A A A A A

Additional: [Alcohol]


1 Петір 4:3
Өткен кезде сендер ұзақ уақыттарыңды Оған мойынсұнбайтындарға ұнайтынды жасап өткіздіңдер: өмірлерің жүгенсіздік, нәпсіқұмарлық, маскүнемдік, ырду-дырду ойын-сауықтар, мас жын-ойнақтармен және Құдайға жек көрінішті жалған тәңірлерге құлшылық етумен өтіп келді.

1 Тімоте 5:23
Айтпақшы, әлсіз асқазаныңа және жиі сырқаттануыңа бола бұдан былай тек су ғана ішпей, аздап шарап та іш.

Уағыздаушы 9:7
Кәне, жүр, Құдай істеп жатқан істеріңді құптағандықтан наныңды қуана жеп, сусыныңды шаттана іш. Өйткені Құдай осы істеріңді құптайды.

Ефес 5:18
Арақ-шарап ішіп, мас болмаңдар, бұл жүгенсіздікке апарады! Қайта, Киелі Рухқа кенеле беріңдер!

Нақыл Сөздер 20:1
Шарап — қорлағыш, сыра — даурықтырғыш, Ішімдікке салынған әркім ақылсыз.

Нақыл Сөздер 23:31
Сен шараптың қалай қызарып, Тостағанда құбыла жалтырап, Бірқалыпты жұмсақ жұтылғанына Лайым қызықтап қарайтын болма!

Римдіктер 13:13
Күндізге жарасатындай әдетпен өмір сүрейік: шектен тыс той-думанға, маскүнемдікке, неке адалдығын бұзуға, азғындыққа, дау-дамайға әрі күндестікке салынбайық!

Нақыл Сөздер 31:4-5
[4] Уа, Лемуел, Патшаларға шарап ішу жарамас, Әміршілерге ішімдік аңсау жараспас.[5] Ал ішетін болса, заң ережесін ұмытар, Қаналғандардың құқығын теріске бұрмалар.

Забур 104:14-15
[14] Ал Құдай ешкімге соларды жәбірлетпеді, Олар жайлы патшаларға қатаң ескертті:[15] Тағайындағандарыма еш тиіспеңдер, Пайғамбарларыма зұлымдық істемеңдер!

1 Қорынттықтарға 10:23-24
[23] Бәрін істеуге болады, — дейсіңдер. Бірақ бәрі бірдей тиімді емес. Бәрін істеуге болады. — Бірақ бәрі бірдей сенімдеріңді жетілдірмейді.[24] Әркім жеке басының емес, басқаның мүддесін ойлауы керек.

Ишая 62:8-9
[8] Жаратқан Ие ант етіп, мынадай уәде берген еді, соны Өзінің құдіретті оң қолымен ешбір шүбәсіз іске асыратын болады: — Енді қайтып сені жауларыңа жеңілдірмеймін! Оларға астығыңды тамақ етіп тапсырмаймын, әрі ауыр еңбек сіңіріп шығарған жүзім шырыныңнан да бөтен елдіктерге тегін ішкізбеймін![9] Қайта, өнімді жинағандар жеп, Маған, Жаратқан Иеге, шүкірлік етпек. Жүзімді жинағандар да оның шырынын Менің киелі үйімнің ауласында мейрамдап ішетін болады.

Ғалаттықтар 5:19-21
[19] Ескі күнәкар болмысымыздан туындайтын қылықтар белгілі, бұлар: неке адалдығын бұзу, азғындық және ұстамсыздық;[20] жалған тәңірлерге табынушылық пен сиқыршылық; қаскөйлік, ұрыс-керіс, қызғаныш, ашу-ыза, жеке бастың абыройын ойлау, алауыздық туғызу, жік салу,[21] күншілдік, кісі өлтіру, маскүнемдік, жүгенсіздік және сол сияқтылар. Бұлар жайлы сендерге былай деп ескертемін, бұрын да ескерткенмін: мұндаймен айналысатындарға Құдайдың Патшалығында орын жоқ.

