:20-21
[20] Сонда Әйүп орнынан тұрды да, қатты қайғырып шапанының өңірін жыртып, шашын қырқып алып тастады. Мұнан кейін ол Тәңір Иеге мойынсұнып етпетінен жерге жата кетті.[21] Әйүп былай деді: Анамның құрсағынан жалаңаш шықтым, дүниеден жалаңаш қайтамын да. Жаратқан Ие сыйлап берді де, Жаратқан Ие қайтарып алды да. Жаратқан Иенің есімі мадақтала берсін!

Ефес 6:10-12
[10] Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер![11] Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген рухани қару-жарақпен түгел жабдықталыңдар![12] Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз.

Ишая 14:12-15
[12] Ей, Шолпан жұлдыз әрі таң шапағы (іспетті болған Бабыл патшасы)! Аспаннан сен қалай құлап түстің! Халықтарды таптап келген сен өзің қалайша жерге лақтырылдың![13] Өйткені іштей былай дегенсің: Мен аспанға көтерілемін, өз тағымды Құдайдың жұлдыздарынан да жоғары орнатамын! Қиыр солтүстікте орналасқан, (жалған тәңірлер) жиналатын таудың басындағы тағыма жайғасамын.[14] Биік бұлттардан да жоғары көтеріліп шығамын, өзімді Хақ Тағаламен бірдей қыламын![15] Қайта, сен о дүниеге, тұңғиықтың түбіне лақтырыласың!

Актілер 19:13-16
[13] Ал ел аралап, адамдардан жындарын қуып шығарушы кейбір яһудилер жын буғандар үшін дұға оқып, Иеміз Исаның атын қолдана бастады: — Саған Пауыл уағыздап жүрген Иса арқылы бұйырамын, — деді.[14] Яһуди бас діни қызметкер әулетінен шыққан Скеуаның жеті ұлы осылай істеп жүрді.[15] Алайда бірде жын бұларға жауап беріп: — Исаны білемін, Пауыл да маған таныс, ал сендер кімсіңдер? — деді.[16] Содан жыны бар кісі оларға бас салып, жерге жығып, бәрін де жеңіп шықты. Ағайындылар сол үйден жалаңаш, ұрылған-соғылған күйі қашып шықты.

2 Петір 2:4-10
[4] Себебі Құдай күнә жасаған періштелерді де аяған жоқ. Оларды қияметте сотталуға сақтау үшін тозақтың қара түнегіне ұстап беріп, шынжырлатып тастады.[5] Тәңір Ие ежелгі дүниені де аямай, арсыз зұлымдардың әлеміне топан су жіберді. Жалғыз құтқарғаны әділдікті уағыздаушы Нұх пайғамбар мен оның отбасы, барлығы сегіз-ақ адам, болды.[6] Құдай Содом мен Ғомора қалаларын да үкімдеп, күл-талқандарын шығарды. Ол солардың мысалымен болашақтағы зұлымдардың неге ұшырайтынын көрсетті.[7] Ал әділ Лутты Тәңір Ие аман сақтап қалды. Ол айналасындағы арсыз адамдардың бұзық қылықтары үшін қатты қиналып жүрді.[8] Сол ізгі жан олардың арасында тұрып, Құдайдың бұйрығына қайшы іс-әрекеттерін күн сайын көріп, естіп, өзінің әділ ар-ұжданы алдында азап шекті.[9] Бұл солай болғанда, Жаратқан Ие Өзіне ұнамды өмір сүретіндерді өтіп жатқан сынақтарынан құтқаруды, ал әділетсіздерді қиямет соты болатын күнге дейін сақтап, жазалауды, әрине, біледі.[10] Әсіресе, күнәкар болмыстарының арам құмарлықтарының жетегіне ерген, ешбір билікті елемейтіндердің тағдырлары осындай болмақ! Сондай тәкаппар да қиқар жалған тәлім берушілер абыройлы билеушілерді балағаттаудан қаймықпайды.

Аян 9:1-7
[1] Бесінші періште кернейлеткенде, көктен жерге құлап түскен жұлдызды көрдім. Оған (жындар тұратын) терең тұңғиық көзінің кілті берілді.[2] Жұлдыз тұңғиықтың қақпасын ашқанда, одан үлкен пештен шыққандай қою түтін шығып, содан күн көзі де, ауа да қараңғыланып кетті.[3] Түтіннен шегірткелер шығып, жерге қонды. Оларға жердегі шаяндар іспетті (залал тигізу) күші беріліп,[4] тек маңдайларында Құдайдың таңбасы жоқ адамдарды ғана жәбірлеу бұйырылды. Ал оларға көк шөпке, басқа да ешқандай өсімдіктер мен ағаштарға зақым келтіруге рұқсат берілмеді.[5] Сол шегірткелердің бұл адамдарды өлтірмей, тек бес ай бойы азаптау еркі ғана болды. Олардың шаққаны адамды улы шаянның шаққанындай азаптап қинайды.[6] Осы бес ай ішінде адамдар өлгілері келсе де, өле алмайды. Олар өлуді қаншама аңсағанмен, ажал олардан қашып кететін болады.[7] Шегірткелер ұрысқа дайын аттардай көрінді. Бастарына алтын тәж секілді бір нәрсе киіп, бет пішіндері адамға ұқсас болды.

