|
|
|
|
|
|
Жаңа Өсиет
|
|
|
|
Қазақстандық Киелі кітап 2010
|
|
|
|
1 |
Ыбырайым атаның ұрпағы Дәуіт патшаның әулетінен шыққан Иса Мәсіхтің ата-тегінің шежіресі былай құралған: |
2 |
Ыбырайымнан Ысқақ, Ысқақтан Жақып, Жақыптан Яһуда мен оның аға-інілері, |
3 |
ал Яһудадан Парес пен Зарах туды, олардың анасы Тамар болатын. Парестен Хесрон, Хесроннан Рам, |
4 |
Рамнан Әминадап, Әминадаптан Нағасон, Нағасоннан Салмон, |
5 |
Салмоннан Боғоз тарады, оның анасы Рахаб болатын. Боғоздан Ғабит туды, оның анасы Рут еді. Ғабиттен Есей, |
6 |
Есейден Дәуіт патша туды. Дәуіттен Сүлеймен туды, оның анасы Ұрияның бұрынғы әйелі болатын. |
7 |
Сүлейменнен Рохабоғам, Рохабоғамнан Абиях, Абияхтан Аса, |
8 |
Асадан Жосапат, Жосапаттан Жорам, Жорамнан Ұзиях, |
9 |
Ұзияхтан Жотам, Жотамнан Ахаз, Ахаздан Езекия, |
10 |
Езекиядан Манаса, Манасадан Амон, Амоннан Жосия, |
11 |
Жосиядан Ехониях пен оның аға-інілері тарады. Бұл, яһуди халқының көпшілігі Бабыл еліне жер аударылмас бұрын болған еді. |
12 |
Бабылға жер аударылғаннан кейін Ехонияхтан Салатиел, Салатиелден Зоробабел, |
13 |
Зоробабелден Әбиуд, Әбиудтен Елиәкім, Елиәкімнен Азор, |
14 |
Азордан Садық, Садықтан Әкім, Әкімнен Елиуд, |
15 |
Елиудтен Елазар, Елазардан Маттан, Маттаннан Жақып, |
16 |
Жақыптан Мәриямның күйеуі Жүсіп тарады. Ал Мәриямнан Иса дүниеге келді, Ол Мәсіх (Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша) деп те аталады. |
17 |
Осылай Ыбырайымнан Дәуітке дейін он төрт ата, Дәуіттен халықтың Бабыл еліне жер аударылғанына дейін де он төрт ата, жер аударылғаннан Мәсіхке дейін де он төрт ата болды. |
18 |
Иса Мәсіхтің дүниеге келуі былай болды: Оның анасы Мәриям Жүсіпке айттырылған еді. Ал екеуі әлі де қосылмай тұрғанда-ақ, Киелі Рухтың құдіретімен Мәриямның аяғы ауыр екендігі белгілі болды. |
19 |
Болашақ күйеуі Жүсіп әділ кісі болғандықтан, қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін ешкімге білдірмей келісімдерінен бас тартпақ болды. |
20 |
Бірақ ол осыны ойлап жүргенде Жаратқан Иенің періштесі түсінде аян беріп: Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. |
21 |
Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады, — деді. |
22 |
Мұның бәрі Жаратқан Иенің (Ишая) пайғамбар арқылы алдын ала айтқанының жүзеге асуы үшін солай болды. |
23 |
Ол былай деген: Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады. Оған Имануил, яғни Құдай бізбен бірге, деген ат қояды. |
24 |
Жүсіп оянып, орнынан тұрғаннан кейін Жаратқан Иенің періштесінің бұйрығын орындап Мәриямға үйленді. |
25 |
Ал Мәриям босанып, Ұлын тапқанша, Жүсіп онымен жақындасқан жоқ. Нәресте дүниеге келгеннен кейін Оның атын Иса деп қойды. |
Kazakhstan Bible 2010 |
Public Domain: No Info 2010 |