A A A A A

Angels and Demons: [Beelzebub]


Матай 12:24
Бірақ мұны естіген парызшылдар: — Анау жындарды тек солардың әміршісі белзебүлдің (яғни әзәзіл шайтанның) күшімен қуып шығарады! — деп жала жапты.

Белгі 3:22
Иерусалимнен келген кейбір дін мұғалімдері де Исаға: — Оның бойында жындардың әміршісі белзебүл бар! Жындарды соның күшімен қуып шығарады, — деп жала жапты.

Матай 10:25
Шәкірті ұстазына, қызметшісі қожайынына ұқсаса, соған қанағат тұтсын. Жұрт үйдің Иесін белзебүл (шайтан) деп атаса, оның үй ішіне одан бетер жаман ат тақпай ма?

Матай 12:27
Ендеше Мені жындарды белзебүлдің күшімен қуып шығарады десеңдер, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен қуып шығады?! Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкірттерің-ақ әшкерелейді!

Лұқа 11:15-19
[15] Бірақ кейбіреулері: Анау жындарды солардың әміршісі белзебүлдің (яғни әзәзіл шайтанның) күшімен қуып шығарады! — деп жала жапты.[16] Басқа адамдар Оның билігін сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті.[17] Бірақ олардың бұл ойларын біле қойған Иса былай деп жауап қайырды: — Жікке бөлініп, өзара соғысып жататын әрбір патшалық жойылып, бос қалады. Өзара ұрысып-керісіп жататын әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді.[18] Егер шайтан өзіне-өзі қарсы соғысса, оның патшалығы қалай жойылмай тұра алады? Ал сендер Мені: Жындарды белзебүлдің (яғни шайтанның) күшімен қуып шығарады дейсіңдер.[19] Ендеше Мені жындарды соның күшімен қуып шығарады десеңдер, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен қуып шығады?! Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкірттерің әшкерелейді!

2 Патшалықтар 1:1-3
[1] Ахаб патша қайтыс болғаннан кейін, Моаб халқы Солтүстік Исраилге қарсы бас көтерді.[2] (Ахаб ұлы) Охозиях өзінің Самария қаласындағы сарайының жоғарғы бөлмесінің торынан құлап, қатты жарақаттанып қалған болатын. Сонда ол елшілерін жіберіп, оларға былай деп бұйырды: Әкрон қаласына барып, сондағы жұрт құлшылық ететін Бағал-Зебуб есімді тәңірден: Осы жарақатымнан жазылар ма екенмін деп сұрап келіңдер![3] Ал Жаратқан Иенің періштесі тішбелік Ілиясқа мына тапсырманы берді: Жиналып, Самария патшасының елшілерінің алдынан шық. Оларға: Исраилде Құдай жоқтай, сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубке неге бара жатырсыңдар?!

Лұқа 11:18
Егер шайтан өзіне-өзі қарсы соғысса, оның патшалығы қалай жойылмай тұра алады? Ал сендер Мені: Жындарды белзебүлдің (яғни шайтанның) күшімен қуып шығарады дейсіңдер.

Белгі 3:20-30
[20] Мұнан соң Иса елшілерін ертіп бір үйге барды. Халық қайтадан олардың қастарына көптеп жиналғандықтан, тіпті тамақ ішуге де мұршалары болмады.[21] Исаның туыстары бұны естіп: Ақылынан адасқан шығар, — деп ойлап, Оны ұстап алуға шықты.[22] Иерусалимнен келген кейбір дін мұғалімдері де Исаға: — Оның бойында жындардың әміршісі белзебүл бар! Жындарды соның күшімен қуып шығарады, — деп жала жапты.[23] Ал Иса сол дін мұғалімдерін қасына шақырып алып, оларға астарлап былай деді: — Шайтан шайтанды қалайша қуып шығара алады?[24] Егер бір патшалық жікке бөлініп, өзара соғысып жатса, ол берік тұра алмай, жойылып кетеді.[25] Өзара ұрысып-керісіп жатқан әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді.[26] Сол сияқты, егер шайтан өзіне қарсы көтеріліп, соғысса, оның да берік тұра алмай, жойылатын кезінің келгені.[27] Қайта, ешкім күштінің үйіне кіріп, алдымен соның өзін байлап тастамай, дүние-мүлкін тонай алмайды. Тек күштіні жеңіп, байлап-матап тастағаннан кейін ғана оның үйін тонай алады.[28] Сендерге маңызды шындықты айтайын: адам баласының жасаған барлық күнәлары мен Құдайды қорлауларының қайсысына да кешірім беруге болады.[29] Бірақ Құдайдың Киелі Рухын қорлайтынға ешқашан кешірім болмайды, сол күнәсі оның мойнында мәңгі қалады.[30] Иса мұны әлгілердің Оның бойында жын бар дегендері үшін айтты.

