Ескі Өсиет
Жаңа Өсиет
Қазақстандық Киелі кітап 2010
← 9

Езра 10

1 →
1

Езра осылай мінажат етіп жылап, Құдайдың киелі үйінің алдында сиынып, күнәларды мойындап етпетінен жатты. Сол кезде оның айналасына исраилдіктердің ер адамдар, әйелдер және балалардан тұратын өте үлкен жамағаты жиналды. Олар да зар еңіреп жылаумен болды.

2

Сонда Еламның ұрпақтарының бірі — Ехиел ұлы Шеханиях Езраға тіл қатып былай деді: Рас, біз айналамыздағы бөтен жұрттықтардан әйел алып, Құдайымызға опасыздық жасадық. Бірақ та Исраил үшін әлі де үміт бар.

3

Қазір-ақ Құдайымызбен Келісім жасайық! Біздің мырзамыз — сіздің ақыл-кеңесіңіз және Құдайдың өсиеттерін терең қастерлейтін басқалардың да ақыл-кеңесі бойынша былай істейік: Сондай әйелдердің бәрін олардың туған балаларымен бірге қоя берейік. Бұл Таурат заңына сәйкес істелсін.

4

Енді орныңыздан тұрыңыз, бұл міндет сіздің мойныңызда. Біз сізді қолдайтын боламыз. Осы істі батыл жүзеге асырыңыз!

5

Сонда Езра орнынан тұрды да, алдымен аға діни қызметкерлерге, леуіліктерге және барлық басқа исраилдіктерге осы айтылғандарды істеуге ант бергізді. Олар ант берді.

6

Мұнан кейін Езра Құдайдың киелі үйінің алдында тұрған орнынан кетіп, Елияшип ұлы Жохананның ғибадатханадағы бөлмесіне барды. Бабылға жер аударылудан қайтып келгендердің опасыздығына қатты қайғырғанынан Езра сол бөлмеде болған кезінде аузын бекітіп, нан да жемеді, су да ішпеді.

7

Содан соң басшылар бүкіл Яһуда аймағы мен Иерусалим қаласында жар салып, мынаны хабарландырды: Жер аударылудан қайта оралған яһудилер Иерусалимде жиналуға міндетті!

8

Кімде-кім үш күннің ішінде келмесе, басшылар мен ақсақалдардың шешімі бойынша содан бар мал-мүлкі тартып алынып, Құдайға бағышталып жойылады. Ал өзі жер аударылудан қайта оралған яһудилердің қауымынан аластатылады.

9

Сонда Яһуда мен Буняминнің күллі тұрғындары үш күннің ішінде Иерусалимге жиналды. Бұл тоғызыншы айдың жиырмасыншы күні болды. Халықтың бәрі Құдайдың киелі үйінің алдындағы аулада бас қосты. Олар осы оқиғаға және жауған жауынға бола дірілдеп тұрды.

10

Діни қызметкер Езра орнынан тұрып, оларға былай деді: — Сендер (Жаратқан Иеге бағынбайтын) бөтен жұрттық әйел алып, опасыздық жасадыңдар. Осылай сендер Исраилдің кінәсін одан әрі арттыра түстіңдер.

11

Ал енді ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иенің алдында күнәларыңды мойындаңдар! Осы елдегі бөтен халықтардан және өздеріңнің жат бөтен жұрттық әйелдеріңнен бөлініп, Жаратқан Иенің еркін орындаңдар!

12

Сонда бүкіл жамағат қатты дауыспен былай деп жауап берді: — Сіздікі дұрыс. Сіз қалай айтсаңыз, солай істеуге міндеттіміз.

13

Бірақ мұнда халық көп. Қазір жылдың жаңбыр жауатын мезгілі, сондықтан далада тұра беруге болмайды. Оның үстіне бұл — бір-екі күннің ішінде істей салуға болатын нәрсе емес. Өйткені арамыздағы көбіміз осындай күнә жасадық.

