Киелі таңдаулар
|
|
Ескі Өсиет
|
|
Жаңа Өсиет
|
|
|
|
Қазақстандық Киелі кітап 2010
|
|
|
|
1 |
Құдайдың және Иеміз Иса Мәсіхтің басыбайлы қызметшісі Жақыптан дүние жүзіне тарап кеткен Исраилдің он екі руына дұғай сәлем! |
2 |
Бауырластарым менің, сендер алуан түрлі қиын сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар. |
3 |
Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер. |
4 |
Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды. |
5 |
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады. |
6 |
Тек шүбәланбай, сеніммен Құдайдан сұрауларың керек. Себебі күмәнданған адам жел айдап, соқтығысқан теңіз толқынына ұқсас. |
7 |
Мұндай кісі Жаратқан Иеден бір нәрсе аламын деп күтпесін: |
8 |
ол — екіойлы, барлық іс-әрекетінде тұрақсыз адам. |
9 |
Қарапайым бауырластарың Құдай алдындағы жоғары дәрежесімен, |
10 |
ал бай адам қарапайым дәрежесімен мақтансын. Өйткені пенде шөп арасындағы жабайы гүл іспетті бірден құрып кетпек. |
11 |
Күн шығып, аптап ыстық басқанда шөп қурап, гүл де солып, бар сұлулығынан айырылады. Дәл солай, бай адам да бұ дүниедегі іс-әрекетімен шұғылданып жүргенде-ақ қалжырап, құрып кетпек. |
12 |
Қиын сынақты төзімділікпен басынан өткізіп жатқан әркім бақытты! Содан өтіп, сенімді екендігі дәлелденгеннен кейін, ол бәйге жүлдесіндей шынайы өмірдің тәжін иемденбек. Мұны Жаратқан Ие Өзін сүйгендерге сыйлауға уәде етті. |
13 |
Күнәға еліккен ешқайсың да: Құдай мені еліктіреді деп айтпаңдар! Құдай күнәға еш елікпейді де, ешкімді еліктірмейді де. |
14 |
Қайта, адамды өзінің құмарлықтары еліктіріп, ол солардың жетегінде кеткенде сынақтан өтеді. |
15 |
Сонда құмарлыққа берілсе, сол күнәні тудырады, ал күнә жасау рухани өлімге ұшыратады. |
16 |
Сүйікті бауырластарым, алданып қалмаңдар: |
17 |
көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ. |
18 |
Ол шынайы хабары арқылы бізге мәңгілік өмір сыйлап, Өзінің жаңа жаратылысындағы тұңғыш рухани балалары болуымызды қалады. |
19 |
Ал енді, сүйікті бауырластарым, мынаны ескеріңдер: Әркім тыңдауға жүйрік, ал сөйлеуге шабан, ашулануға баяу болсын. |
20 |
Ашу-ызаның жетегіндегі адам Құдайға ұнайтын әділ істерді жасай алмайды. |
21 |
Ендеше, өздеріңде қалған барлық арамдық пен жамандық атаулыны тастаңдар, жүректеріңе себіліп жатқан Ізгі хабарды кішіпейілділікпен қабылдаңдар! Ол сендерді күнәнің құлдығынан құтқара алады. |
22 |
Құдайдың айтқандарын құр естуші ғана болмай, оларды іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар. |
23 |
Өйткені Тәңір Иенің хабарын естігенмен, оны іске асырмайтын адам айнаға қарап, бет әлпетін көрген біреуге ұқсайды: |
24 |
ол өзіне байыппен қарайды, бірақ былай шыға бере-ақ өз түрін ұмытып қалады. |
25 |
Ал кім кемелді тәлімге, яғни күнәнің құрсауынан азат ететін Ізгі хабарға, ұқыпты ден қойып, онысын ұдайы жалғастыра берсе, сол ұмытшақ тыңдаушы емес. Қайта, ол естігендерін жүзеге асырушы болып, іс-әрекетінде жарылқанбақ. |
26 |
Өзін діншілмін деп санағанмен, тіліне ие бола алмайтын әркім өзін-өзі алдап жүр. Оның діншілдігі еш пайдасыз. |
27 |
Құдай Әкеміздің алдындағы таза да мінсіз діншілдік мынау: мұқтаждық көрген жетім-жесірлердің қамын ойлау және өзін осы дүниелік арамдықтардан кіршіксіз пәк ұстау. |
Kazakhstan Bible 2010 |
Public Domain: No Info 2010 |