A A A A A

Additional: [Cannibalism]


Еремия 19:9
Мен олардың жандарын алмақшы жаудың елге басып кіріп, қаланы қоршап алуына жол беремін. Сонда Мен аштықтан қатты қиналып не істерін білмей қысылып отырған оларға өз ұл-қыздары мен достарының етін жегіземін!

Езекиел 5:10
Сонда сендегі әкелер өз балаларының, ал балалары әкелерінің етін жейтін болады. Осылай Мен саған жазаңды тартқызамын. Содан тірі қалған адамдарыңның бәрін дүниенің шартарабына шашыратып жіберемін.

Леуіліктер 26:29
Сендер әбден ашыққаннан өз ұл-қыздарыңның етін жейтін боласыңдар.

2 Патшалықтар 6:28-29
[28] — Жарайды, не айтайын деген едің, айта бер, — деп қосты. Әйел былай деді: — Мына әйел маған: Сенің балаңды бүгін жейік, менікін ертең жейміз деп ұсынған еді.[29] Осылайша менің баламды екеуіміз асып жедік. Келесі күні мен оған: Енді сен балаңды бер, жейік! десем, ол оны бір жерге тығып тастапты!

Жоқтау 4:10
Халқымның осылай күйреген кезінде Мейірімді әйелдердің өздері де Балаларын өз қолымен асып, жеді де.

Жоқтау 2:20
Қарашы, Ием, қай халыққа істедің мұндайды, Туып-өсірген балаларын әйелдер жалмайды! Қызметкер, пайғамбар өз киелі үйіңде құриды!

Қайталау 28:53-57
[53] Жауларың қалаларыңды қоршап, қыспаққа алғанда сендер шексіз азап шеккендіктен, тіпті өздеріңнің туған балаларыңды, иә, Құдайларың Жаратқан Ие сендерге сыйлаған ұл-қыздарыңның етін жейтін боласыңдар![54] Араларыңдағы ең нәзік жанды, сезімтал деген адамның өзі де енді бауырынан, отасқан әйелінен, тірі қалған балаларынан қызғанып,[55] олардың ешқайсысына да өзі жеп отырған баласының етінен бір түйір де бермейді. Себебі жау барлық қалаларыңды жан-жақтан қоршап, бастарыңа ауыр азап тудырғандықтан одан басқа жейтін еш нәрселерің болмайды.[56] Араларыңдағы ең нәзік жанды, сезімтал, талғампаздығы мен ақсаусақтығы сондай, аяғын жерге тигізбей жүріп келген әйел енді отасқан сүйікті күйеуінен, туған ұл-қызынан қызғанып,[57] жаңа туған нәрестесі мен баланың жолдасын кейін жеу үшін тығып қояды. Себебі жау барлық қалаларыңды жан-жақтан қоршап, бастарыңа ауыр азап тудырғандықтан одан басқа жейтін еш нәрселерің болмайды.

Жаратылыс 1:26-27
[26] Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.[27] Құдай оларға оң батасын беріп: Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер! — деді.

2 Қорынттықтарға 5:8
Содан жігерлі болып, осы тәнімізді тастап, Иеміздің қасында орнығуды қалаймыз.

Лұқа 16:19-26
[19] Бір кісі бай болып, қымбат қызыл шапан мен сәнді киімдер киіп, күн сайын салтанат құрып көңіл көтеретін.[20] Ал қақпасының алдында Елазар есімді бір мүсәпір жататын, оның тұла бойын іріңді жара басқан еді.[21] Мүсәпір байдың дастарқанынан түскен қалған-құтқанды жеп тойынсам деп аңсайтын. Тіпті иттер келіп, жараларын жалап кететін.[22] Ақыры мүсәпір қайтыс болып, періштелер оны Ыбырайым пайғамбардың қасына апарып салады. Бай да өліп, қабірге қойылады.[23] Ол о дүниеде азап шегіп жүріп, басын көтеріп қарағанда алыстан Ыбырайым мен оның қасында жантайған Елазарды көреді.[24] Содан ол қатты дауыспен: — Ыбырайым ата, маған қайырым қылып, Елазарды жібере көріңіз! Ол бармағының ұшын суға малып алып, тілімді салқындатсын. Мына жалынды отта қатты қиналып жатырмын, — деп жалбарынады.[25] Бірақ Ыбырайым былай деп жауап береді: — Ей, балам, есіңе түсірші: сен өміріңде әрдайым жақсылық көріп рақаттандың, ал Елазар ауыртпалық көріп, азап шегіп жүрді. Енді ол мұнда жұбаныш тапса, сен онда қиналып жатырсың.[26] Оның үстіне сендер мен біздің арамызға терең шыңырау орнатылған. Бұл жерден сендерге барғысы келгендер өтіп бара алмайды, ар жақтан бізге де өтіп келе алмайды. —

