Ескі Өсиет
Жаңа Өсиет
Қазақстандық Киелі кітап 2010
← 27

Забур 28

29 →
1

(Дәуіттің жыры.) Ей, мықтылар, Жаратқанды дәріптеңдер, Иеміздің құдіретін құрметтеңдер,

2

Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер, Қасиетті салтанатпен Оған бас иіңдер!

3

Жаратқанның дауысы сулардың үстінде, Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде, Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде.

4

Жаратқанның даусы тым құдіретті, Жаратқанның даусы асқан айбатты.

5

Оның даусы самырсынды сындырады, Ливанның самырсындарын құлатады,

6

Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді, Хермон тауын жас бұқадай сілкінтеді.

7

Жаратқанның дауысы от-жалын шашады,

8

Оның дауысы иен даланы шайқалтады, Қадештегі айдаланы да сілкінтеді.

9

Жаратқанның дауысы емендерді сілкілейді, Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді. Киелі үйінде бәрі Ұлылық! деп айтады.

10

Жаратқан топан су үстінде тақта отырады, Жаратқан патша болып мәңгі тақта отырады.

11

Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады, Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010