14

Құдайымыздың осы себептен тұтанған қаһарының бетін қайтару үшін біздің басшыларымыз бүкіл қауымның өкілі болып бұл жерде қалсын. Ал бөтен жұрттық әйел алған әркім өз қаласының ақсақалдары, төрешілерімен бірге белгіленген мезгілде осында қайтып келсін.

15

Бұл ұсынысқа тек Асахил ұлы Жонатан мен Тикуах ұлы Яхзеях қана қарсы болды. Мешулам және леуілік Шабтай оларды қолдады.

16

Әйтсе де жер аударылудан қайта оралғандар солай істемек болып келісті. Діни қызметкер Езра барлық әулеттерден басшыларын таңдап алып, аттарын атап белгіледі. Содан олар оныншы айдың бірінші күні осы мәселені қарауға отырды.

17

Бұдан кейінгі жылдың бірінші айының бірінші күні олар (Жаратқан Иеге бағынбайтын) бөтен жұрттық әйел алғандардың мәселесін қарап бітірді.

18

Діни қызметкерлердің бөтен жұрттық әйел алғандары мыналар болды: Ехосадық ұлы Ешуа мен оның бауырларының ұрпақтарынан: Мағасиях, Елиезер, Жарип, Ғодалиях.

19

Олар сол әйелдерін қайтарып жіберуге қол беріп уәделесіп, өз кінәларын мойындады, әрі соның айыбын өтеу үшін бір қошқардан шалып Жаратқан Иеге ұсынды.

20

Имердің ұрпақтарынан: Ханани, Забадиях.

21

Харымның ұрпақтарынан: Мағасиях, Ілияс, Шемаях, Ехиел, Ұзиях.

22

Пашхурдың ұрпақтарынан: Елихоенай, Мағасиях, Ысмағұл, Нетанел, Жозабад, Еласах.

23

Леуіліктерден: Жозабад, Шимеях, Келита деп те аталатын Келаях, Петахиях, Яһуда, Елиезер.

24

Әншілерден: Елияшип. Қақпа күзетшілерінен: Шаллум, Телем, Ұри.

25

Басқа исраилдіктерден: Пароштың ұрпақтарынан: Рамиях, Изиях, Малқиях, Миямин, Елазар, Хашабиях, Бенаях.

26

Еламның ұрпақтарынан: Маттаниях, Зәкәрия, Ехиел, Әбди, Еремот, Ілияс.

27

Заттудың ұрпақтарынан: Елихоенай, Елияшип, Маттаниях, Еремот, Зауад, Ғазиз.

28

Бебайдың ұрпақтарынан: Жоханан, Хананиях, Забай, Атлай.

29

Банидың ұрпақтарынан: Мешулам, Маллух, Адаях, Яшуб, Шеал, Еремот.

30

Пахат-Моабтың ұрпақтарынан: Адна, Хелал, Бенаях, Мағасиях, Маттаниях, Беселиел, Бинуй, Манаса.

31

Харымның ұрпақтарынан: Елиезер, Ишиях, Малқиях, Шемаях, Шимон,

32

Бунямин, Маллух, Шемариях.

33

Хашумның ұрпақтарынан: Матынай, Мататта, Зауад, Әлипәлет, Еремай, Манаса, Шимей.

34

Басқа Банидың ұрпақтарынан: Мағадай, Ымрам, Уел,

35

Бенаях, Бидиях, Келухи,

36

Уаниях, Меремот, Елияшип,

37

Маттаниях, Матынай, Ясай.

38

Бинуйдің ұрпақтарынан: Шимей,

39

Шелемиях, Натан, Адаях,

40

Махнадбай, Шашай, Шарай,

41

Азарил, Шелемиях, Шемариях,

42

Шаллум, Амариях, Жүсіп.

43

Небоның адамдарынан: Еиел, Мататиях, Зауад, Зебинах, Яддай, Жоел, Бенаях.

44

Бұлардың бәрі (Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын) бөтен жұрттық әйел алып, кейбіреулері солардан бала көрген еді.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010