Аян 20:11-15
[11] Теңізде қаза тапқандар да, жалпы, ажалға ұшырап, о дүниеге аттанғандардың бәрі де қайта тірілді. Олар өздерінің іс-әрекеттері бойынша сотталды.[12] Бұдан кейін ажал мен о дүние тозақ отына лақтырылды. Тозақ оты екінші өлім деп те аталады.[13] Кімнің есімі Мәңгілік өмір кітабында жазылмаған болса, сол да тозақ отына лақтырылды.[14] Содан соң жаңа көк пен жаңа жерді көрдім. Себебі бұрынғы көк пен жер құрып кетіп, бұдан былай теңіз де болмады.[15] Сонда мен көктен, Құдайдың қасынан түскен қасиетті қаланы: жаңа Иерусалимді байқадым. Ол күйеуінің алдынан шығуға безеніп киінген қалыңдықтай дайындалған еді.

Қайталау 28:53
Жауларың қалаларыңды қоршап, қыспаққа алғанда сендер шексіз азап шеккендіктен, тіпті өздеріңнің туған балаларыңды, иә, Құдайларың Жаратқан Ие сендерге сыйлаған ұл-қыздарыңның етін жейтін боласыңдар!

1 Қорынттықтарға 14:34-35
[34] Қауым жиналыстарында әйелдерің үндемесін, оларға сөйлеуге рұқсат етілмеген. Заңда да айтылғандай, олар басшылық етпесін.[35] Бір нәрсе туралы сұрағылары келсе, үйде күйеулеріне сауал қойсын. Өйткені әйелдердің қауымда сөйлеулері ұят.

Лұқа 1:37
Себебі Құдайдың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас! —

Джон 1:1
Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді.

Қайталау 28:57
жаңа туған нәрестесі мен баланың жолдасын кейін жеу үшін тығып қояды. Себебі жау барлық қалаларыңды жан-жақтан қоршап, бастарыңа ауыр азап тудырғандықтан одан басқа жейтін еш нәрселерің болмайды.

1 Тімоте 2:11-15
[11] Әйелдер тыныштықпен, әр жағдайда (қауым жетекшілерінің басшылығына) мойынсұнып тәлім алсын.[12] Олардың (Құдайдың ілімі жайлы) тәлім беріп, ер адамдарға билік жүргізулеріне жол бермеймін; олар тыныш болсын.[13] Алдымен Адам ата, содан кейін Хауа ана жаратылған[14] және Адам ата емес, әйел әзәзілге алданды. Осылай ол Құдайдың бұйрығын бұзды.[15] Ал егер әйелдер сенім мен сүйіспеншілікті, қасиеттілік пен ұстамдылықты ұстанса, аналық міндетін атқарғанда (күнәнің ықпалынан) аман сақталады.