Белгі 1:21-27
[21] Иса шәкірттерімен бірге Қапарнаум қаласына барды. Келесі демалыс күні Иса мәжілісханаға барып, жұртқа тәлім бере бастады.[22] Олар Оның тәліміне таңданып, қатты қайран қалды. Себебі Иса оларға дін мұғалімдері сияқты емес, Құдайдан келген ерекше билікпен тағылым берді.[23] Сол кезде мәжілісханада жын соққан бір кісі де болды. Ол қатты дауыстап:[24] — Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің ғой! Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің! — деп айқайлады.[25] Бірақ Иса жынға: — Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды.[26] Сонда жын сол адамды қалшылдатып, қатты дауыспен айқай салып, денесінен шығып кетті.[27] Барлық жұрт үрейлері ұшып: Бұл немене? Не қылған жаңа ілім? Ол тіпті жындарға билікпен бұйрық беріп, олар Оған бағынады ғой! — деп өзара сұрасып, таңғалысты.

Матай 7:14-20
[14] Ал шынайы өмірге апаратын қақпа да, жол да тар. Соны біразы ғана табады.[15] Жалған пайғамбарлардан сақтанып жүріңдер! Олар сендерге қой терісін жамылып келеді, бірақ шынында олар — жыртқыш қасқырлар.[16] Оларды жемістерінен (яғни іс-әрекеттерінен) танисыңдар. Шомырттан жүзім, ошағаннан өрік жинамас.[17] Сол секілді, әрбір жақсы ағаш жақсы жеміс, ал жаман ағаш жаман жеміс береді.[18] Жақсы ағаш нашар жеміс, нашар ағаш жақсы жеміс бере алмайды ғой.[19] Ал жақсы жеміс бермейтін әр ағашты кесіп тастап, отқа жағады.[20] Сол сияқты, адамдарды да жемістерінен танып білесіңдер.

Лұқа 4:31-41
[31] Содан Иса Ғалилеядағы Қапарнаум қаласына ылдилап барды. Сол жерде демалыс күні халыққа тәлім берді.[32] Иса Құдайдан келген ерекше билікпен сөйлегендіктен, жұрт Оның тәліміне қатты қайран қалды.[33] Мәжілісханада жын соққан бір кісі де болды. Ол қатты дауыстап:[34] — Тоқта, назареттік Иса, бізде нең бар? Құртуға келдің ғой бізді. Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің, — деп айқайлады.[35] Бірақ Иса жынға: — Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды. Сонда жын сол кісіні мәжілісхананың ортасына құлатып тастады, алайда оған еш зиян келтірместен денесінен шығып кетті![36] Барлық жұрт үрейлері ұшып: Бұл не деген сөз? Ол жындарға билікпен және құдіретпен бұйрық беріп, олар шығып кетеді ғой! — деп таңғалысты.[37] Бұдан кейін Иса туралы хабар төңіректегі барлық жерге жайылды.[38] Иса мәжілісханадан шыққан соң Шимонның үйіне барды. Оның қайын енесі безгекпен қатты ауырып, төсек тартып жатқан еді. Үйдегілер Исадан сол кісіге көңіл бөлуін өтінді.[39] Иса әйелдің қасына барып, қызуға тыйым салды. Сонда қызуы басылып, әйел дереу орнынан тұрып, оларды күтіп қызмет ете бастады.[40] Күн бата бүкіл жұрт әр түрлі науқастармен ауырған адамдарын Исаға алып келді. Ол солардың әрқайсысының үстіне қолын қойып, сауықтырып жіберді.[41] Көп адамның бойындағы жындар шығып: Сен Құдайдың рухани Ұлысың, — деп айқайлады. Өзінің Мәсіх екендігін білгендіктеріне бола, Иса жындарға тыйым салып, сөйлетпей тастады.

Ефес 6:1-18
[1] Балалар, Иеміздің еркіне мойынсұнып, әке-шешелеріңнің тілін алыңдар, өйткені осылай істегендерің дұрыс.[2] Ата-анаңды сыйла! Бұл, Құдайдың бір уәдемен байланыстырып берген алғашқы өсиеті:[3] Сонда жерде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың.[4] Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер![5] Басыбайлы қызметшілер, Мәсіхке мойынсұнғандай, жер бетіндегі қожайындарыңа да шын жүректен мойынсұнып, жамандық жасаудан шошыныңдар![6] Айтқандарын тек көңілдерінен шығу үшін, олар сендерді бақылап тұрғанда ғана емес, ұдайы жан-тәндеріңмен орындай беріңдер! Осылай Құдайдың еркін Мәсіхтің қызметшісі ретінде іске асырыңдар![7] Сөйтіп қызметтеріңді адамға емес, Иемізге арнағандай ынтамен атқарыңдар.[8] Мейлі басыбайлы, мейлі ерікті болсын, әркімнің істеген игі істерінің лайықты сыйын Иемізден алатынын біліп қойыңдар.[9] Ал сендер, қожайындар, қызметшілеріңе осылай қарап, қатаңдықты жұмсартыңдар! Көкте олардың да, өздеріңнің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер. Ол ешкімнің бет-жүзіне қарамайды.[10] Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер![11] Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген рухани қару-жарақпен түгел жабдықталыңдар![12] Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз.[13] Сондықтан Құдай берген рухани қару-жарақтың бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар.[14] Сонымен, шындықпен белді бекем буып, әділдікті сауыт қылып киіп, табанды тұрыңдар![15] Аяқкиімдеріңді де киіп, татуласу туралы Ізгі хабарды таратуға дайын болыңдар![16] Бұларға қоса сенімдеріңді қалқан қылыңдар, онымен шайтанның барлық отты жебелерін өшіріп тастай аласыңдар;[17] құтқарылғандықтарыңды дулыға етіп киіп қорғаныңдар; Құдай сөзін рухани семсер қылып ұстаңдар![18] Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010