A A A A A

Additional: [Broken Heart]


1 Қорынттықтарға 13:7
Ол әрдайым қорған болып, ұдайы сенеді, Үмітін еш үзбей, бәріне де шыдайды.

1 Петір 5:7
Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!

1 Самуел 16:7
Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой. Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады, Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады.

2 Қорынттықтарға 5:7
Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз.

2 Қорынттықтарға 12:9
Бірақ Ол маған былай деді: Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады. Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.

Еврейлерге 13:5
Ақшақұмар болмай өмір сүріп, қолдағы барды қанағат тұтыңдар! Құдай: Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын, — деген ғой.

Ишая 6:1
Ұзиях патша қайтыс болған жылы мен аса дәріптелген, заңғар биік тағында отырған Тәңір Иенің аянын көрдім. Оның салтанатты шапанының етегі киелі үйдің ішін алып жатты.

Ишая 41:10
Қорықпа, Мен саған жар боламын, Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін, Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.

Ишая 57:15
Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын.

Еремия 29:11
Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. —

Джон 3:16
Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.

Джон 12:40
Ол көздерін соқыр, жүректерін қасарысқан сезімсіз қылған. Сол себептен көздері көрмейді, жүректері түсінбейді, өздері теріс жолдарынан қайтпайды. Әйтпесе оларды рухани дертінен сауықтырар едім.

Джон 14:1
— Көңілдерің толқымасын! Құдайға сеніңдер және Маған да сеніңдер!

Джон 14:27
Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар.

Джон 16:33
Мен бұларды сендер Менімен тығыз байланыста тұрып, тыныштыққа кенелсін деп айттым. Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым!

Лұқа 24:38
Бірақ Иеміз: Неліктен абыржып тұрсыңдар? Көңілдеріңде неге сондай ой туады?

Белгі 11:23
— Құдайға сеніңдер! Сендерге шындығын айтайын: біреу мына тауға Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл! деп, айтқан сөзінің іске асатынына жүрегінде еш күмәнданбай сенсе, сол өтініші орындалады.

Матай 5:8
Жүректері пәк тазалар бақытты: Олар Құдайды көретін болады!

Матай 11:28
Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!

Нақыл Сөздер 3:5
Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.

Забур 34:18
Мен үлкен жиында Сені даңқтаймын, Көп халықтың алдында Сені мақтаймын.

Забур 51:17
Ал оларды қорқыныш құрсаулайтын болады, Қауіп-қатер жоқ жерде үрейлері ұшады. Тап берген жауыңның сүйектерін Құдай шашады, Сен масқаралайсың Құдай бас тартқан оларды.

Забур 55:22
Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді, Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді.

Забур 147:3
Таңдаулы астықпен оны тойындырады, Шекараңа бейбітшілік орнатады.

Аян 21:4
Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды.

Римдіктер 8:28
Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді, себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алды.

Римдіктер 12:2
Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.

Нақыл Сөздер 4:23
Ең бастысы, таза сақта жүрегіңді, Өйткені ол — өміріңнің қайнар көзі.

Нақыл Сөздер 3:5-6
[5] Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.[6] Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.

1 Қорынттықтарға 6:19-20
[19] Әлде денелеріңнің Киелі Рух мекендейтін киелі үй екенін білмейсіңдер ме? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңнан орын алды. Енді өз меншіктерің емессіңдер,[20] Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!

Філіпіліктер 4:6-7
[6] Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер![7] Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.

Матай 11:28-30
[28] Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін![29] Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, Тыныштық табады сонда көңілдерің.[30] Себебі ыңғайлы — қамытым Менің, Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім.

Забур 34:1-22
[1] (Дәуіттің жыры.) Менімен ерегісіп келгендермен Сен Өзің ерегісе гөр, уа, Ием. Маған қарсы күресіп келгендермен Сен Өзің күресе гөр, уа, Ием.[2] Сауыт киіп, қалқаныңды қолыңа алшы, Мені қолдап айқасуға дайындалшы.[3] Семсер суырып, қуғыншыларды бөгеші, Мен Құтқарушыңмын! деп жаныма жігер берші.[4] Жанымды алмақ жаулар ұятқа қалсын, Мені құртуға әрекет еткендер жасырын Енді кері қайтып, әбден масқаралансын![5] Олар жел өтіндегі қауыздай шашырасын, Жаратқанның періштесі айдап шықсын,[6] Жолдары қараңғы да тайғақ болсын, Иә, Жаратқанның періштесі қуғындасын![7] Өйткені олар жазықсыз маған тор құрды, Еш айыпсыз маған арнап ор қазды.[8] Сондықтан оларға кенет ажал жетсін, Маған құрған торына өздері түссін, Осылайша өз бастары құрып кетсін.[9] Сонда мен Жаратқанға шаттанамын, Мені құтқарған Иеме қуанамын,[10] Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын: Күшсіз жанды күштіден қорғайтын, Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтын Саған кім тең келер, уа, Жаратқаным?[11] Ал мені айыптайды жалған куәлар, Мен білмейтін жайттарды тергеп сұрар.[12] Жақсылығыма жамандықпен қайтарар, Жан дүниемді қаңыратып бос қалдырар.[13] Ал олар ауырған кезде мен де қайғырдым, Ораза ұстап жанымды қалжыраттым, Жаратқанға олар үшін жалбарындым. Жауапсыз қайтқанда сол мінажатым,[14] Олар үшін дос-жарандай қамықтым, Анамды жоқтағандай бас иіп қайғырдым.[15] Алайда мен сүрінгенде олар қуанды, Айыптауға маған қарсы жиналды, Бейхабар мені үздіксіз даттады,[16] Арсыз мазақтаушылармен бас қосты, Маған қарсы тістерін қайрап бақты.[17] Уа, Жаратқан, бұған төзесің қашанғы? Сол кәрлі арыстандардан жалғыз жанымды Құтқаршы, һәм зұлымдықтарынан ғұмырымды.[18] Мен үлкен жиында Сені даңқтаймын, Көп халықтың алдында Сені мақтаймын.[19] Себепсіз жауым болған жандар қуанбасын, Кінәсіз мені жек көргендер табаламасын![20] Татулық сөзін олар еш қозғамайды, Елдегі бейбіт жұртқа сұмдық жоспарлайды.[21] Арандарын кең ашып маған мін тағады: Рас, біз сенің жамандық жасағаныңды Өз көзімізбен көрдік деп айыптайды.[22] Уа, Жаратқан, мұны көрдің, үнсіз қалма, О, Ием, Сен менен еш қашықтама,

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010