Ескі Өсиет
Жаңа Өсиет
Қазақстандық Киелі кітап 2010
← 35

Жаратылыс 36

37 →
1

Едом деп те аталатын Есаудың үрім-бұтағының шежіресі мынау:

2

Есау Қанахан елінде жергілікті үш қызға үйленді. Олардың аты-жөндері мынау: хеттік Елонның қызы Адах, Анахтың қызы, хевтік Сибеонның немересі Охолибама,

3

бұлардан кейін Есау тағы Ысмағұлдың қызы, Набайоттың қарындасы Басематты да әйелдікке алды.

4

Адах Есауға Елипазды, Басемат Рәгуелді,

5

әрі Охолибама Егуш, Яғлом, Қорах есімді ұлдарды туып берді. Бұлар Есаудың Қанахан елінде дүниеге келген ұлдары.

6

Есау әйелдерін, ұлдары мен қыздарын, үйіндегі барлық қызметшілерін, сонымен бірге бүкіл ірілі-ұсақты малдарын, Қанахан елінде тапқан барлық дүние-мүлкін алып, інісі Жақыптан бөлектеніп, басқа бір елге қоныс аударды.

7

Ағайынды адамдардың мал-мүлкінің көптігі соншалықты, олардың бірігіп қоныстануына жағдай болмады. Олар жат жұрттық ретінде тұрып келген жер оларды малдарының көптігінен асырай алмады.

8

Осылайша Есау, яғни Едом, Сейірдің таулы жеріне қоныс тепті.

9

Сейірдің таулы жерін мекендеген едомдықтардың түп атасы Есаудың үрім-бұтағының шежіресі мынау:

10

Есаудың ұлдарының аттары: оның әйелі Адахтан Елипаз, ал әйелі Басематтан Рәгуел дүниеге келді.

11

Елипаздың ұлдары Теман, Омар, Сефо, Ғатам, Кеназ еді.

12

Елипаздың кәнизагы Тимна оған Амалек атты ұл туып берді. Бұлар Есаудың әйелі Адахтан тараған немерелері.

13

Рәгуелдің ұлдары Нахат, Зарах, Шаммах, Миза. Бұлар Есаудың әйелі Басематтан тараған немерелері.

14

Есаудың кейінгі әйелі Охолибаманың оған сыйлаған ұлдарының аттары: Егуш, Яғлом, Қорах. Охолибама Анахтың қызы, Сибеонның немересі еді.

15

Есаудың ұрпақтарының ішіндегі рубасылар: оның тұңғыш ұлы Елипаздың ұлдары — Теман, Омар, Сефо, Кеназ,

16

Ғатам, Амалек. Едом елінде қоныстанған бұл рубасылар Елипаздың ұлдары, Есаудың Адахтан тараған немерелері еді.

17

Есаудың ұлы Рәгуелдің ұлдары — Нахат, Зарах, Шаммах, Миза. Рәгуелден тараған осы рубасылар да Едом елін мекендеді. Олар Есаудың әйелі Басематтан тараған немерелері болатын.

18

Есаудың әйелі — Анах қызы Охолибаманың ұлдары Егуш, Яғлом және Қорах та кезінде рубасылар болды.

19

Жоғарыда аталғандар Есаудың ұлдары әрі олардан тараған рубасылар. Есау Едом деп те аталады.

20

Ал хорлық Сейірдің сол елде тұрған ұлдары: Лотан, Шобал, Сибеон, Анах,

21

Дишон, Езер, Дишан. Бұлар Сейірдің ұлдары әрі Едом жеріндегі хорлықтардың рубасылары болатын.

22

Лотанның ұлдары: Хори мен Хемам, ал Тимна Лотанның қарындасы болатын.

23

Шобалдың ұлдары: Албан, Манахат, Ебал, Шефо, Онам.

24

Сибеонның ұлдары: Аях пен Анах. Айдалада әкесінің есектерін бағып жүріп, ыстық су көздерін тапқан осы Анах болатын.

25

Анахтың балалары: ұлы Дишон, қызы Охолибама.

26

Дишонның ұлдары: Хемдан, Ешбан, Итран, Керан.

27

Езердің ұлдары: Билхан, Зағауан, Ақан.

28

Дишанның ұлдары: Ус пен Аран.

29

Хорлықтардың рубасылары мыналар: Лотан, Шобал, Сибеон, Анах,

30

Дишон, Езер, Дишан. Бұлар хорлықтардың Сейір жерін мекендеп, билейтін аймақтарына қарай бөлінген рубасылары болды.

31

Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда, Едом жерінде билік құрған патшалар мыналар:

32

Беғор ұлы Бела Едомға патшалық құрды, тұрған қаласының аты Динхаба болатын.

33

Бела дүние салғанда орнына Босорадағы Зарах ұлы Жобаб патша болды.

34

Ол дүние салғанда орнына темандықтардың елінен келген Хушам патша болды.

35

Хушам дүние салғанда Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол Моаб даласында мадияндықтарды жеңіп шықты. Хушамның тұрған қаласының аты Ауит болатын.

36

Хадад дүние салғанда Масректен келген Самла патшалық құрды.

37

Самла дүние салғанда Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патша болды.

38

Саул дүние салғанда Ахбор ұлы Бағал-Ханан патша болды.

39

Ахбор ұлы Бағал-Ханан дүние салғанда Хадар патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау болатын. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб еді.

40

Төмендегілер руларына, тұрған мекендеріне, өздеріне қойылған аттарына қарай бөлінген Есаудан тараған рубасылар: Тимна, Алуа, Етет,

41

Охолибама, Ела, Пинон,

42

Кеназ, Теман, Мипсар

43

Магдиел, Ирам. Бұлар Едомнан шыққан, атамекендеріне қарай бөлінген рубасылар. Едомдықтардың түп атасы Есаудың үрім-бұтағы туралы деректер осылар.

Kazakhstan Bible 2010
Public Domain: No Info 2010