2 Патшалықтар 1:16
Оған былай деді: Жаратқан Ие сізге мынаны айтады: Исраилде Құдай жоқтай, неге сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубтен ақыл-кеңес сұрап, адам жібердің?! Сол үшін де жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің!

Жаратылыс 1:1
Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты.

Матай 9:34
Бірақ парызшылдар: — Анау жындарды солардың әміршісінің күшімен қуып шығарады! — деп жала жапты.

Аян 21:20
бесіншісі оникс, алтыншысы карнелиан, жетіншісі сары кварц, сегізіншісі изумруд, тоғызыншысы топаз, оныншысы хрисопрас, он біріншісі жақұт, он екіншісі аметист еді.

Әйүп 2:11
Әйүптің темандық Елипаз, шуахтық Билдад, нағамалық Сопар есімді үш досы бар болатын. Олар Әйүптің басына түскен ауыртпалықтар туралы естіген соң, оның көңілін сұрап, жұбатпақ болып өзара келісті. Содан үшеуі тұрып жатқан мекендерінен сапарлап келіп, оның қасына жиналды.

2 Патшалықтар 1:6
Олар былай деп жауап берді: — Алдымыздан бір адам шығып, бізге тіл қатып былай деді: Сендерді жіберген патшаға қайтып барып, оған: Жаратқан Ие мынаны айтады: Исраилде Құдай жоқтай, неге сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубтен ақыл-кеңес сұрап, адам жіберіп жатырсың?! Сол үшін де жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің! деген хабарды жеткізіңдер! —

Джон 1:1
Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді.

Лұқа 11:19
Ендеше Мені жындарды соның күшімен қуып шығарады десеңдер, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен қуып шығады?! Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкірттерің әшкерелейді!

Көшіп Шығу 6:23
Һарон Нағасонның қарындасы Әминадап қызы Елішебаға үйленіп, одан Надаб, Әбиһу, Елазар мен Ітамар дүниеге келді.

Лұқа 3:1
Рим патшасы Тіберидің билік құруының он бесінші жылы Яһудея аймағын Понти Пилат билеп, Ирод (Антипас) — Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп — Итурея мен Трахонит аймақтарының әкімі, Лүсани — Абілине аймағының әкімі,

Жаратылыс 10:10
Нымродтың патшалығы Шинар жеріндегі Бабыл, Ерех, Аққад, Қална деген қалалардан басталатын еді.

Жаратылыс 14:1
Сол заманда (Месопотамиядағы) Шинар патшасы Амрафел, Елласар патшасы Ариох, Елам патшасы Кедор-Лаумер және Ғойым патшасы Тидал бірігіп,

Қайталау 14:5
бұғы, киік, елік, жабайы ешкі, таутеке, бөкен, арқар.

Рут 1:2
Сол адамның аты Елімәлік, әйелінікі Нағима, ал екі ұлы Махлон мен Хилион еді. Олар ефраталықтар, Яһуда жеріндегі Бетлехем қаласының тұрғындары болатын. Осылай бұл отбасы Моаб еліне барып, сонда тұрып жатты.