1 Қорынттықтарға 9:19-23
[19] Мен бүкіл адамдардан тәуелсіз болсам да, олардың барынша көбін Мәсіхтің жолына түсіру үшін өзімді барлығының құлы еттім:[20] яһудилерді сол жолға түсіру үшін араларында яһуди сияқты өмір сүремін; Таурат заңына бағынған оларды Мәсіхке әкелу үшін, өзім Тауратқа бағынышты болмасам да, араларында Тауратқа бағынатындай жүріп-тұрамын.[21] Таурат заңын білмейтін басқа халықтарды Мәсіхке әкелу үшін Тауратты білмейтіндей араларында өмір сүремін. Бұл, Құдайдың заңынсыз жүремін деген сөз емес, шынында мен Мәсіхтің өсиеттеріне мойынсұнып келемін.[22] Сенімі әлсіздерді әкелу үшін соларға ұқсап өмір сүремін. Әртүрлі адамдар арасында оларға бейімделудемін. Осылай мен ең болмағанда бірсыпырасын құтқаруға ұмтыламын.[23] Осының бәрін Ізгі хабардың таралуы үшін істеп жүрмін, содан мен оның игілігінен үлесімді алатын боламын.

Римдіктер 14:15-21
[15] Ал егер сенің ондай тамақты жеуің бауырласыңның ар-ұжданы мен сеніміне нұқсан келтірсе, бұл ісің сүйіспеншілікке жатпайды. Тамаққа бола бауырласыңды теріс жолға түсірме! Мәсіх өз жанын сол бауырласың үшін де құрбан етті.[16] Істеріңе бола жұрттың Ізгі хабарды ғайбаттауына жол бермеңдер![17] Құдайдың Патшалығы ішіп-жеуде емес, Киелі Рухтың күшімен әділ, өзара тату, қуанышты өмір сүруде.[18] Мәсіхке осылай қызмет еткендер Құдайға ұнамды, адамдарға қадірлі болады.[19] Ендеше өзара тату жүріп, бір-біріміздің рухани өсуімізге көмектесетіннің барлығына жан-тәнімізбен ұмтылайық![20] Жейтін тамаққа бола бауырластардың өміріндегі Құдайдың ісін бұзба! Әрине, тамақтың бәрі де адал, бірақ біреудің кейбір тағамды ішіп-жеуі басқа сенушілердің өз ар-ұждандарына қайшы іс істеулеріне түрткі болуы дұрыс емес![21] Егер ет жеу, шарап ішу немесе басқа нәрсе істеу бауырласыңның сенім жолынан тайып, азғындыққа елігіп, рухани әлсіреуіне себеп болса, ондай нәрселерден бас тартқаның жөн.

Джон 2:3-11
[3] Шарап таусылып қалып, Исаның шешесі Оған: — Олардың шарабы қалмады, — деді.[4] Иса: — Апа, Маған оны не үшін айтасыз? (Керемет жасау үшін көктегі Әкем белгілеген) уақытым әлі келген жоқ, — деп жауап берді.[5] Дегенмен шешесі қызметшілерге: Ол не айтса, соны істеңдер! — деп тапсырды.[6] Сол жерде яһудилердің дәстүрі бойынша діни тазару салтына арналған, ішіне он шелектей су сыятын алты тас күбі тұр еді.[7] Иса қызметшілерге: Күбілерді суға толтырыңдар! — деген тапсырма берді. Олар күбілерді суға ернеулете толтырды.[8] Аздап алып, асабаға апарыңдар! — деді Иса. Олар апарып беріп,[9] асаба шарапқа айналған әлгі суды татып көрді. Бірақ асаба оның қайдан екенін білген жоқ, мұны тек суды шөміштеп алған қызметшілер ғана білетін. Асаба таңғалды да, күйеу жігітті шақыртып алып:[10] Әркім алдымен жақсы шарабын құяды, қонақтар қызып алған кезде оның төмендеу түрін береді. Ал сен ең жақсысын осы уақытқа дейін сақтап қойыпсың! — деді.[11] Осылай Иса кереметтерінің алғашқысын Ғалилеядағы Қана қаласында жасап, Өзінің ұлылығын көрсетті. Содан шәкірттері Оған сенді.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010