1 Тімоте ۵:۳-۱۶
[۳] Шынымен мұқтаж жесір әйелдерді құрметте.[۴] Егер жесірдің балалары не немерелері болса, онда бұлар алдымен өз отбасын қадірлеп, әке-шешелері мен ата-әжелерінің алдындағы борыштарын өтеп, өз сенімдерін іс жүзінде көрсетуді үйренсін. Өйткені бұл Құдайға ұнайды.[۵] Ал шынымен мұқтаж, жалғыз басты жесірлер бар үмітін Құдайға артып, күні-түні Оған сиынып мінажат етеді.[۶] Алайда тіршіліктің ләззатын ғана ойлайтын жесір әйел — тірі өлік.[۷] Қауымның кінәратсыз болуы үшін осыларды насихаттап үйрет![۸] Туысқандарының, әсіресе үй ішінің, қамын ойламайтын адам сенімінен бас тартқан, ол тіпті Құдайға сенбейтіннен де жаман.[۹] Жасы алпыстан асқан, күйеулеріне адал болған жесірлер ғана таңдалып, арнайы тізімге тіркелсін.[۱۰] Олардың жасаған игі істері белгілі болулары керек, мысалы, балаларын тәрбиелеуі, қонақжайлылық танытуы, Құдайдың адамдарына қарапайым қызмет көрсетуі, бейшараларға көмектесуі, игілікті іс атаулының бәріне де өздерін арнауы.[۱۱] Жастай жесір қалған әйелдерді бұл тізімге қабылдама. Олар тәндік құмарлықтарының жетегіне еріп, Мәсіхке берілгендігінен безсе, күйеуге шыққылары келеді.[۱۲] Осылай олар алдыңғы уәделерін бұзып, айыпталуға душар болады.[۱۳] Мұнан басқа, өздері жұмыс жасамайтындықтан, уақытты бос өткізіп, үй-үйді аралауды әдетке айналдырады. Олар еріншек болып қана қоймай, мылжыңмен әуестеніп, өзгенің жұмыстарына араласып, сөз қылуға болмайтын нәрселерді айтатын болады.[۱۴] Сондықтан мен жас жесірлердің күйеуге шығып, балалы болып, үй шаруасын басқаруларын қалаймын. Солай олар дұшпанымыздың жамандауына жол бермеуге тиіс.[۱۵] Кейбіреулері дұрыс жолдан тайып, шайтанның жетегіне еріп кетті ғой.[۱۶] Егер сенуші (ер адамның не) әйелдің отбасында жесірлері болса, соларды қауымның иығына артып қоймай, өзі көмектессін. Сонда қауым шынымен мұқтаж жесірлерге көмектесе алады.

1 Қорынттықтарға ۱۱:۲-۱۶
[۲] اما‌ای برادران شما را تحسین می‌نمایم ازاین جهت که در هرچیز مرا یاد می‌دارید و اخبار رابطوری که به شما سپردم، حفظ می‌نمایید.[۳] اما می‌خواهم شما بدانید که سر هر مرد، مسیح است و سر زن، مرد و سر مسیح، خدا.[۴] هرمردی که سرپوشیده دعا یا نبوت کند، سر خود رارسوا می‌نماید.[۵] اما هر زنی که سر برهنه دعا یانبوت کند، سر خود را رسوا می‌سازد، زیرا این چنان است که تراشیده شود.[۶] زیرا اگر زن نمی پوشد، موی را نیز ببرد؛ و اگر زن را موی بریدن یا تراشیدن قبیح است، باید بپوشد.[۷] زیراکه مرد را نباید سر خود بپوشد چونکه او صورت و جلال خداست، اما زن جلال مرد است.[۸] زیراکه مرد از زن نیست بلکه زن از مرد است.[۹] و نیزمرد بجهت زن آفریده نشد، بلکه زن برای مرد.[۱۰] از این جهت زن می‌باید عزتی بر سر داشته باشد به‌سبب فرشتگان.[۱۱] لیکن زن از مرد جدانیست و مرد هم جدا از زن نیست در خداوند.[۱۲] زیرا چنانکه زن از مرد است، همچنین مرد نیزبوسیله زن، لیکن همه‌چیز از خدا.[۱۳] در دل خود انصاف دهید: آیا شایسته است که زن ناپوشیده نزد خدا دعا کند؟[۱۴] آیا خودطبیعت شما را نمی آموزد که اگر مرد موی درازدارد، او را عار می‌باشد؟[۱۵] و اگر زن موی درازدارد، او را فخر است، زیرا که موی بجهت پرده بدو داده شد؟[۱۶] و اگر کسی ستیزه گر باشد، ما وکلیساهای خدا را چنین عادتی نیست.

Persian Bible 1895
Public Domain: 1895