Ескі Өсиет
Жаңа Өсиет
Қазақстандық Киелі кітап 2010
← 136

Забур 137

138 →
1

(Дәуіттің жыры.) Шын жүректен, уа, Ием, Сені дәріптеймін, Періштелер алдында әндетемін.

2

Киелі үйіңе қарай иілемін, Берік рақымың мен адалдығың үшін Сенің атыңа шүкіршілік етемін, Өйткені дүниеде бар нәрселерден Атың мен сөзіңді жоғары қойдың Сен.

3

Мінажат еткенімде жауап бердің, Жігер беріп, жанымды берік еттің.

4

Уа, Ием, естігенде аузыңнан шыққан сөзіңді Жердің бар патшалары мадақтасын Өзіңді,

5

Олар әнге салсын Жаратқанның жолдарын, Өйткені шексіз зор — ұлылығы Оның!

6

Жаратқан Ие бәрінен де жоғары, Ал кішіпейілге Ол назар аударады, Тәкаппар адамды да алыстан ұғады.

7

Жүрсем де қақ ортасында қиын жағдайдың, Уа, Ием, жанымды аман сақтайсың, Кәрлі жауларыма қарсы қол жұмсайсың, Мені құдіретіңмен қолдап-қорғайсың.

8

Осыны істейді мен үшін Жаратқан, Рақымың, уа, Ием, ұласады әрқашан, Бас тартпа бізден, өз жаратылысыңнан.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010