Нехемия 1:1
Бұл — Ахалиях ұлы Нехемияның басынан кешкендерін баяндаған сөздері. (Артақсерікс патшалық құрған) жиырмасыншы жылдың тоғызыншы айында мен бекіністі астана Сузыда тұрып жаттым.

Естер 1:1
Бұл оқиға Ахасуер патшаның заманында болды. Ол Үндістаннан бастап Құш еліне дейін ұласқан жүз жиырма жеті аймаққа патшалық құрды.

1 Патшалықтар 1:2
Сонда нөкерлері оған: Уа, патша ие, сіздің қасыңыздан шықпай, күтім жасайтын бір пәк қызды тауып алып келейік! Ол қойныңызда жатып, денеңізді жылытсын, — деген ұсыныс жасады.

Аян 16:16
Әлгі үш жын патшалардың бәрін еврейше Һар-Магедон деп аталатын жерге алып келді.

Ишая 34:14
Сонда иен даланың аңдары қорқау қасқырларға ұшырасып, жабайы текелер бір-бірін маңырап шақырады. Түнгі аңдар сол жерде демалып, тыным табады.

Матай 22:37
— Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!

Белгі 3:1-6
[1] Иса тағы бір сенбі күні мәжілісханаға барғанда, сол жерде қолы семіп қалған бір адам да болды.[2] Діншілдер Исаны айыптайтын сылтау іздеп, Ол әлгі кісіні демалыс күні болса да сауықтырар ма екен деп аңдыды.[3] Ал Иса қолы семген адамды: Ортаға шықшы, — деп шақырды.[4] Сол діншілдерге Ол: Демалыс күні қайсысын істеуге болады: жақсылықты ма әлде жамандықты ма; құтқаруды ма әлде құртуды ма? — деген сұрақ қойды. Бірақ олар үндемеді.[5] Сонда Иса айналасындағыларға ашулана қарап, жүректерінің қасарысқандығына қайғырды. Әлгі кісіге: Қолыңды созшы! — деді. Сол адам семіп қалған қолын созғанда, ол бұрынғы сап-сау қалпына келді.[6] Ал парызшылдар болса сыртқа шығып, тездетіп Ирод әулетінің жақтастарымен бірге кеңес құрып, Исаның көзін құрту туралы ақылдасты.

Белгі 10:46-52
[46] Иса шәкірттерімен жол жүріп Иерихон қаласына жетті. Олар халықтың үлкен тобымен бірге қаладан шығып бара жатқанда, жол жиегінде бір соқыр адам қайыр сұрап отырған еді. Оның есімі Тімей ұлы Бартімей болатын.[47] Бартімей өтіп бара жатқан Адамның назареттік Иса екенін естіп: Дәуіттің Ұрпағы Иса, маған рақым ете көріңіз! — деп айқайлай бастады.[48] Көпшілігі оған ұрсып, үндемеуді бұйырды; бірақ ол одан бетер айқайлап: Дәуіттің Ұрпағы, маған рақым ете көріңіз! — деп жалбарынды.[49] Иса тоқтай қалып: Шақырыңдар оны! — деп бұйырды. Олар соқыр адамға: Көтер еңсеңді, түрегел! Ол сені шақырып жатыр, — деді.[50] Бартімей жамылғысын шеше ұшып тұрып, Исаға жетіп келді.[51] Иса: — Өзіңе не істегенімді қалайсың? — деп сұрады. Зағип: — Ұстаз, көзімді көретін етсеңіз екен! — деп өтінді.[52] Иса оған: — Жүре бер, сен сенімің арқылы құтқарылдың, — деді. Сол сәтте-ақ оның көзі ашылып, көретін болды! Содан Бартімей Исаға еріп жолға шықты.

Даниял 1:7
Уәзір сол төртеуінің аттарын өзгертіп, Даниялға Балташазар, Хананияхқа Садырақ, Мишаелге Мисақ, Азарияхқа Әбдінего деп жаңадан ат қойды.

Билер 4:6
Бір күні Дебора Нафталим руының жеріндегі Кедестен Абиноғам ұлы Барақты шақыртып алдырып, оған былай деді: — Тыңдап ал, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие саған мынаны бұйырады: Нафталим, Забулон руларынан он мың адамды жинап, солармен Табор тауына өрлеп бар!

2 Патшалықтар 19:37
Бірде Сеннахирим Нисрох есімді жалған тәңірінің ғибадатханасында құлшылық етіп тұрған кезде оның ұлдары Адрам-Мәлік пен Сәресер оны семсермен шауып өлтірді. Содан екеуі Арарат еліне қашып кетті. Сеннахиримнің басқа ұлы Асардан әкесінің орнын басып патша болды.

Езекиел 23:4
Үлкенінің аты Охола, кішісінің аты Охолиба деп қойылды. Кейін Мен солардың екеуіне де үйленіп, олар Маған ұл-қыздар туып берді. Ал екеуінің шынайы есімдеріне келер болсақ, Охола — Самарияны, Охолиба — Иерусалимді білдіреді.

Еремия 1:1
Мұнда Бунямин руының жеріндегі Анатотта тұрған діни қызметкерлердің бірі — Хелкия ұлы Еремияның пайғамбарлық сөздері берілген.

Жаратылыс 10:22
Шамның ұлдары: Елам, Ассур, Арпақсат, Луд, Арама.

Езра 4:7
Осыдан кейін, Артақсерікс парсы еліне патшалық құрып тұрған заманда да, Бишлам, Митредат, Табеил және олардың қызметтестері арамей тілінде жазылған төмендегі хатты жіберді. Хат патша үшін (парсы тіліне) аударылды.

Матай 10:3
Філіп пен Барталмай; Тома мен салықшы Матай; Әлпей ұлы Жақып және Тадей (деген Лебей);

Актілер 2:9
Арамызда парттар, мидиялықтар және еламдықтар бар, Месопотамия, Яһудея және Қападоқияда, Понтус пен Азия,

Леуіліктер 11:5
Майбасар күйіс қайырса да, ашатұяқты емес, сол себепті оның еті сендер үшін арам.

Уағыздаушы 1:1
Мұнда Иерусалимде патша әрі даналықты уағыздаушы болған Дәуіт ұлының сөздері берілген.

Көшіп Шығу 30:34
Жаратқан Ие Мұсаға тағы мынаны бұйырды: — Әрқайсысынан бірдей мөлшерде етіп мынадай хош иісті заттарды дайындап ал: жұпар иісті шайыр тамшылары, қабыршақ, халбан шайыры, хош иісті дәмдеуіштер және таза ладан шайыры. Осы хош иісті заттардың әрбіреуінен бірдей мөлшерде ал.

Әйүп 9:9
Ол аспандағы Жетіқарақшы, Көгалдай мерген Үркерді де, оңтүстік аспаннан көрінетін шоқжұлдыздарды да жаратты.

Актілер 6:5
And what they said pleased the whole gathering, and they chose Stephen, a man full of faith and of the Holy Spirit, and Philip, and Prochorus, and Nicanor, and Timon, and Parmenas, and Nicolaus, a proselyte of Antioch.

Аян 1:11
saying, "Write what you see in a book and send it to the seven churches, to Ephesus and to Smyrna and to Pergamum and to Thyatira and to Sardis and to Philadelphia and to Laodicea."

1 Патшалықтар 8:13
I have indeed built you an exalted house, a place for you to dwell in forever."

Белгі 3:23
And he called them to him and said to them in parables, "How can Satan cast out Satan?

Ешуа 24:15
And if it is evil in your eyes to serve the LORD, choose this day whom you will serve, whether the gods your fathers served in the region beyond the River, or the gods of the Amorites in whose land you dwell. But as for me and my house, we will serve the LORD."

English Standard Version (ESV)
The Holy Bible, English Standard Version. ESV® Permanent Text Edition® (2016). Copyright © 2001 by Crossway Bibles, a publishing ministry of Good News Publishers.